Ана-гүл, ана жыр

Тақырып бойынша 14 материал табылды

Ана-гүл, ана жыр

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жүргізуші; Қош келдіңіздер аяулы аналар,қызғалдақ қыздар қадірлі әріптестер! Көңілдеріңіз көктем шуағындай мерейлене түссін. Мерекелереңіз құтты болсын. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі «Ана-гүл, ана жыр» атты ертеңгіліміз сіздерге арналады.

Балалар бимен залға кіреді

1.Мәпелеген мені өсірген

Ризамын мен өзіңе

Ана деген керемет,

Сыйлап өтем өмірде.

2.Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймын мейраммен,

Құрметті аналар!

3.Жанымызды жайнатқан.

Сіздерсіз ғой аналар.

Зор денсаулық,мол бақыт.

Тілейміз біз балалар.

4.Бал бөбегін баптаған,

Анам үшін мақтанам.

Аялайтын біздерді,

Көп жасасын ақ мамам!

5.Ақ анашым,аппағым,

Өзің жайлы таппағым,

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де!

6.Қандай бала болмайық

Анамызға дәріміз

Көтерсінші көңілін

Ән салайық бәріміз.

7.Үн қатасың бал тілмен

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым

Сегізінші наурызбен!

8. Ана-біздің күніміз.

Ана-біздің гүліміз,

Анамыздан тарайды.

Біздің ана тіліміз

Ән «Көп жаса анашым»

Жүргізуші: Балалар біз бүгін мерекені керемет көңілді өткізейік.ертегілер елінен қонақ келмекші. Бірақ кім екенін айтпады. бізге бір хабар жазып жіберіпті.

«Балалар мен әжемнің мерекесіне арнап бәліш пісіріп едім. Соны әжеме апарайын десем жолда қасқыр бар дейді. Мен қасқырдан қорқамын. Сендер маған көмектесе аласыңдар ма?»

Жүргізуші: балалар бұл кім болады екен есімізге түсірейікші. Әжесіне орманға бәліш апарып беретін қандай қыз болды екен?

Балалардың жауабы

Қасқыр кіреді

Қасқыр: аууууу, аууу, ауууу мыналар кімдер өзі! Шуды естіп келдім. Сендер кімсіңдер! Мен қызыл телпекті іздеп жүрмін. Осы жерден өтіп, әжесіне бәліш апармақшы екен. Ха-ха-ха мен қызыл телпекті оңай әжесіне жібере қоймаспын. Әжесін де, өзін де жеп қоям ауууу, ауу! Қыздарды да жеп қоямын ха-ха-ха

Жүргізуші: балалар мына қасқырдың ашуы қатты, тістері азулы қорқынышты екен. Біз бұл қасқырды билетейік. Менде сиқырлы раушан гүлі бар сонымен қасқырды шаршағанша билетіп, оның мысын құртайық. Ол үшін бәріміз мына сөзді ақырын айтуымыз керек.

Сиқырлы сөз: шарашама тек шаршама, аяқ қолың талса да

Балалар бірге сиқырлы сөзі айтып, қасқырды билетеді.

Қасқыр: ой баллар не болып кетті. Уфф, уффф мен өмірімде билеп көрмеген едім. Мынау бір қызық болды ғой, денем қызып, қан жүріп сергіп қалғандаймын.

Жүргізуші: балалар (ақырын қасқырға естіртпей) мына қасқырдың көңілі көтеріліп келе жатыр. Қане ендеше тағы бір қасқырды билетейік. Өзіне ұнап қалған сияқты

Би «джентльмен»

Жүргізуші: қасеке қалай сізге ұнап жатыр ма

Қасқыр: ұнағанда қандай ! ауу, ауу

Жүргізуші; Бүгін мереке аналардың, әжелердің, қыздардың мерекесі. Сен ендеше қыздардың меркесіне сыйлық дайындап алып келсеңші.

Қасқыр: Сыйлық? (таң қалады) мен ешкімге сыйлық сыйлап көрген емеспін.

Жүргізуші: сен сыйлап көр, сол кезде өзің де сондай көңілің көтеріліп қалады. Солай еме пе балалар? ИЯ, біздің балалар аналарына да сыйлық дайындап қойған.

Қасқыр: мен сыйлықты қайдан аламын.

Жүргізуші: Тыңда, қасқыр, сен орманға барып қырдың қызғалдағын жинап алып кел. Сол гүлдерді қыздарға сыйлайтын боласың.

Қасқыр: сендер сондай жақсысыңдар. Ал мен жаманмын (мұңаяды)

Жүргізуші: Қасқыр сен де ашуыңды ақылға жеңдірсең. Сен де жақсы боласың. Көктем мезгілі адамның бойына мейірімділік пен жайма шуақ нұр береді

Қасқыр : жақсы мен қызғалдақ гүлдерін алып келемін

қасқыр шығып кетеді.

Оркестр

Қоңырау соғылады, ұялы телефонды бала алады

Қызыл телпек: алло, бұл кім екен?

Бала ; бұл мен Нұртаспын

Қызыл телпек. Нұртас, қасқыр кетті ме екен, мен әжеме апаратын бәлішім де суып бара жатыр

Бала: Я, қызыл телпек, келе бер. Енді қауіп жоқ қасқыр гүл әкелуге кетті

Қызыл телпек . алақай, алақай қазір барамын

Ойын «»

Қызыл телпек әндетіп келеді

Қызыл телпек: Қайырлы күн балақайлар . амансыңдар ма? Қасқыр сендерге тиіскен жоқ па? Мен сондай сол қасқырдан қатты қорқамын. Әжеме баратын жолды торлап мені аңдып жүреді.

Жүргізуші: Қызыл телпек қорықпа енді қауіп жоқ.

Қызыл телпек. Рахмет сендерге. Мен енді әжемнің мерекесіне бәліш апарып беремін. Аналар, әжелер, қыздар сендерді мерекелеріңмен құттықтаймын. Достарым, біздің Әжелерімізге арнап ән орындап берсек қалай, келісесіңдер ме?

Ән «Әже»

Ойын «"құймақты Салқындату? " (қызыл телпек ойнатады)

Қызыл телпек: балалар, сендерде қызық, көңілді, бырақ мен жолымнан қалмайын. Әжеме кеттім, сау болыңдар

Жүргізуші: балалар мерекемізді ары қарай жалғастырайық

Оркестр

Қасқыр келеді

Қасқыр : қараңдар, қараңдар мен қызғалдақ жинап алып келдім. Сендерді мерекелеріңізбен құттықтаймын.

Жүргізуші : рахмет қасеке, әкелген гүлің әдемі, керемет. Ал балаларымыз да апайларына арнап би билеп береді.

Би «Жұп»

Ойын

Қасқыр: мен қайтамын. Енді жаман болмаймын. Сендер маған мейірімділікті, адамгершілік қасиеттерді үйреттіңдер. Ертегілер еліне қайттым сау болыңдар балалар!

Ән, би....

Жүргізуші: Аналар қалқып бақыт аралында Лайым мұң қонбасын жанарына Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңызға



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.03.2025
350
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі