2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Ана деген тіршіліктің тірегі

Ана деген тіршіліктің тірегі

Материал туралы қысқаша түсінік
8 наурыз халықаралық әйелдер куніне сценари
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

8 наурыз мерекесіне орай мектеп оқушыларына арналған

"Ана деген тіршіліктің тірегі" атты сценари.

Б. Алихан :
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!

Аусар
Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.

Санжар

Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды - дей келе 5 Ә сынып ұлдарының орындауында «Келіншек»күйімен қарсы алыңыздар

Жалғас
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар, – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директор: Келгенбаева Шынар Дюсенқызына беріледі (директор сөз сөйлейді).
Е.Аян
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, - деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне ұлдарымыздың орындауында "Анажан " әнімен сахна төріне шақырамыз.

Б.Алихан : 

Биші қыздар, нұрлы таң,
Келші ортаға, жарқырап!
Қадамдарың – әсем жыр,
Билеріңмен сән құрап.

Қанат қақсын жүректер,
Әуенменен тербеліп.
Қуанышқа толтырып,
Тұрсын билеп өрленіп!

Қарсы алыңыздар,
Сахна төрінде –
Кербез де көркем,
Биші арулар! Ортаға
өзбек биімен шакырамыз. .


Аусар

Құрметті көрермендер, қыздарымызға арнау,
Сахна төрінде бүгін өнер алау!
Аян,Мерей ,Дарын ұлдарыңыз бен Альфия апаймыз қыздарымызға жүрекжарды сөздерін айтады, Қыздарға арнап, әрбірін сезіммен бөлейді.

Қали Аян

Қыздар, сіздер – жарық жұлдыздар,
Өнер мен сұлулықтың шынайы сырлары.
Қадамыңызда әлем ашылады,
Сіздермен бірге болу – ұлдардың бақыты!

Арулар – өмір көркі ғой,
Сұлулықпенен теңдес қой.
Күлкісі – таңның шапағы,
Жүздері – көктем елесі ғой.

Дарын

Қыздарым, сіздер – гүлдердей нәзік,
Шәкірттік жолда сергек, батыл әрі сезімтал.
Әрқайсың – ұлттың келешегі,
Білім мен өнердің жолына сендер жетелейсіздер!

Өмірде сендер – жарқын жұлдыздар,
Әр күніңізде жаңа арман, жаңа мақсат.
Алға қадам басып, бірге жетелік,
Ұмытылмас сәттеріміз көп болсын!

Мерей

Қыздар – бізге көктемнің гүліндей,
Әр күліп жүрген жанның күніндей.
Сезімдері нәзік, жүректері кең,
Теп-тегіс әлемді гүлдей жайнайды сен!

Қыздар – жүрекке қуаныш сыйлар,
Әр қадамда әлемді жаңғыртар.
Ұқыпты, әдемі, адал болар,
Болашақты қолдарыңмен жасар!

Б Алихан

Туған жердің топырағы өзіңдей ақ қымбатты.

Даласы мен аспаны,сезіміме жақын ақ

Тау мен өзен мөлдір, сұлу табиғат .

Сендей өскен бала шағым

Өмірімде жарық қияқ дей келе ару қыздарымызды ортаға туған жер әнімен шақырамыз.

Альфия апай

Қыздарым, сендер – сыныптың жарығы,
Білім мен тәртіптің сара жолы.
Әрбір қадамдарыңа нұр шашылып,
Жүректеріңде үміт пен сенім өседі.

Әр сабақта сендердің ақылдарың,
Қиындықты жеңуге күш береді.
Өмірде алға қойған мақсаттарың,
Менің сенімімді ақтайды, сендер – болашағымсыңдар!

Қыздарым, сіздермен әрқашан мақтанам,
Сендердің ертеңдеріңде үлкен үмітім бар.
Тек алға ұмтылып, ешқашан тоқтамаңдар,
Мен сендерге сенемін, жүректеріңде үнемі махаббат болсын! Дей келе

Олай болса қарсы алайық.
Дауыстарына сүйсініп тамсанайық.
Ерке ұлдарымыздың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!-дей отыра «Қыздар қыздар» әнімен қарсы алайық.

Санжар :
Ән айтылса ұйып тыңда жаныңмен.
Ән айтпақшы қыздарыңыз сіздерге
Өшпес ыстық, алаулаған жалынмен, - дей келе қыздарымыздың орындауында «Анаңды сүйсен менше сүй » атты әнімен ортаға шақырамыз.

Жалғас
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын баласы бар.дей келе балаларыңыздың арнауларын карсы алыңыздар.


Т.Алихан

Ана – өмір, ана – нұр,
Ана – көктем, жалын жыр.
Мейірімі күндей ыстық,
Жүрегіне бүккен сыр.

Жандос

Ана деген – ақ тілек,
Бар әлемге пәк жүрек.
Бесігімде тербетіп,
Арманымды жақ тілек.

Ж.Алихан

Анашым, жаным, бақытым,
Сізсіз өмір жақұтым.
Қуанышың көп болсын,
Жүрегіңде шаттық үн!

Ердана

Ана, менің алтын күнімсің,
Құшағыңда жайлы түнімсің.
Сенің жолыңды мен де жүремін,
Өмірде сенің ізіңмен ілгері өремін.

Сенің мейірімің менің күшім,
Сенің баталарың менің нұрым.
Ана, сен мен үшін ең қымбатсың,
Жүрегімде мәңгі бақи сақталасың.

Ерзат

Қуаныш сыйлап әр таңға,
Мейірім төгіп бар жанға.
Сәлем берем жүректен,
Аман болсын әр таңда!

Нұрислам

Ана, сенің мекенің – жүрегімде,
Сенің дауысың – менің үнімде.
Күндіз де, түнде менің ойымда,
Құшағыңда тыныштық табамын да.

Ербай

Анашым, сенің жолыңмен,
Өмірдегі барлық арманымды қуамын.
Сенің махаббатыңмен ғана,
Бақыттың шын мәнін ұғамын!

Е.Аян : Келесі кезекті күйге береміз. Сахнада ұлдарымыздың орындауында "Ерке сылқым" күйін тамашалаңыздар.
САНЖАР

АНА СЕНІҢ САБЫРЫҢ МЕН МЕЙІРІМІҢ ,

ҚИЫНДЫҚТА ДА ҰСТАП ТҰРАР КҮШІМЕН

СЕНІҢ МАХАБАТЫҢ КҮШТІ ЖАЛЫНЫНДА ,

МЕНІҢ ЖҮРЕГІМ ЖАЙ ТАБАДЫ ,СӘУЛЕНІҢ НҰРЫМЕН ДЕЙ КЕЛЕ ОРТАҒА СҰЛУ ҚЫЗДАРЫМЫЗДЫҢ ОРЫНДАУЫНДА АНАМА ӘНІ
Б.Алихан :
Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары.деп келесі кезекте Заңғар, Қуаныш,Бақдәулет,Аян ұлдарыныздың "Анаға сыр" атты поэзиялық туындысымен ортаға шақырамыз.


Заңғар

Ана, сенің жүрегіңде
Жасырын сырлар көп, мен білем.
Әрбір көзіңнің түсінде
Өмірдің тереңін көріп білем .

Қайғы мен қуаныш, ащы да, тәтті,
Барлығыңды сеземін, ана, жүрегімде.
Сенің әр сөзінде, әр үнінде
Мейірім мен жылу, тыныштық жүреді.

Бақдәулет

Ана, сенің алақаның – менің әлемім,
Қуаныш та, қайғы да – сенің сымбатты еңбегің.
Сенің күшіңде біздер тірі,
Жанымда боларсың әрдайым, менің анам!

Құшақтағанда сенің жылуыңды,
Мен сеземін тыныштықты, қолыңда бәрі бар.
Сенің сырларыңды тыңдап, ана,
Мен тек қана саған сенемін!

Қуаныш

Ана, сенің алақаның,
Жүрегіңде тек шуағың.
Бар ғаламды нұрға бөледің,
Сенсіз өмірдің мәні жоқ, аңсағаным.

Әрбір сөзіңде ізгілік,
Қолыңдағы мейірім мол.
Сенің көздеріңде жылылық,
Әлемнің барлық байлығы сол.

Ана, сенің арқаңда
Бақыт бар, тыныштық та.
Өмір жолында мен үшін
Сенің қолың – жалғыз тұғыр



Аусар

Қымбаттым, балам, менің асылым,
Сенің күлкің – менің қуанышым.
Жүрегімде мәңгі сен барсың,
Өмірдің ең әдемі гүлісің-деп біздің екінші анамыз,сынып жетекшіміз,бағыт беруші ұстазымыз Альфия апайды «Ананың тілегі» атты әнімен ортаға шақырамыз.

Санжар : 
Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып,
Биімен көрерменді тәнті ететін
Арулар келді міне толқып, тасып.

Жалғас :
Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!


Е.Аян

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.

Б.Алихан
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.

Аусар

Құрметті қонақтар, біздің бүгінгі шағын ғана мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Шуақты күндерде кездескенше! Жүргізушілер бәрі айтады қош сау болыңыздар!

31 Наурыз 2025
384
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі