«Ана десем алғыс алам халқымнан» 8 наурыз сценарий

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ана десем алғыс алам халқымнан» 8 наурыз сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
8 наурызға арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы, Отырар ауданы

«С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ



Бекітемін:

Мектеп директоры: Е.Бугенбаев

























«Ана десем алғыс алам халқымнан!»



5 «Ә» сынып жетекші: Т.Көшенова









Аққұм 2024

Тақырыбы: «Ана десем алғыс алам халқымнан»

Мақсаты:

  • Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеп сыйлай білуге үйрету, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту.

  • Оқушының бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.

  • Адамгершілікке тәрбиелеу.


1-жүргізуші: Сәлем бердім, халайық, қалың елім!

2-жүргізуші: Өнер сүйер қауымға сәлем бердім.

1-жүргізуші: Амансыздар ма, құрметті қонақтар!

2-жүргізуші: Армысыздар ма, абзал аналар!

1-жүргізуші: Қымбатты ұстаз - аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
2-жүргізуші: Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар, – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Бугенбаев Ербол ағайға беріледі (директор сөз сөйлейді)

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

1-жүргізуші: Ана десем алғыс алам халқымнан,

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем ,ашылады қабағым,

Ана десем әділдікті ұғамын.


2-жүргізуші: Сәлем берем ақсақалға,
«Ассалаумағалейкүм!» – деп.
Риза болар жақсы атам да,
Көрсеткенге мол құрмет. – дей келе 5 ә сынып оқушыларының әсем әнін қарсы алыңыздар.

Ән: «Ассалаумағалейкум» Орындайтындар; Әсілхан Асылжан, Қаржау Сағынбек, Қаныбек Ескендір

1-жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекті қыздар биіне береміз.

Би: «Еркеназ» Орындайтындар «Жауқазын» би тобы

2-жүргізуші: Әке деген – асқар тау, негіз қуат.

Ақ сүт берген Анашың – егіз бұлақ.

Алладан соң ата – анаң разы болса.

Алдыңнан ашылады сегіз жұмақ.

Ән: «Қызым менің» Орындайтындар; Тұрмахан Мұхаммедсапа

1-жүргізуші: Ана деген – бастауы ұлылықтың.
Ана деген - рәмізі сұлулықтың.
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақ атын. – дей отырып аналарға деген жүрекжарды құттықтауларымызды қарсы алыңыздар

Нұрасыл:
Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.


Әділет:

Әкелетін отабасына береке ең,

Әз аналар арамызда көп екен.

Жыл құсындай көктем сайын оралар,

Құтты болсын нұрға толы мерекең!


Дастан:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай


Қайсар:

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.



2-жүргізуші: Қандай ғажап, қарашы жан-жағыңа

Күміс күлкі сыймай тұр залға мына

Аналардай бақытты жан бар ма екен?

Қол жеткізген, аңсаған арманына.

Көрініс: «Ана сен бақыттысың»


Ән: «Анаңды сүйсең менше сүй» Орындайтын; Тамара апай


1-жүргізуші: Ана деген – жарық жұлдыз шырағың

Ана деген- қайнар ыстық бұлағың

Ана деген- өмірдегі қамқорың

Ана деген-сүйенерің,жан құрбым


Монолог: Орындайтындар; Төрегелді Сая, Нұрлан Аруна


2-жүргізуші: Ана деген – бастауы ұлылықтың.
Ана деген - рәмізі сұлулықтың.
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақ атын.

Олай болса Ескендірді қарсы алайық.
Дауысына сүйсініп тамсанайық.
Ерке ұлдың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!

Ән: «Ана қадірі» орындайтын Қаныбек Ескендір

1-жүргізуші: Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып,
Биімен көрерменді тәнті ететін
Оқушылар келді міне толқып, тасып.

Би: «Құдаша биі» Асылжан-Ұлдана

Арман- Гүлназ

Нұрәлі- Аяла

Сағынбек- Мадина

2-жүргізуші: Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары.

Ән: «Мерекелеріңізбен» Орындайтындар; Баққара Балауса мен Нұрғали Гүлсезім

1-жүргізуші: Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!

2-жүргізуші: Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.


1-жүргізуші: Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашан да ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.

Хор: «Анажан»

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар ,біздің «Ана десем алғыс алам халқымнан» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.

Сау-саламатта болыңыздар!























P/c

Атауы

Орындайтындар

Уақыты

1

Фанфар



2

Құттықтау сөз


10 мин

3

Ән: «Ассалаумағалейкум»

Әсілхан Асылжан

Қаржау Сағынбек

Қаныбек Ескендір

3 мин

4

Би: «Еркеназ»

«Жауқазын» би тобы

3 мин

5

Ән: «Қызым менің»

Тұрмахан Мұхаммедсапа

3мин

6

Аналарды құттықтау

Бердіқұл Нұрасыл

Полат Әділет

Қосай Қайсар

Аманбай Дастан

3 мин

7

Көрініс:

«Ана сен бақыттысың»

Сынып оқушылары

13 мин

8

Ән: «Анаңды сүйсең менше сүй»

Көшенова Тамара

3 мин

9

Монолог

Төрегелді Сая

Нұрлан Аруна

8 мин

10

Ән: «Ана қадірі»

Қаныбек Ескендір

3 мин

11

Би: «Құдаша»

Асылжан-Ұлдана

Арман- Гүлназ

Нұрәлі- Аяла

Сағынбек- Мадина

2 мин

12

Ән: « Мерекелеріңізбен»

Баққара Балауса

Нұрғали Гүлсезім

3 мин

14

Хор «Анажан»

Сынып оқушылары

4 мин











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2024
187
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі