"Ана ізін қыз басар" атты қыз сыны байқауы сценарийі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ана ізін қыз басар" атты қыз сыны байқауы сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ана ізін қыз басар" атты қыз сыны байқауы сценарийі берілген. Сайысты ұлдар көрініспен бастайды.Қыз сынына қатысқан қыздарға номинациялар беріледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мерекелік кештің тақырыбы: «Ана ізін қыз басар»

Мақсаты:

1. Балаларға жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту. Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.

2. Балаларды ұятқа тән жақсы қасиеттерді білуге, үйренуге және сөздік қорын, ойлау қабілеттерін бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.

3. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Суретті плакаттар, қабырға газеттері, нақыл сөздер, гүлдер.

Кештің барысы:

Кіріспе:

Қош келдіңіздер!Қазақ халқы «Жұмақ – ананың табанының астында», «Ана бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» деп, қашанда ананы құрметтеген, қызды мәпелеген халық. Көктеммен бірге ере келген жадыраған мереке – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен баршаңызды шын ықыласымызбен құттықтаймыз!


1.Ашылуы

- «Мен қазақпын» әні. Алибайрам ұлдарыңызды қошеметпен қарсы алайық.

2. Көрініс «Көктем патшалығы»

Автор:

Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, көденің көгерген жасыл кезінде, жерден қар кетіп, жердің түрі түрленіп тұрған уақытта, күннің сәулесі көктен қыздырып, жер – ананың денесі бусанған шақта, көңілді «Көктем» атты патшалық болыпты.

Бұл патшалыққа да жадырап «Наурыз» айы келді. Дүние жаңарды. Көк жетіліп, әлем құлпырды.

Осы құлпырған, көңілді патшалықты еліне сыйлы, ақылды хан басқарыпты.

«Көктем» патшалығы қандай үлкен болса, сол зәулім ғимараттың іші мейірім мен шапағатқа толы үлкен махаббаттан тұрады екен.

Сол патшалықты басқарған хан өз бас уәзірін,қолбасшысы мен нөкерлерін сынамаққа бел буды.

Уәзір: Рамазан

-Уа, халайық! Хан келе жатыр! Хан келе жатыр!

Ханның сұрағы: А.Дамир.

- Уа, жарандар! Менің сендерге қояр бір сұрағым бар.

Әрбір үйдің алтын қазығы кім деп білесіңдер?

Алишер

-Уа,тақсыр. Бізге осы жарық дүниені сыйлаған –ол ана.

Ахмет

- Түн ұйқысын төрт бөліп, бөбегін бөлеген-ол ана.

Альрасул:

-«Ана» деген – бәйтерегі өмірдің,


Нурислам:

-«Жұмақтың кілті ананың табанының астында»


Ескендір

- Ана ақылды болса, бала дана болады.

Бекарыс:

- Ана сыйламағанның ақылы кем

У.Алихан:

- Ананың мейірімі – көзінде, ақылы – сөзінде

Н.Алихан:

- Ана –күннің шуағы тәрізді

Мұхаммед:

- Жоқты бар, ашты тоқ ететін – ол ана.

Д.Дамир:

- Анасыз бала ұйықтамайды.

Мансұр:

- «Ана» деген алтын қазық, алтын бақ!

Мұхаммед:

-ана туралы өлең оқиды.


Қолбасшы: Алибайрам:

- Елді қорғау,анаға қамқор,қызға қорған болу -ер азаматқа берілген ұлы мәртебе.Қорғауға дайынбыз ба?

-Дайынбыз!Дайынбыз!

Хан: А Дамир

- Сендердің жауаптарыңа көңілім толды. Ана сыйлағанды Алла жарылқайды, аналарыңды сыйлаңдар! Бүгінгі күн аналарға арналсын!


Рамазан:

- Құрметті де ардақты, аналар! адамға өмір нәрін себуші құдірет иесі сіздер! Біз мәңгілік сіздердің алдарыңызда борыштармыз. Бүгінгі ән, би, бәрі де сіздер үшін.

Мұғалім:

Сұлулыққа жаны құмар халқымыз ғасырлар бойы қыз баланың сымбаты мен келбетін, мінезі мен өнегесінің қандай болу керектігі жөнінде дәстүрлі талғамы мен өлшемін қалыптастырған. Қазақ халқы бүлдіршін қызды: «алтындай ардақтым, күмістей салмақтым, құралайдың көзіндей мөлдірім» - деп еркелете білген. Ендеше сәуледей жарқыраған, айнадай таза сұлу біздің сыныптың ханшайымдарын ортаға шақырамын.

- Қарсы алыңыздар! (Сахнаға қазақша киіммен шығады)

1 ханшайым Ерланқызы Талшын

2 ханшайым Бақкелдіқызы Ғайша

3 ханшайым Шоханқызы Айару

4 ханшайым Серікқызы Медина

5 ханшайым Серікқызы Айлана

6 ханшайым Мақсатқызы Адия

7 ханшайым Әскербекқызы Гүлім

8 ханшайым Ерұланқызы Камила

9 ханшайым Болатқызы Жансая

10 ханшайым Саламатқызы Гүлфайруз

11 ханшайым Мерейқызы Ажар

12 ханшайым Дінмұхаммедқызы Әлима

13 ханшайым Ерғазықызы Асия

14 ханшайым Айдынқызы Іңкәр

15 ханшайым Ерікқызы Инабат

Хор. Ақ дидарлы анашым

Мұғалім:

Бүгінгі өткізіліп отырған кешімізді «Ана ізін қыз басар» деп тегін атаған жоқпыз. Еліміздің ертеңі мына ұрпақтың қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз - ертеңгі ана.

Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын кесіп, сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
деп халқымыз айтқандай қазақ қызының бойында қарапайымдылық,сыпайылық,инабаттылық,мейірбандылық,адалдық.

еңбекқорлық сияқты қасиеттердің болуы қажет. Қарапайымдылық қыз баланың болмысын көркейтіп,оның бейнелік ерешеліктерін айқындап,тәрбие мен ұлттық құндылықтарды бойына сіңіргендігін көркемдеп,аша түсетіндей.Көпшілік қорытындысы бойынша қыз баланың өмірлік серігі көркем мінезділік екені шүбәсіз.

Бүгінгі кеш барысында қазақ қызына тән ізгі қасиеттерді паш етпекпіз.Құрметті қонағымыз ұстаз аналар алдарыңыздағы атаулы наминация ға лайықты қазақ қызын таңдау мәртебесі бұйырып отыр.Ұстаздың ананың шешімі нақты әрі дәл боларына сенеміз. Сахна төріндегі қазақ қыздарына үлкен қошемет көрсетип қойыңыздар.


  1. «Жүректен шыққын жылы сөз» айдары

Сүйікті аналар, сіздерге деген қыздарымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар. Сүйіспеншілікпен, шынайы ықыласпен, жүрекпен айтылған бала сезімі сіздердің сезімдеріңізбен ұштасып,жалғасын табары хақ деп білемін.

  1. «Анаға қарап қыз өсер» айдары

Әрбір шаңырақтағы ана қызы туғаннан бастап, оның тәлім-тәрбиесіне, сөйлеген сөзіне, дайындаған тағамына, бойының күтіміне дейін айрықша көңіл бөліп, үнемі назарында ұстаған халықпыз.

Балалық шақта алған жақсы тәлім-тәрбие қызға өмірлік азық болары сөзсіз.

-№1 ханшайым Ерланқызы Талшын

2 ханшайым Бақкелдіқызы Ғайша

3 ханшайым Шоханқызы Айару

4 ханшайым Серікқызы Медина

5 ханшайым Серікқызы Айлана

6 ханшайым Мақсатқызы Адия

7 ханшайым Әскербекқызы Гүлім

8 ханшайым Ерқланқызы Камила

9 ханшайым Болатқызы Жансая

10 ханшайым Саламатқызы Гүлфайруз

11 ханшайым Мерейқызы Ажар

12 ханшайым Дінмұхаммедқызы Әлима

13 ханшайым Ерғазықызы Асия

14 ханшайым Айдынқызы Іңкәр

15 ханшайым Ерікқызы Инабат

  1. «Қыз көркі- шүберек» айдары

Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.

Сымбат – сәні келіскен ару – қызға

Әрдайым жұрт сүйсініп қарасатын.

деп,ақын аталарымыз жыр еткен емес пе?

Біздің сыныптың ханшайымдары сахна төрінде сән үлгілер топтамасын ұсынбақ.Тамашалаңыздар!

Марапаттау.

 -Атаулы номинациялар иегерлері анықталып,дипломдармен марапатталып,бастарына тәж кигіземіз.
1.«Әнші қыз»,

2. «Өнерлі қыз»,

3.«Биші қыз»,

4.«Көрікті қыз»,

5.«Әдемі қыз»,

6.«Ақылды қыз»,

7.«Сүйкімді қыз»,

8.«Ажарлы қыз»,

9.«Салмақты қыз»,

10. «Ибалы қыз»

11. «Талантты қыз»

12. «Инабатты қыз»

13. «Іскер қыз»

14. «Биші қыз»

15. «Сыпайы қыз»

Ата-аналар ұстаздарға тілек айтып,гүл сыйлау.


Аналарға «Тілек хат» табыстау

Дүниедегі құдіреттің бәрі ананың тілегі, ананың жүрегінің мықтылығы арқасында жүзеге аспақ. Жақсылық атаулының бәрі де ана алақанынан нәр алған. Тіпті адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер күннің нұрынан, ананың сүтінен таралады екен. Ақ самайлы аяулы әжелеріміз, ардақты аналарымыз болмаса, ешкім де бұл жарық дүние есігін ашпас еді. Сол үшін де сіздерге рахмет, қымбатты аналар! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілей отыра,балауса бүлдіршіндер «Тілек хат» табыстайды,қабыл алыңыздар!

Қорытындылау:

«Ажарлы сұлу ғажап тым,

қыздары қандай қазақтың» деп таңқаларлықтай ана ізін басар қыздарымыз өсіп келе жатыр. Лайым тіл көзден сақтасын!

Ана мейірімімен бар баланың көңіліне көктем орнап, жаздай жайнай түссін деген тілек білдіргім келеді.Көңілді патшалық адамдарға нұрын шашып , жайдары бір күнін асыл аналарымызға арнаған екен. Міне, көңілді патшалықтың мен көрген бір күні осылай шаттықпен өз ұясына қонды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
29.02.2024
508
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі