400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 25 материал табылды

«Ана –гүл, ана-жыр, ана өмір шуағы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға анаға деген құрмет, сыйлау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ересек «Қызғалдақ» тобы.
Ертеңгілік «Ана –гүл, ана-жыр, ана өмір шуағы» тақырыбындағы
дайындаған
тәрбиеші: Дәуренбекова Айнұр Ергешқызы



Жүргізуші:

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін беріп ақ сүтің.

Кең шуағың аясындай гүл бақтың.

Құрметті Аналар, әжелер, қыздар сіздерді – Сегізінші Наурыз мерекелеріңізбен құттықтай отырып «Қызғалдақ» тобының тәрбиеленушілерінің аналарына арналған құттықтауларын қабыл алыңыздар

Ұлан: Қайырлы күн ақ жаулықты әжелер, аяулы аналар, ару қыздар! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі сегізінші Наурыз аналар мейрамымен құттықтаймыз. Әрқашан көңілдеріңіз жайдары , дендеріңіз сау болсын!

Н.Айзере : Милые мамы, дорогие бабушки, уважаемые воспитатели!

От всей души поздравляем вас с весенним праздником 8 марта.

Желаем вам здоровья, счастья и успехов во всем!

С.Диас: Ай лайн май мазе,

Ай лайн май фазе

Ай лайн май бразе

Хоу пав зем ол

Жүргізуші:

Сіздерден өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті абзал аналар – дей келе құттықтау сөз

«Айшуақ» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Есмұратова Гүлшат апайымызға береміз. (Ұлан гүл сыйлайды)

Жүргізуші:

Беглер Сабыржан Мұқағали Мақатаев «Ана»

Жүргізуші:

Шалқып тасып әніміз

Жадырасын жанымыз

Ана сені құттықтап

Әндетеміз бәріміз

Хор « Мама »

Жүргізуші: балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда көптен күткен көктем де келіп жетті, олай болса мерекемізге көктемді шақырайық!





Көктем кіреді:

Дала гүлге бөленді,

Қуанышқа кенелді

Құстар сайрай жөнелді,

Шұғыламды төккенмін

Саламатсыңдар ма балалар, құрметті аналар, ақ жаулықты әжелер, барлығыңызды сегізінші наурыз мерекесімен құттықтаймын, дендеріңізге саулық тілеймін!

Жүргізуші: Көктем біз сенің келгеніңе қуаныштымыз, бізбен бірге мерекені тойла.

Жүргізуші:

Аяулысың,аяулымның асылдары

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы

Сіздер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сіздер үшін мереке шашулары – дегендей Беласар Лашын мен әкесінің орындауындағы әсем әнді қабыл алыңыздар.

Алихан

Ана – деген бәйтерегі өмірдің

Ана – деген қуанышы көңілдің.

Ана – деген әрбір үйдің жылуы,

Ана – деген бар өмірдің сұлуы.

Кәусар

Ана – деген адамзаттың данасы,

Ана – деген сәбилердің панасы,

Ана – деген қайнар ыстық бұлағы,

Ана – деген өмірдегі қамқоры

Сабыржан

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап

Ана дейді жас сәбилер жарқылдап

Ана – деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.

Жүргізуші: « Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді» - дамекші, балаларымыздың сахналық көрінісін тамашалаңыздар.

Ерте,ерте,ертеде көктем патшалығында 7 қызы бар ,Асыл ана өмір сүріпті.

7 ханшайым аналарын өте қатты жақсы көреді екен. Бір күні анасы алыс сапарға қыдырып кетіпті. Қыздары анасын қатты сағыныпты. Анасы алыс сапардан оралыпты.

1 қыз – Лашын.. Анашым, мен сізді күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым.

2 қыз – Шұғыла. Анашым мен сізді бір тамшы суды аңсаған шөл даладай сағындым.

3 қыз- Жәния. Мен енесін сағынған, шырылдаған кішкентай балапандай сағынып жыладым.

4 қыз – Т.Айзере. Мен гүл таппаған ара сияқты болдым.

5 қыз – Кәусар. Түсінде раушан гүліннің түсіне енген шың тамшыларындай болып көріндіңіз.

6 қыз – Н.Айзере:. Шие бағын іздеген бұлбұлдай жолыңызды қараумен күттім.

Жүргізуші:

7 қыз – Ұлар. Үндеген жоқ. Ол анасының қолын жуу үшін су әкеліп береді. Анасының асын дайындап, шайын құйып береді.

Анашым шөлдеп келдіңіз ғой су ішіңіз.

Ана: Қызғалдақтарым менің бәрінен де мені кіші қызым қатты сағыныпты. Мен де сендерді қатты сағындым.

Барлық қыздары: Анашым қартаймаңыз жүзге келіңіз. (Анасын құшақтайды)

Би: «Қызғалдақ» тобының жігіттерінің биін тамашалаңыздар.

Абдурахман

Үн қатасың бал тілмен

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым

Сегізінші Наурызбен.

Т.Айзере

Наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз баланың

Анаға айтар лебізі

Дияр

Мейірімді сымбатты,

Қадірменді қымбатты

Ең жақын жан балаға

Кім десеңдер ол – Ана

Дария

Ең қымбатты өмірде.

Ана екенін біліңіз

Ана жанын түсініп,

Ойнаңызда күліңіз

Шерхан

Аналарды сүйеміз,

Әдеппен бас иеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

Ұлар

Бала, бала, бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған

Жүргізуші:

Десекте те уақытпен жарыспайды.

Қиялға қиялменен қарышпайды.

Балалар шын жүректен тебіреніп,

Жырларын әжелерге бағыштайды – дей келе Төлен Айзере мен Талас Алиханның «Әже» әнімен қарсы алыңыздар.




Жүргізуші:

Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын шашайық

дей келе Нұржан Айзеренің орындауында «Ақ мамам » әнін қабыл алыңыздар.

Лашын

Ана қорғаушысы әлемнің

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

Сейілмесін жанарынан ананың

Тіршіліктен төккен нұрлы шуағы

Жәния

Аялаймыз ананы

Құрметтейміз бағамыз

Сіздер үшін аналар

Шырқап тақпақ айтамыз

Ұлан

Аялаймыз аналарды ардайым

Қуанышқа бөлейікші өздерін

Әжелердің аналардың қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін

Шұғыла

Айналайын анашым

Көкте күн боп жанасың

Ет жүрегің елжіреп

Құшағыңа аласың

Артур

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым

Н.Айзере

Свою мамочку люблю

Крепко обнимаю

И поздравить в этот день

Раншье всех желаю

Аңсаған

Бәрімізге анасың,

Күнім болып жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын анашым.

Жүргізуші:

Теңіздей тербелтіліп көл бетінде

Бишілер билеп кетті тербетіле

Аққудай қалықтаған теңіздегі

Бишілер өнерлерін көрсетуде – деп биші қыздарымызды «қолшатыр» биімен ортаға шақырамыз.

Ойын: «Анамызды сәндейміз»

Ойын шарты: Балалар өз аналарын барынша сәндеулері керек.

Жүргізуші:

Құрметтейік балалар аналарды

Бізді өмірге әкелген даналарды

Себебі ана деген асыл жан гой

Ойлауменен істелік әр қадамды - дей келей келе аналарымызбен бірге вальс биін билейік.

Вальс: Балалар аналарын биге шақырады ( Аңсаған, Дияр, Артур, Әділет)

С.Диас

Құтты болсын ардақты анам

Асыл анам мерекең

Құтты болсын жадыраған

Қуанышты мерекең

Али

Алақаны ақ самал

Мәпелеген жан анам

Көкте күнім батса да

Өзің күнсің балаңа

Әділет

Ана біздің гүліміз

Ананың біз гүліміз

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

Ә.Диас

Самые красивые

Самые родные

Нежные и теплые

Сердцу дорогие

Асылжан

Менің әжем ақ әжем

Ұлмен қыздың бағы әжем

Ертегі айтып бер десең

Айта берер тағы әжем

Айару

Мәпелейсің мені анам

Қолыңдағы құсыңдай

Құлпыра өсіп дем алам

Құшағыңда қысылмай

Дидар

Мамочки чудесные

Вас я поздравляю

И в прекрасный женский день

Счастья вам желаю

Жүргізуші:

Би: Балаларымыздың күлкілі биін тамашалаңыздар

(Дияр, А.Диас, Али, Абдурахман)


Жүргізуші:

Аналарды сүйеміз

Әдеппен бас иеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз – дей келе Хор «Сағындым әже өзіңді»

Жүргізуші:

Вальс: Әкелеріміз қыздарын биге шақырады ( Жәния, Лашын, Кәусар, Н.Айзере, Айару)

Жүргізуші; Талас Алиханның орындауында « Анашым » әсем әнді қабыл алыңыздар

Жүргізуші:

Бөбегіңнің сыйлығын

Қабыл алшы анашым

Ұзақ өмір жүр жасап

Ауырмашы анашым!

Бәріміздің де анамыз бар, әжелеріміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақта жарасымды. Өйткені , бізді өмірге алып келген , бізге әлемнің жарығын сыйлаған – анамыз емес пе ? Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!

Аналар, қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарыңа

Осымен күнімізді аяқтайық

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңызға – дей отырып бүгінгі «Ана- гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы!» атты ертеңгілігімізді аяқтайық. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!

Балалар хормен: «Анамызға мың алғыс, баршаңызға мың алғыс!»


Түркістан облысы

Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, «Айшуақ» бөбекжай балабақшасы дайындаған тәрбиеші: Дәуренбекова Айнұр Ергешқызы














































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23.03.2019
375
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі