400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ана жүрегі - мейірімділіктің сарқылмас бұлағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп : Б. Сүлейменов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

Пәні: Өзін-өзі тану

Мерзiм:

Мұғалiм: Куватова М

Сынып _10 Оқушылар саны __15

Тақырып : Ана- жүрегі мейірімділіктің сарқылмас бұлағы

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттері:сыпайылық,мейірімділік,ізеттілік.

Сабақ мақсаты :Ана рөлін жалпыадамзаттық «Сүйіспеншілік » құндылығы арқылы ашу:;

Міндеттері:

-адам өміріндегі ана рөлінің маңызы мен мәні туралы білімдерін жетілдіру ;

-оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету,

-сыпайы,мейірімді ізетті болуға тәрбиелеу,

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. «5 т» ережесі Тыныштық сәтi.

«Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Үй тапсырмасы: Сара Алпысқызы туралы біліп келу.

Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында Қызылжар ауылында дүниеге келген. 1992 жылдан Бөбек балалар қайырымдылық қорының президенті.негізін қалаушы.Қор ауруы асқынған балаларды Қазақстан мен шетел клигикаларында емдейтін балалар мекемесі мен ұйымдарына қамқорлық көрсетеді.

Ескерту

Дәйексөз.

Мұғалім үстел үстіне алдын ала қиып араластырып дайындап қойған нақыл сөзді оқушылар тез тез жинап тақтаға іледі де,өз ойларымен бөліседі.

Адамның адам болуы оның анасына деген қарым-қатынасынан басталады.

Ю.Яковлев.

Дәйексөзді 2 рет ер балалар, 2 рет қыз балалар оқиды.

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Дәйексөзді дәптерге жазу.


Мұғалімнің сыйы.

Әлди1


– Апа, әлдилеші!..

Өзін қаусырмалай қалқалап, киіз үйдің ірге жағындағы өрнекті ағаш төсекке жантая кеткен анасына Қанабек бүгін де осы өтінішін қайталады. Анасы ыңылдай әуендетті:

– Әлди, әлди, ақ бөпем...

– Жо-оқ, апа, ол емес, – деді бала тыпыршып. – Орақ батырды айтшы!..

– Ал ендеше, тыныштал... Аяғынды көсіл де, көзіңді жұм.

– Былай ма?.. – деді Қанабек екі көзін тарс жұма қойып.

– Е, күнім, солай.

– Енді айт Орақты...

Апасы тамағын кенеп қойды да, баяу ырғақты әуенмен әлди сарынына салды. Соны тыңдағанда Қанабектің бойы балқып, бір түрлі рақатқа батады. Естіген сайын естігісі келеді, құмары қанбайды. Жүрегі шымырлап, денесі балбырайды. Апасы төсек салып, ұйықтатар алдында ылғи да осы әнді айтады. Сөйте-сөйте қоңыр сазды ән ырғағы әлди әуеніне айналып кеткен. Бұл әуенді бала ғана емес, әкесі де мүлги тыңдап, үнсіз ұйып қалатын. Қазір де ынтыға түсіп:

– Әй, Хиуа, дауысыңды аз ғана көтеріңкіреп айтшы, – деген тілек тастады. Бұл үйге күнде кешке таман келіп, әңгіме-дүкен құратын кісілермен сөйлесіп отырған Байсейіт әйеліне әлденеге еміренгендей елегізе мойын бұрды.

– Сені де әлдилейін бе? – деп күлді ылғи да бірімен-бірі әзілдесіп, қит етсе, қалжыңға басатын Хиуа ақсия күліп. – Келе ғой, балаңның қасына жат...

Отырғандар күлісіп еді, Байсейіт сол ойлы қалпынан аумады:

– Бала болғым келіп отырған жоқ, Хиуа... Бұл – шыным. Осы әнде алаулаған бір жалын бар. Құштарлық, аңсау, мейір, арман бар. Сен Қанашқа айтқан сайын мен де бар ықыласыммен құлақ түріп, ұйып тыңдаймын. Ән сазы бойымды балқытады, жүрегім шымырлайды. Тегі, менің де көкейіме осы ән сіңген болуы керек, естігім келеді де тұрады. Соны тыңдау Қанаш екеуміздің әдетімізге айналған сияқты...

Байсейіттің шын сөзін естігенде Хиуаның бидай өңі қызара құлпырып, дөңгелек үлкен қара көзі нұрлана жайнады. Мына сырдан кейін әлгі күлгендер де әлденеге елеңдей қалысып, Хиуаға сұқтана құлақ тосты. Көп іркілген жоқ, Хиуа кең тыныс алып, әнді тереңнен суырылған шабытты қоңыр дауыспен баяулата құбылтып, ширата бастады. Биязы үні күмістей сыңғырлайды:

Айбынды Орақ, Айлы Орақ.

Айбалтаң өткір, Сайлы Орақ...

Ән ырғағы көл бетіндегі шымырлаған майда толқындай ширатылып, мөлдір дауыс жібектей есіледі. Хиуаның қоңыржай дауысы самалдай желпіп, тындаушылардың бойын балқыта, маужырата тербетеді. Үйдің іші мүлгіген. Елтіген жұрт қыбыр етпейді. Тәтті сезімге бөлеген ән сазы қалықтай желбіреп, әуеде қалқып жүр...


  • Қанабек не үшін анасының әлдиісіз ұйқтай алмайды?

  • Қанабектің бұл қылығы дұрыс әрекетке жата ма?

  • Хиуа Қанатбектің әкесіне не деп жауап берді?

  • Ананың – балаға, баланың – анаға деген сүйіспеншілігінен нені байқауға болады екен?




Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.

1 топ. «Аялай біл сен деп соққан жүректі» тақырыбында сахналау Оқиғаның нәтижесі қандай болу керек.

Бізді бағып қағу үшін анам мектепте еден жуушы болып жұмыс істейтін.Бұл жағдай мені қатты ұялтататын.Бастауыш сыныпта оқып жүргенімде мені көруге келген еді . Ертеңіне досым «сенің анаң еден жуады екен ғой», -дегенде , ұялғанымнан жерге кіріп кете жаздадым. Мұндай жағдайға түсіруге қалай ғана дәті барды екен. Анама: мені осылай ұялтқанша келмей ақ қойғаның жақсы болар еді дедім.

Анасымен әкесі ұлының туған күнін асыға күтетін. Бұл күні анасы ұлына ұнайтын түрлі ас даярлап отбасы бақытты бір күйге енетін. Ұлының бүгінгі туған күнінде ата-анасын мектептен ұлын тағатсыздана күтіп отыр. Телефонның даусы естілгенде анасымен әкесі тұтқа ға қатар жүгірді. Баласы ана мен достарыммен кафеге баратын едім . Сенсеңіз онда сіз жасаған тамақтарданда керемет сіз жасаған тәттілердендн дәмді нәрселер жасап меені күтіп отыр-деді. Анасы жарайды балам абайлап жүр деді.

2 топ. «Ана махаббаты » сурет салу

3топ. «Анашым» өлең шығару

Анашым

Сөзі Қ.Жұмағалиевтікі

Әні М.Омаровтікі

Шет жүрсем-сағынарым,

Жабықсам-шағынарым.

Анашым, бір өзіңсің-

Табынарым!

Қайырмасы

Анашым, шалқып күлсең,

Алдымда ұзақ жұрсең,

Жүрегім жыр толғайды,

Көңілім ортаймайды.

Анасы бар адамдар,

Ешқашан қартаймайды.


------------- -сағынарым,

Жабықсам-шағынарым.

Анашым, бір өзіңсің-

-----------------

Қайырмасы

Анашым,------------ ,

---------- жүрсең,

Жүрегім,-----------

------------ ортаймайды.

Анасы бар адамдар,

Ешқашан қартаймайды.

Топпен ән айту.

«Ана туралы жыр »

Сөзін жазған: Ғ .Қайырбеков.

Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов


Үй тапсырмасы.

«Ана -мейірімділіктің сарқылмас бұлағы » эссе жазып келу.


Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Бүгінгі сабағымыздан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, көкейімізге түйіп алайық. Бүгінгі сабақ үшін сіздерге көп рахмет!































































1Кекілбаев. Ә. Үркер. Алматы: Жазушы, 2003.– 59 бет.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қыркүйек
950
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі