Материалдар / Ана-гүл, ана-өмір шуағы!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ана-гүл, ана-өмір шуағы!

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналар мерекесіне орай өткізілетін сыныптан тыс шара. Бастауыш сынып мұғалімдері үшін дайын материал.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2018
459
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін: Сағатова Ж.М.

Тақырыбы: «Ана – гүл, ана – өмір шуағы»
Мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый – құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар. Интерактивтік тақта. Презентация.
Мұғалімнің сөзі: - Қош, келдіңіздер! Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы анна сезімін қадірлейтін жан бар мА екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған.
Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы қасиетті Ана есімі болмақ! «Ана – гүл, ана – өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
1 жүрг: Көктем келер гүлін алып, жазда келер жырын алып – деп ән мәтінінде айтылатындай, нұрлы шуағы мол наурыз айы туып, ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8 – наурыз мерекесі келіп жетті.
2жүрг: Сіздер ер – азаматтардың қолқанаты, тірегі мен жүрегі болып табыласыздар. Аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты күніндей мейірім – шапағатқа бөлене берсін. Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мерекелері құтты болсын.

Дилана мен Гүлшаттың орындауындығы көңілді биді қарсы алыңыздар.
1 жүрг:
Айналдым «ана» деген асыл аттан
Шуағын бар әлемге шашыратқан
2жүрг:
Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып даусынан ажыратқан
Хормен барлығы:

Жанымызды жайнатқан
Сіздерсізғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар!
Әншашу: «Анашым»
1 жүрг. Қыз өссе – елдің көркі, гүл ө ссе – жердің көркі демекші - 8 наурыз мерекесі, қыздарымыздың да, мерекесі.
Қыз емес қыздың аты қызыл алтын
Көрінер толғанайдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес
Халқының сақтай білген, ізгі салтын – демекші, сүйкімді қыздарымызды құттықтап, ұлдардың орындауында «Су тасушы қыз» әнін қабыл алыңыздар.
2жүрг: «Бала тілі – бал дегендей» балалардың шын көңілінен шыққан, жүрекжарды аналарына деген тілектері бар. Осы мерекенің алдында балаларға айтқан болатынбыз, аналарыңның мерекесі келе жатыр, қандай тілек тілер едіңдер – деп. Менің тілегімді жазыңызшы деп ұсыныс білдірген балалардың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
( 2-3 оқушы аналарға арналған жылы лебіздерін айтады)
1жүрг: Дүниедегі құдіреттің бәрі, ананың тілегі, ананың жүрегінің мықтылығы арқасында жүзеге аспақ. Ал, ақсамайлы, аяулы да, ардақты әжелеріміз болмаса, аналарымызға да, бұл жарық дүние есігін ашпас еді. Ендеше, әжелерімізді де мерекемен құттықтаймыз.
Сахналық көрініс (Сарбиноз бен Темірлан)
«Әжесі мен Бағлан» Қабдікәрім Ыдырысов.
- Жүрегім кім менің?
- Мен!
- Тірегім кім менің?
- Мен!
- Сәнім кім менің?
- Мен!
- Ботақаным, бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің!
Ой, қарғам менің!
- Жоқ, әже, қарғаң мен емес!
Жо... жоқ, қарға болмаймын,
Керегі жоқ ондайдың.
Қарға «қарқ - қарқ» етеді,
Алысқа ұшып кетеді.
Қасыңда боп әрдайым,
Мен ешқайда бармаймын.
Ойын: «Кімнің даусы табайық» (аналармен)
5 бала шығады да, теріс қарап тұрады. Мен қолыммен кімді көрсетем, сол адам бір сөз айтады. Мыс: ботақаным – дейді.
5 баланың біреуі, менің мамамның даусы деп айтукерек. Дұрыс тапқан бала орнына отырады.
2жүрг: Барлық ана баласымен бақытты, барлық бала ата – анасымен бақытты – деп, ортаға ана туралы тақпақ оқитын балаларды шақырайық. (Исламбек пен Нұртілек)

Ұлдар хормен:

Ана деген сөзді де
Апа деген сөзді де
Әке деген сөзді де
Аға деген сөзді
Ойлап тапқан балалар!

Қыздар хормен:
Күнім, жаным дегенді
Құлыншағым дегенді
Ботақаным дегенді
Айналайын дегенді
Толғанайым дегенді
Ойлап тапқан аналар!
Әншашу: «Ақ мамам»
1 жүрг: Құттыболсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңіз бен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз
2 жүрг: Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз
Сәуле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңілдеріңіз – деп сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, осы мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.
Қорытынды:

Аналарға арналған бейнефильм көрсетіледі.
Енді балалар өздерінің қолдарынан дайындаған мамаларына деген сыйлықтарын тапсырады

Ұлдарымыздың қыздарымызға арнаған шағын сыйлықтарын тарту етсін.
Ұлдар сыйлықтарын бір – бірлеп таратады.


















«Әжесі мен Бағлан» Қабдікәрім Ыдырысов.
- Жүрегім кім менің?
- Мен!
- Тірегім кім менің?
- Мен!
- Сәнім кім менің?
- Мен!
- Ботақаным, бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің!
Ой, қарғам менің!
- Жоқ, әже, қарғаң мен емес!
Жо... жоқ, қарға болмаймын,
Керегі жоқ ондайдың.
Қарға «қарқ - қарқ» етеді,
Алысқа ұшып кетеді.
Қасыңда боп әрдайым,
Мен ешқайда бармаймын.





«Әжесі мен Бағлан» Қабдікәрім Ыдырысов.
- Жүрегім кім менің?
- Мен!
- Тірегім кім менің?
- Мен!
- Сәнім кім менің?
- Мен!
- Ботақаным, бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің!
Ой, қарғам менің!
- Жоқ, әже, қарғаң мен емес!
Жо... жоқ, қарға болмаймын,
Керегі жоқ ондайдың.
Қарға «қарқ - қарқ» етеді,
Алысқа ұшып кетеді.
Қасыңда боп әрдайым,
Мен ешқайда бармаймын.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!