400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ана деген - тіршіліктің тірегі

Материал туралы қысқаша түсінік
8 -наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған ертеңгілік бағдарламасы.Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілеріне арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы





«Ана деген тіршіліктің тірегі» 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне

арналған мерекелік сценарийі

Балалар жай әуен ырғағымен залға кіреді.

Тәрбиеші: Қымбатты әжелер, аналар ,әріптестер! 8 -наурыз мерекесі құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық мереклік шат көңіл тілейміз.
Армысыздар әжелер мен аналар!
Мейірбан аппақ көңілді даналар.
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды сіздерді балаларың.

Тәрбиеші: Ару ана өмірдің асылдары
Жайнаған көңілімнің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй
Сіздер үшін мереке шашулары

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар қонақтар! Біз сіздерге мерекелік ертеңгілікпен бірге «Анаға қарап қыз өсер» атты сайысымызды тарту етеміз. Бұл сайысқа «Балдырған» тобының аналары мен кішкентай бүлдіршін қыздарымыз қатысыды.

Баян: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды қуантып
Ән маржанын шашайық Әжелерімізге арнап ән салайық

Ән «Әжетайым»

Ернұр: Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызбен!
аналарымызға арналған тақпақтарымызды тарту етеміз

Б.Айзере: Еркелесем күнім дейтін
Ұрысұаны білінбейтін
Маңдайымнан сыйпап менің
Құлыншағым күнім дейтін
Әлемдегі ақылды адам
Бәрінен сол жақын маған

Мансур:Анам жанымда жүрсе менің
Батырларша батылданам
Жамандықтан сақтандырып
Жақсылыққа мақтан қылып
Мәпелеген ақ мамамды
Жүрсем деймін шаттандырып

Айша: Айналайын анашым
Көкте күн боп жанасың
Ет жүрегің елжіреп
Қүшағыңа аласың

Бағлан:Сенен өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтамыз әрине ,
Құрметті біздің аналар!


Меруерт:
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардаұтап
Әдеппен бас иеміз:

Т.Айзере:Ақ анашым аппағым
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнімде
Өзіңізге арнаймыз биді де деп келе келесі кезекте биші қыздарымыздың
биін ұсынамыз

«Гүлдер» биі Үміт,Інжу,Сабина,Айжан,Қарлығаш,Диляра,Жния ,Аяла

Тәрбиеші:Енді,біздің аналарымыз бен кішкентай қыздарымыздың арасындағы сайысты бастамас бұрын әділқазылар алқасын тағайындайық.

(Әділқазылар алқасы тағайындалады)

1.Балабақша меңгерушісі: Айгүл Талғатқызы
2.Балабақша әдіскері: Мейрамгүл Ұлықпанқызы
3.Орыс тіл пәнінің мұғалімі: Зайла Базарбайқызы
4. Ата-ана:

Тәрбиеші: «Анаға қарап қыз өсер» атты сайысымыз 6-тапсырмадан тұрады.

1-тапсырма: Таныстыру.
2-тапсырма: «Шаш» үлгісі.
3-тапсырма:
Қол өнерлер (түрлі түсті қағаздан гул жасау) аналар
4-тапсырма:
Өнер көрсету (анасымен)
5-тапсырма:
Сән үлгісі (анасымен)
6-тапсырма:
Мерекелік ас мәзірі (салат түрі,жемістер)

Тәрбиеші: Олай болса,бүгінгі сайыскерлерімізді қошеметпен ортаға шақырайық.

ӘН: « Аяулы анашым» қыздарымыздың орындауында.

Тәрбиеші: Біздің сайыскерлеріміздің 1-ші тапсырмасы «Таныстыру».

Ән: « Ақ мамам» әні орындалады.

Тәрбиеші: Сайыскерлеріміздің 2-ші тапсырмасы «Шаш»үлгісін көрсету. (Әділқазылар шаш үлгісін қарайды)

Би: Вальс Ернұр ,Нұрали,М.Аян, Алихан,Аділ.(аналарымен)
Тәрбиеші:
Балалар біздің мерекемізге қонаққа келіп тұрған сияқты.
Тосын сый: «
Көктем ханшайымы» келеді. (әуенмен)

Көктем ханшайымы: Аналарды,қыздарды мерекелерімен құттықтайды.

Тәрбиеші: Балалар кәне көктем ханшайымын ортага алып би билеп берейк

Би: «Мэрипопес» Б.Айзере,Самир,Бағлан,Айша,Маусымжан,Әсем,Баян,Әдемі,Саян

Тәрбиеші:Келесі кезекте біздің сайыскерлеріміздің 3-ші тапсырмасы ???

Көктем ханшайымы: Балалармен ойын ойнау

Ойын: «Гүл сыйлау»

Тәрбиеші: Келесі кезекте біздің сайыскерлеріміздің 4-ші тапсырмасы «Өнер көрсету»

Ата-анамен ойын: «Бір әнді әр түрлі көңіл күйде орындау»

Тәрбиеші: Келесі кезекте біздің сайыскерлеріміздің 4-ші тапсырмасы «Сән үлгісін көрсету»

Ән: «Мамин день»

Тәрбиеші:Сайыскерлеріміздің ең соңғы 6-шы тапсырмасы «Мерекелік ас мәзірі» (Салат түрі салаттын атауы ,құрамымен таныстыру)

Би: «Заманәуй би» Жаннұр,Зере,Т.Айзере,Гүлнұр

Ән «Анаға тарту»

Тәрбиеші: Ендігі сөзді әділқазыларға береміз «Анаға қарап қыз өсер» атты сайсымызды қорытындылауға (марапаттау)

Тәрбиеші: Олай болса ,құрметті қонақтар «Ана деген тіршіліктің тірегі» атты мерекелік ертенгілігімізді жақсы көңіл күймен аяқтаймыз .

Флешмоб

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 наурыз
393
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі