400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Ана –гүл,ана-жыр,ана-өмір шуағы.

Материал туралы қысқаша түсінік
наурыз туралы балаларга тусіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ана –гүл,ана-жыр,ана-өмір шуағы.


Жүргізуші: Қош келдіңіздер! Ардақты әжелер, аяулы аналар, қызғалдақ қыздар!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.


Жүргізуші:

Бұл күнді тойлап жатыр барша халық.
Әйелдер күні бүгін халықаралық
Жарыққа бізді әкелген аналарды.
Бүгінгі мерекемен құттықтайық
Ұйытқысы жанұяның берекеміз
Аналар құтты болсын мерекеңіз
Әрқашан аналарымыз аман болсын
Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз
-дей келе ортаға Құлыншақ топ бүлдіршіндерін қарсы алайық!



Көңілді музыка ойналып залға балалар кіреді.


Жүргізуші: Бүгінгі мерекеде біз өз өнерлерімізді аналар мен әжелерге арнап, жылы лебіздеріміз бен махаббатмызды әнмен және бимен жеткіземіз.


Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.

Хор:Ақдидарлы анашым.


Көктем ханшайымы:Сәлеметсіздер ме балалар?Салеметсиздер ме құрметті қонақтар? Балалар сендер мені таныдыңдар ма?-Мен Көктем ханшайымымын.Мен сендердің орталарыңа аналарыңа арнап өнерлеріңді,тақпақтарыңды,билеріңді,әндеріңді шашу еткенді көру үшін келдім.Кәнекей сендердің қандай өнерлерің бар?


Жүргізуші:Көктем ханшайымы,Біздің барлық бала өнерлі!!!


Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейрамыңмен
Аяулы біздің аналар!

Біздің бүлдіршіндеріміздің аналарына арнаған өздерінің тақпақтары бар екен қарсы алайық

Ортаға Айару,Мерей ,Ернұрды шақырамыз.


Айару; Мерей;

Мені жақсы көреді, Ақ анашым аппағым,

Күндей күліп жүреді. Өзің жайлы тақпағым.

Көп ертегі біледі, Өзің жайлы әнімде,

Маған айтып береді. Арнадым саған бәрінде.


Ернұр;

Жер бетінің ғұмыры,

Күн нұрынан тарайды.

Біздің үйдің жылуы,

Анамыздан тарайды.


Жүргізуші:

Баланың да тірегі
Даланың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Бәріңіз де анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын, мейрамың,
Құттықтаймын анашым!


Би: «Гүлдер биі»


Жүргізуші: 

Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөзі баланың,
Анаға айтар лебізі.
Анасыз жоқ бір күнің,
Әжесіз жоқ бір күнің.
Ұсынамыз біз бүгін,
Сөздің сұлу шоқ гүлін.


Ән: «Ақ әжем әні»

Орындайтын:Мұхаммед Әли.



Жүргізуші:

Айналдым ана деген асыл аттан,

Шуағын бар әлемге жарқыратқан

Ойнап жүрген құлынын даладағы

Үйде отырып даусынан ажыратқан,


Ойын: «Анаңды дауысынан таны»

Балалар өз аналарын дауыстарынан тану керек.



Жүргізуші: 

Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөзі баланың,
Анаға айтар лебізі.
Анасыз жоқ бір күнің,
Әжесіз жоқ бір күнің.
Ұсынамыз біз бүгін,
Сөздің сұлу шоқ гүлін.


Ән: «Көп жаса анашым»

Орындайтын:Асылжан,Айару.


Жүргізуші:


Ақ анашым, әппағым.

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағы.

Ортаға Інжу,Кәусар,Райананы шақырамыз.


Інжу; Кәусар;

Аналарды сүйеміз, Анам болса қасымда,

Ақылын ойға түйеміз. Басқа бақыт не керек.

Әженіде ардақтап, Анашымның жүрегі,

Әдеппен бас иеміз. Мейрімді ғой керемет.


Райана;

Әлпештеген аялаған,

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.


Ән: «Анашым»

Орындайтын:Мерей,Нұрислам.



Жүргізуші:

Ана дейміз біріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық, алтын бақ.


Хор:Анашым қартаймашы.


Жүргізуші:

Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз 
Мерекеде қыздарға
Достық биін арнаймыз

Би:Барлық балалар.



Жүргізуші: Осымен біздің мерекеміз аяқталды, қымбатты да аяулы аналар мен әжелер! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздерсіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қараша
389
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі