400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ана-гүл, ана-өмір шырағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№ 6 орта мектебі













Тақырыбы: «Ана-гүл, ана-өмір шырағы»

( тәрбие сағаты )















Өткізген: Айдарбаева Зауре

Уақыты: 07.03.2018













2018 жыл.

Тақырыбы: «Ана-гүл, ана-өмір шырағы»

Мақсаты:

  1. 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.

  2. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.

  3. Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сынып мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар, слайд.

Барысы:

«Қара жорға» биімен басталады

Жүргізуші:

- Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жүргізуші: Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «Ана-гүл, ана-өмір шырағы» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.

1 Оқушы: Мереке құтты болсын, аналарым,

Мәпелеп,еркелеттің,аяладың

Лебізіңе алғысты айта келе

Ән жырымды қабыл ал аналарым!

2 Оқушы: Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.

Балғын шақты біз бақытгы балалар!

3. Оқушы: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп, инемен қүдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар!

Ән: «Аналар алтын»

  


4. Оқушы: Құрметтейік,о адамдар,аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік эр қадамды.

5.Оқушы: Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған,

Анаға бас иеміз!

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп,

Анаға бас иеміз!

6.Оқушы: Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған,

Адалдықты ар-намысты сақтаған

Мен ананың сонысына мақтанам.

Жүргізуші:

Тамызып мақал тілінің

Білімді болсаң жарарсың.

Ұшқыр ой, талап, біліммен

Әлемді жаулап аларсың, — дей келе келесі кезек мақал-мәтел жарысында.

Мақалдарды жалғастырыңдар.

  1. Ауылдан асқан байлық,

________ қымбат қазына жоқ. /кітап/

  1. Талапсыз жас,

Қанатсыз_________. /құс/

  1. ________ қылығымен көркем. /қыз/

  1. Білім-теңіз,_______ кеме. /мектеп/

  2. _______ көңілі балада. /ананың/

  3. Сөз тапқанға ________ /қолқа жоқ/

1)Жақсы сөз . /жарым ырыс/

2)Ине көзінен сынады________ /шешен сөзінен сынады/

3)Ала сөйлеп, үлыққа жаққанша,

Адал сөйлеп, ________/ жүртқа жақ /

  1. Балаға өз тіліңмен сөйлеме, / өз тілімен сөйле./

  2. Жолдасы жоқ жігіттің / Олжасы жоқ. /

  3. Тұр-тұрдан хабар келсе, / ¥йкыдан маза кетеді. /

  1. бар үйдің жеңгесі сүйкімді. / Кызы /

  2. Екі аяқтыда бажа тату, . / төрт аяқтыда бота тату./

  3. Бас жарылса, бөрік ішінде, /Кол сынса, жең ішінде./

  1. Өле жегенше, /бөле же./

  2. Туа жаман жок, /Жүре жаман бар./

  3. Ағаш тамырымен мықты, /Адам досымен мықты.

Жүргізуші: -Біз мәңгілік сіздерге,аналар борыштармыз дегім келеді.Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс. Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!

Жан анам,құтықтаймын мереке күніңмен.

Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.

Өрлесін елдің берген бақыт бағы.

Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен-деп «Алатау» әнін қабыл алыңыздар

7 окушы: Анам менің аялап, әлдилеген

Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген

Дәмің кетпес ақ сүтің аузымдағы

Қалайша ұмытамын бал татыған

Анашым алдыңызда қарыздармын

Өтеуден оны ешқашан қарыздармын

Ананың баласына махаббаты

Мәңгілік алаулаған шам-шырағы

Жүргізуші:

Әке көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер.

Ешқайсысы жоқ сияқты

Бір-бірінен кем түсер,

Оқушы:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген — алтын қазық, алтын бақ.

8 Оқушы:

Ана деген — асыл жандар болаттай,

Ана деген — мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірлей біл Ананы,

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай

    1. Оқушы: Сан мың шэкірт өзіңнен тэлім алды.

Аяулы Ұстаз-ана,ісіңнің бәрі ұнамды.

Әр күн сайын атыңды қайталаймын.

Еске алғандай таң сайын эн ұранды.

    1. Оқушы: Рая апай басшылардың бірі ғой,

Басшылардың ішіндегі гүлі ғой

Мектебімнің жақсы атанып жүргені

Осы апайдың арқасында біліп қой

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Жүргізуші: Ана-адамзат ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйінде мейір мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам.

    1. оқушы: Ана деген адамға Атамекен.

Әр адам анаменен адам екен.

Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым.

Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен

Жүргізуші: Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, кешімізді аяқтаймыз

13 оқушы: Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,

Бақ- дәулет шалқи берсін жерімізде.

Аман-сау болайықшы көріскенше

Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 мамыр
883
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі