жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Ана-мөлдір бұлақ, бала-жағасындағы құрақ» сыныптан тыс тәрбие сағаты
«Ана-мөлдір бұлақ, бала-жағасындағы құрақ» сыныптан тыс тәрбие сағаты
Мақсаты: Ата-ананың бала -тәрбиесіне деген көз қарасын қалыптастыру, бала тәрбиелеуде ата-ана рөлін арттыру, отбасында сыйластық, мейірімділік, татулық, адамгершілік сезім қалыптастыру. Ата-аналардың басын қосып отбасылық сайыс ұйымдастыру.
Армысыздар, құрметті әріптестер, ата-аналар. Бүгінгі мектепішілік «Ана – мөлдір бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» атты сыныптан тыс тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Баланың басты ұстазы ата-ана!Қазақ халқында «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Асқар тауы –сүйеніші әкесі,
Мөлдір бұлақ-тіреушісі анасы.
Жасыл құрақ-келешегі баласы,
Олар бірге болады мықты отбасы – дей отырып, бүгінгі
отбасылық сайысқа қатысқалы отырған аналар мен балаларын ортаға шақырайық. /сазды әуенмен отбасылар ортаға шығады/
1 .Анасы: Дуйсенова Гулназ, баласы Тұрысбек Арман
2. Анасы: Сарымық Самал, қызы Жұмабай Инабат
3. Анасы: Ошақбаева Гулнара, ұлы Садыржан Арсен
4. Анасы: Қуанышбаева Айнур, ұлы Кеңес Мирас
5. Анасы: Айдынқызы Гүлдана, Наргиза Русланқызы
Отбасынан өнегелі тәлім алған
Өнерлілер талай елді таң қалдырған,
Жыр жырлап, ән салып би билесе
Ешкімнен қалыспаймыз бізде енді-деп,ортамызға үкілі үміттерімен келген отбасыларға қош келдіңіздер демекпіз.
Отбасылық сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлердің өнерін бағалап, әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін. (сазды әуен)
1.Мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі : Мыхметова Б
2.Мектебіміздің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Асқарова М
Бүгінгі отбасылық сайысымыздың ең жоғарғы саны 5 балдық жүйемен бағаланады. Алдымен сайысқа қатысушы отбасыларды сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.
1. Отбасы презентациясы (әр отбасы өз тобын таныстырады)
2. Ой қозғау(ситуациялық сұрақтар айдары)
3. Эссе жазу Тақырыбы «Ана мен бала»
4. «Бұл менің балам» (Аналар көздері жұмулы күйде балаларын табады)
5. Сауалнама
6. Жүректен жүрекке айдары
Бала тілегі (балалардың тілегін тыңдау)
Шақырайық ортаға.
Олай болса кезекпен
Таныстырсын өздерін –деп ана мен баласын ортаға шақырамын.
1. Отбасы презентациясы (әр отбасы өз тобын таныстырады)
Аналар мен балалар өздерін және эмблемаларын таныстырады.
2.Ой
қозғау (ситуациялық
сұрақтар
айдары)
1.
Балаңыз телеарнадан мультфильм көріп
отыр, осы сәтте келесі арнадан сіздің
сүйікті телехикаңыз басталды. Сіз не
істейсіз. Балаңызға жасар әрекетіңіз
қандай?
2. Сіз балаңызды дүкенге
жұмсадыңыз. Балаңыз «мен сурет салып
отырмын» деп барудан бас тартты. Не
істер едіңіз?
3. Мектептен келген
балаңыз. «Мен ертең мектепке бармаймын
, апай ұрысты» деді. Сіздің әрекетіңіз
қандай болмақ?
4. Мектептен келген
қызы мамасына «Мама сізге қызық нәрсе
айтамын. Бүгін мектепте ..... деп әңгімесін
бастап жатыр еді. Сіз : «Сенсіз де
басым ауырып тұр, мазамды алма!» деді.
5.
Бақытты отбасы болудың негізгі шарттарына
нені жатқазар едіңіз?
3.
Аналарға «Ана мен бала» тақырыбында
эссе жазу тапсырмасы беріледі. Эссе
шағын және тақырыпқа сай, әдеби тілмен
өрнектелген мағыналы болуы керек.
4.
«Бұл менің анам»
Шарты: Аналар көздерін жұмулы күйде балаларын іздеп табады.
5. Сауалма айдары.
Ана мен баладан жеке жеке психологиялық сауалнама алынады.
6. «Жүректен жүрекке» айдары
«Бала тілегі» (балалардың тілегін тыңдау)
Қорытынды бөлім:
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену , жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Бұл сайыстан ренжімей
Тараса бізге жарады -
демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңім-пазды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.
Күннің нұры, шуағы барлығы ананың жүрегінен нәр алған сияқты. Қай қайсымыз болмасын, қайда жүрсек те жүрегіміз ананың аяулы алақанын аңсап тұрады. Сондықтан бәрімізде ананың алдында қарыздармыз ананың махаббатына алдында бас иеміз? Осымен сыныптан тыс тәрбие сағатымыз аяқталды. Шын ниетімізбен алғыз айтамыз. Құрметті қонақтар, келгендеріңізге көп-көп рамет!
5.
Ситуациялық сұрақтар.
Ата - аналар
үстел үстінен үлестірмелі қағаздарды
бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.
1.
Балаңыздың өнері, қандай да бір іске
қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не
істер едіңіз?
2. Баламен сөйлесе білу
де үлкен өнер, Мысалы: түн неге қараңғы,
күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады,.....
деген сияқты таусылмайтын сауалдар
көп. Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды
көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз
ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?
3.
Сізге балабақшадағы тәрбиешіден «Сіздің
балаңыз басқа балаларды ұрады» деген
бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата
- аналардан да «Біздің баланы ұрды»
деген сөз естуге тура келеді дейік. Не
істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
4.
Кейбір ата - аналардың баласының әрбір
іс - әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала
алмайсың, сен істей алмайсың», - деп
айтып жататынын байқаймыз. Бала
іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай
қарайсыз?
5. Балаңыздың тәртібі жайлы
білгіңіз келіп, балабақшаға келіп
тұрасыз. Тәрбиешісі сізді қатулы қабақ,
ашулы күймен қарсы алды. Сіздің
әрекетіңіз?
6. Балаңыз қандайда бір
теріс іс - әрекеттер көрсетсе, сіз қандай
шара қолданасыз?
1.
Балаңыз телеарнадан мультфильм көріп
отыр, ос2ы сәтте келесі арнадан сіздің
сүйікті телехикаңыз басталды. Сіз не
істейсіз. Балаңызға жасар әрекетіңіз
қандай?
2. Сіз балаңызды дүкенге
жұмсадыңыз. Балаңыз «мен сурет салып
отырмын» деп барудан бас тартты. Не
істер едіңіз?
3. Балабақшадан келген
балаңыз. «Мен ертең балабақшаға бармаймын
, апай ұрысты» деді. Сіздің әрекетіңіз
қандай болмақ?
4. Балабақшадан келген
қызы мамасына «Мама сізге қызық нәрсе
айтамын. Бүгін балабақшада ..... деп
әңгімесін бастап жатыр еді. Сіз :
«Сенсіз де басым ауырып тұр, мазамды
алма!» деді.
5. Бақытты отбасы болудың
негізгі шарттарына нені жатқазар
едіңіз?
6. Бала тәрбиесі қай жастан
бастап қолға алған дұрыс?
Балаларға сауалнама
Сен үшін ананың орны қандай? /қысқаша жаз/
Анаң сені қалай еркелетеді?
Бос уақытыңда немен айналысасың?
Болашақта кім болғың келеді?
Ұстаз сен үшін кім?
Оқып жатқан мектебің ұнай ма?
Ата-аналарға арналған сауалнама
Балаңызбен қаншалықты жақынсыз?
Ол неге қызығады?
Ол нені ұнатпайды?
Балаңыздың достары көп пе?
Бос уақытын қалай өткізеді?
Балаңыздың теледидар мен ғаламторда жалғыз қалмауын қадағалайсыз ба?
Балаңызға берген уәдеңізде тұрасыз ба, қаншалықты орындайсыз?
Сабағына көңіл бөлесіз ба?
Балаңызбен сырласасыз ба?
Ата-ана үшін баланың орны қандай? /қысқыша жазаңыз/

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген