Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ана –гүл, ана –жыр, ана-өмір шуағы

Материал туралы қысқаша түсінік
өз тәжірибеммен бөлісу
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Тақырыбы: «Ана –гүл, ана –жыр, ана-өмір шуағы»

Музыка ойнап тұрады. (Аналар мен балалар орындықта отырады)
1-жүргізуші: Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!

Жалғас: Дүниедегі ең кемеңгер дананы,
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы.

Балауса: Көктемгі күннің көзіндей жылы жүзді, тұла бойына
сұлулық тұнған, арқаның ажарындай нұрлы
келбетті,қызғалдақтай алаулаған
аналарымызды,аруларымызды көктемнің күлім қаққан
шұғылалы мерекесі 8-наурыз мейрамымен құттықтаймыз.

Жалғас: Отанымызда тыныштық,әр отбасында бірлік,береке ана
бақытын тілейміз. Олар –өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр
отбасының алтын діңгегі.

1-жүргізуші: Мынау тынымсыз, тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар
мен ажарлы таңмен бірге сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі
«Ана –гүл, ана –жыр, ана-өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз
сіздерге арналады.

-Бүгінгі мерекеге деген көңіл-күйлеріңіз қалай?
-Ана махабаты дегенді қалай түсінесіздер?
-Қандай стильде киінуді ұнатасыз?
-Өз есіміңіз нені білдіретінін білесіз бе?
- (Ата-аналар сұрақтарға жауаптарын айтады)

«Ана махабаты» Ортаға шаттық шеңберіне
1.Ақерке анасымен,
2.Адель анасымен,
3. Диана анасымен,
4. Адинура анасымен,
5. Аружан анасымен,
6.Темірлан анасымен,
7. Дария анасымен
шақырамыз. Аналары сыртқы шеңберде, балалары ішкі
шеңберде тұрыңыздар. Бірінші аналары балаларына, одан
кейін балалары аналарына махабаттарын білдіреді.

Балауса: Білесің бе Жалғас,ана деген керемет асылжан,менің
анам кішкентай кезімде не айтсам соны алып беретін,түн
ортасында шөлдесем тұрып шырын беретін.

Жалғас: Ал менің анам ұйықтар алдында ән,ертегі айтып, ұйқыдан
оянғанда жүрегіме жылу беретін сөздер айтатын.


Page 2


Балауса: Ән демекші бүгінгі аналарымызға арналған мерекені
әнмен бастасақ, оған қалай қарайсыздар?

Жалғас: Әрине,өте дұрыс айтасың мейірімді де сүйкімді аналар
мен әжелерге «Әжемнің шайы » әнін айтып берейік.
Қабыл алыңыздар.
(Барлық балалар жарты шеңберде тұрып, әнді айтып береді)

(Балаларды әннен кейін орындыққа отырғызу)

Балалардың аналарына арналған өлең шумақтарына кезек берейік.Ортаға:
Адинура
Балаға мейірімін аямаған,
Әлпештеп баласын ол аялаған.
Анадан артық кім бар дүниеде,
аялы алақаның сая маған.
Дильназ
Айналайын жан анам,
өзіңменен мақтанам.
Оттай ыстық сөзіңнен,
Мәңгілікке нәр алам.
Нұрсая
Менің анам әдемі,
Аппақ оның жүрегі.
Күндей күліп баршаға,
Нұрын шашып жүреді.
Алина
Ананың біз гүліміз,
Ана біздің күніміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Сабина
Әлдилеген анашым,
өмірге сен панасың.
Жақсылықтың тірегі-
Өзің ғана дарасың .


Дария
Менің әжем гүл әжем,
Алтын әжем,күн әжем
Анам үшін,мен үшін,
нағыз ана тілі – әжем!

Балауса: Бал анам,асыл анам таңым анам,
Мен сенен қуат алам,жалын да алам.
Күн болып көңілімді күйге бөлеп,
Арнадың өміріңнің бәрін маған.
Дегендей ұлдарымызбен қыздарымыз аналарын ортаға биге шақырсын. (Вальс)

Жүргізуші: Ата дәстүр абырой көтергенге,


Page 3

О киелі сөз сүйектен өтер деме?
Тоқталамыз енді біз
Қанатты сөз мақал менен мәтелдерге.
«Мақалды аяқтаңыз» ойыны
Алина анасымен,
Нұрасыл анасымен,
Жалғас анасымен,
Асыл анасымен,
Аяжан анасымен,
Адина анасымен
ортаға шақырамыз.
1.Балалар аналарына мақалдың басын айтады,аналары аяқтайды.
2.Аналары мақалдың басын айтады,балалары аяқтайды.
Нұрасыл
Анам менің сүйіктім,
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.
Анам болса қасыңда,
Құшағыңа енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп ойлаймын.
Асыл
Әлпештеген баласын,
Ана бақыт, ана күн.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.
Алихан
Қиялымда шарлайсың,
Еңбек етіп талмайсың.
Ұзақ өмір сүр ана,
ғұмырыңды жалғаймын.
Темірлан
Ана деген –күннің жарық сәулесі,
Ана деген-шын досыңның нақ өзі.
Ана деген-мейірімі мол адам ғой,
Анасыз өмір сүру қиын ғой.
Санжар
Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұтар панасың.
Еңбегіңді ақтаймын,
Аман болшы анашым.
Жалғас
Ана,ана,
Ана деген-жан ана.
Дана ана,пана ана.
Дана деген-ақылды ана,
Ана-дана, ана-пана,
Ана деген-дана ана.
Елнұр
Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып


Page 4

Мәпелеген ақ мамамды
Жүрсем деймін шаттандырып.
Амир
Анам менің асыл жан
Құшағы нұр шашылған
Күн секілді күледі
Сипап ылғи басымнан.
Жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде.
Аруларымыздың орындауында «Қолшатыр биін» қабыл алыңыздар.

Өлең шумақтарына кезек беру. Ортаға:
Ақерке
Анашым- сен менің шырағымсың,
Әлі де жазылмаған жыр әнімсің,
Анаға қасиетпен бас иемін,
Мәңгілік сарқылмайтын бұлағымсың.
Фатима
Келбетінде ұлылық,
Даладай кең пейілі.
Ана деген-жылылық,
Ана деген-мейірім.
Рамина
Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
Дариға
Қандай жұмсақ жүрегің,
жақсылық қана тілерің.
Сен жанымда жүргенде,
шын көңілмен күлемін.
Алтынай
Ақыл құйған санама,
Күннен де артық ,расында.
Күн-алыста,ал анам,
Ылғи менің қасымда.
Анель
Ана –көркі көгімнің,
Ана –нұры жерімнің,
Ана –бағы баланың
Мақтанышы елімнің.
Балауса
Ананың әр сөзі ой талабы,
Жүрегімнің төрінде сақталады.
Өсеміз елін сүйген ұландар боп,
Ардақты ана еңбегі ақталады.

Жалғас: Ана – бұл сөз әрбір халықтың тілінде бар. Барлық тілде де бұл
қасиетті сөз нәзік, мейірімді, жылы естіледі.Ана дегеніміз-


Page 5

әлемнің жан дүниесі. «Ана»сөзі бізді елең еткізбей,жылылық
пен шуақты сездірмей қоймайды.
Тәрбиеші: Ендеше ұлдарымыздың орындауында «Сенің анаң алтын» әнін қабыл
алыңыздар.
Біздің жүргізушілеріміздің аналарына арналған тақпақтары бар.
Зарина
Көрсең қайран боларсың,
мақтанышы әлемнің.
Аналар ғой әрқашан,
Бала қамын ойлайтын.
Адина Д

Ақ арман – аппақ анам,
Өзіңсің бақ та маған.
Шығамын ақ сүтіңді,
Қалайда ақтап анам.
Адель
Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам.
Құшағыңда қысылмай.
Айым
Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтаған,
Айналайын ақ мамам.
Аяжан
Аяулы менің анашым,
өзіңді жақсы көремін.
Перзенттік адал борышым,
Өзіңді сыйлап өтермін.


«Ұлдар» Салат жасайды. (Интермедия)

Диана
Бізді өсіріп баптаған
Жақсы болсам шаттанған
Алтыным деп мақтаған
Айналайын ақ мамам.
Адина Ш
Еркелесем, күлімдейтін
ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің
«Құлыншағым,күнім»-дейтін.
Шұғыла
Біліп тұрсың жан анам,
міндеті үлкен ботаңның.
Күтері сол баладан,
Ана менен отанның.
Аружан


Page 6

Үн қатасың бал тілмен,
еркелеймін әр күнмен.
Құтықтаймын анашым
8-ші наурызбен!

Ұлдардың биі. (Қамшы биі)

Жүргізуші: Ана сен бақыттысың,бақыттысың,
Менмін ғой бақшадағы бақыт құсың.
Арым да ардағым да анам екен
Ана деген адамға керек екен.
Түн ұйқысын төрт бүліп берген сүтті,
жүрегімде өмір бойы сақтап өтем.
Қыздарымызбен ұлдарымыздың сүйікті аналарына арналған сыйлықты тапсыруларына
рұқсат етіңіздер.
(Балалар аналарына сыйлықтарын береді)

Қыздарды құттықтаймыз мереке күніменен,
Көктемнің құлпырсын,нәрт гүліменен.
Өрлесін елін берген бақыт-бағың,
Жазылмасын шат көңілін шат күйінен!
-Ұлдарымыздың қыздарға сыйлықтарын табыс етсін.
Жүргізуші:
Аналар, қалқып бақыт аралында
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріміздің қадамымызға,
дей отырып,сіздерге зор денсаулық,мол бақыт,езулеріңізден ешқашан күлкі кетпесін.
Мейрамдарыңыз құтты болсын.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
02.06.2018
264
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12