400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ана деген тіршіліктің тірегі" ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ана деген тіршіліктің тірегі" Мақсаты: мерекеге байланысты көңіл күйді сезінуге үйрету; балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту; анаға, әжеге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Ана деген тіршіліктің тірегі"

Мақсаты: 8 наурыз мерекеге байланысты көңіл күйді сезінуге үйрету; балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту; анаға, әжеге сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Жүргізуші: Қымбатты аналар, әжелер, құрметті қонақтар! Бүгін біз

«8 - Наурыз» аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз.

Құтты болсын осы шаттық күніңіз,

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз!

-Біздің бүлдіршіңдер бүгін сіздерге «Көктем мерекесін» дайындады. Қанеки, қошеметпен ортаға «Күншуақ»тобын шақырып, қарсы алайық.

Музыка ырғағымен балалар кезекпен залға билеп кіреді,

орындарына отырады.

Жүргізуші:Балалар қалай ойлайсындар бүгін қандай мереке? (8-ші наурыз)

Балалар ең асыл жан кім?\Ана\

Қызығыңда,бұзығында көтеретін кім? \Ана\

Үнемі жанында періштедей қорғаштап, демеу беретін кім? \Ана\

Сонымен бүгін қандай мейрам? \Аналар\

Осындай үлкен мейрамында аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келеме? \ Иә \

Би билеп, әнайтады

Тойларында балалар.

Бағалаймыз еңбегін

Аман болсын аналар!

Ән «Анажаным»

Әннің аяғында, балалар: Мереке құтты болсын!

Көңілді музыка ырғағымен балалар орындарына отырады.

Жүргізуші:

Ақ анашым, әппағым.

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағы-дей отыра сіздерге арналған тақпақтары қабыл алыныздар!

Балалардың тақпақтары:

1-бала

Армысың мейірімді аналарым,

Мейірбан ашық көңіл даналарым,

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,

Құттықтайды сіздерді балаларың

2-бала

Сенен өскен балалар

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Кұрметті апа, аналар!


3-бала

Жанымызды жайнатқан

Өзіңізғой аналар

Зор денсаулық, мол бақыт

Тілейміз біз балалар.

4-бала

Біз қыздарды сыйлаймыз,

Шаштарынан тартпаймыз.

Меркемен құттықтап,

Қыздарменен ойнаймыз

5-бала

Анам болса қасымда

Басқа бақыт не керек.

Анашымның жүрегі,

Мейірімді ғой керемет.

Жүргізуші:

Ақ қареріп

Су көбейіп!

Сай салаға толады.

Ағаш басы бүршік атып,

Гүл бәйшешек басады.

Балалар айтыңдаршы бұл қай кезде болады?\Көктем мезгілінде\

Жүргізуші:Біздің балалардың көктемнің алғашқы мерекесіне қалай дайындалғанын тамашалаңыздар!

Мерекеге арналады бүгін билер,

Көтерілсін канекей, көңіл күйлер

Алдарыңызға қазір ұлдар биі

Қол соғып демеу берер көрермендер.

Би «Кавбой»

Жүргізуші:Қандай тамаша би! Рахмет.

Жүргізуші: Жақсы балалар! Ал біз мерекемізді әрі қарай жалғастырайық.

6-бала

Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.

7-бала

Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған.

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ анам

8-бала

Мәпелеп мені өсірген

Ризамын мен өзіңе.

Ана деген керемет,

Сыйлап өтем өмірде.

9-бала

Ақ қабақты анашым

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.

10-бала

Аялаған анашым,

Мәпелеген анашым.

Менің саған тілегім,

Қартаймашы анашым.

Жүргізуші:Көрініс«Анашым біз сізді жақсы көреміз»(Іляс, Айсұлу, Айым, Айзере)

Жүргізуші: Енді Аналарымызға арналган тақпақтар

11-бала

Теңдесі жоқ данасың

Арқа сүйер панасың

Еңбегіңді ақтаймын

Аман болшы анашым.

12-бала

Аялаймыз ананымызды

Құрметтейміз бағамыз.

Сіздер үшін аналар,

Шырқап әнге саламыз.

13-бала

Аспандағы айымсың,

Бақытыма балаған.

Құтты болсын мерекең,

Айналайын жан анам.

14-бала

Құтты болсын ақ анам

Сегізінші науырызың!

Қасымда бол әрқашан

Жансын жарық жұлдызың,

15-бала

Мен анамды сүйемін,

Сөзің ойға түйемін.

Анашымды ардақтап,

Басымды оған иемін.

16-бала

Аялаған саялаған,

Бар бақытым берекем.

Апатайм құттықтаймын,

Бүгін сенің мерекең.


17-бала

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Жүргізуші: Ән «Көктем келді»

Ойын: «Гүл» сұрақтарға жауап беру (Ата-анамен ойын) (Қыздар киім)

Жүргізуші: Би: «Шығыс би»

Жүргізуші: Бұл Аналарға арнайы жасалған сыйлық.

Күндеріңіз толсын гүлге, желекке

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді

Балалардың құттықтауы:

Ана біздің тірегіміз,

Ана біздің жүрегіміз.

Аналарға бас иеміз,

Аналарды сүйеміз.

Өмір-думан, бақ әкелсін мереке -дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қараша
316
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі