жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ана-өмір гүлі
№3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясы
8-наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік.
Тақырыбы: Өмір гүлі-аналар!
Дайындаған: Қасымова Г. М.
2017 ж.
Тақырыбы:
Өмір гүлі – аналар!
Мақсаты: Көктемнің алғашқы мерекесі – аналар мерекесі жөнінде
түсінік беру. Балаларды аналарына деген сүйіспеншілікке баулу, ана
еңбегін ардақтап, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, шарлар, гүлдер, суретті плакаттар.
Жүрісі:
Мұғалім:
- Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін бізде үлкен мереке, сіздердің
алдарыңызда мектепалды даярлық сынып тәрбиеленушілері өздері
дайындаған билерін билеп, әндерін шырқап, тақпақтарын айтпақшы.
Көктемнің алғашқы айындағы ең алғашқы мереке – 8 наурыз – аналар
мерекесі де келіп жетті. Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық,
жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние
есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына
еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш
сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді
сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды
адам, бұл – ана. Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам
болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің
өмір бойындағы борышың. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деп бекер
айтылмаған, ортамыздағы асыл әжелеріміз де, аналарымыз да аман
болсын! Осы мерекеге орай «Өмір гүлі – аналар» тақырыбындағы
мерекелік шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер! Енді балаларымыздың
өнерін тамашалаңыздар.
Кім сендерді балалар сүйетұғын
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай
Сендер үшін дамылсыз жүретұғын
- Ол кім?
Балалар:
-
Ана
Жәнібек:
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.
Диляра:
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар.
Альмира: - Қымбатты
ақ жаулықты әжелер, асыл аналар! Сіздерді көктем айының ең алғашқы
мейрамы 8 – наурыз мерекесімен құттықтаймын!
Мұхаммедәли: - Көктемгі күннің көзіндей жылы жүзді, нұрлы келбетті
аналарымызды, сыныптас қыздарды көктемнің шұғылалы мерекесімен
құттықтаймын!
Мөлдір:
Құрметтейік балалар аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан
ғой
Ойлауменен
істелік әр қадамды.
Руслан:
Ана деген - асылы ғой даланың,
Ана деген - сағынышы баланың.
Бұл өмірге қуанышпен нұр төккен,
Бас иеміз алдында біз ананың!
Латифа:
Теңдесі жоқ данасың,
Арқа сүйер панасың.
Еңбегіңді ақтаймын,
Аман болшы анашым!
Досалы:
Менің
анам ақылшым,
Күн секілді білгенге
Шашырайды шуағы
Үйімізге кіргенде
Асылым:
Еркелеймін шаттанам,
Жарқын күлкің
бақ
маған
Ақ бетіңнен сүйейін
Келші
кеплші
ақ мамам
Дәурен:
Анам менің асыл жан,
Құшағы нұр шашылған.
Күн секілді күледі
Сипап ылғи басымнан.
Самира:
Сүрінсем
сүйеп, болатын тірек,
Сол үлкен жүрек.
Сен екен жалғыз, Жан - Ана!
Барлығы (хормен):
Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз!
Ән:
«Апатайым-анашым»
«Ана туралы
бірер сөз». Сөз кезегі балаларға беріледі.
Мөлдір: Ақ тілеулі,
кең пейілді аналарымыз өмірдің бастауы, тіршіліктің сәні. Аналар
біздің басты байлығымыз. Ана - адамзат мекен еткен жер шарының әр
түкпірінде, әр үйде мейірім мен мерейдің, достық пен туыстықтың
туын тіккен аяулы жан.
Мұхаммедәли: Бәйшешек
соншалықты нәзіктігіне қарамастан қардың астынан бүршік жарады.
Біздің асыл аналарымыз да соншалықты нәзіктілігіне қарамастан
барлық қиындық атаулыға төзімді.
Альмира: Адам ең
алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда
салуды қаламайды. Ана баласының ер жетіп адал болуын қалайды. Анаға
осыдан артық тарту таралғының керегі жоқ.
Диляра: Ана – барлық
өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,
өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың
ақ сүтінен дариды.
Адилхан: Адам үшін ең
аяулы, қастерлі жан - ана. Ол бала дүниеге келгеннен бастап, өзінің
жұмсақ алақанын, жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін, махаббатын
арнайды. Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш
береді.
Ансар:
Менің анам - ең құрметті жан. Ол өте әдемі,
мейірімді, қайырымды. Ол маған өмір сыйлады. Рахмет, саған
анашым!
Ән: «Анашым»
Мөлдір:
Баланың да тірегі
Даланың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Бәріңіз де анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын, мейрамың,
Құттықтаймын анашым!
Рауан:
Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөзі баланың,
Анаға айтар лебізі.
Анасыз жоқ бір күнің,
Әжесіз жоқ бір күнің.
Ұсынамыз біз бүгін,
Сөздің сұлу шоқ гүлін.
Дилназ:
Ақыл
құйған санама
Күннен артық расында.
Күн алыста, ал анам
Ылғи менің қасымда.
Дильназ:
Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз.
Ұланды ана қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!
Алирахман:
Айналайын анашым
Асқар таудай панасың
Бір өзіңе арнаймын
Сөздерімді бар асыл
Айбикен:
Шуақ
төгіп күлімдейтін қарасам,
Анашымды күнге ғана баласам.
Жер бетінде ең жақыным - өзіңсің
Мәпелейсің, аялайсың әрқашан!
Рауана:
Еркелесем
күлімдейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан иіскеп менің
Құлыншағым күнім дейтін
Медина:
Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсақ шаттанған,
«Алтыным» деп мақтаған,
Айналайын, ақ анам!
Альмира:
Сыйлаған маған өмірді
Анашым менің аялы.
Жүрегі жұмсақ көңілі
Күн шуақты саялы.
Мұғалім: - Бүгінгі мейрам аналардікі ғана емес, ардақты әжелердікі
де. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - бекер айтылмаған. Келесі
құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер!
Жәнібек:
Әжемді мейрамымен
құттықтаймын,
Айтатын ән, беретін гүлім дайын.
«Әжетай сені жақсы көремін» деп
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
Аружан:
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Ән:
«Әжеме»
Би: «Қара жорға»
Мұғалім: - Осымен біздің мерекеміз
аяқталды, қымбатты да аяулы аналар мен әжелер! Мерекелеріңіз құтты
болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған
сіздерсіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман
болайық!
Мереке соңында балалар өз қолдарынан жасаған сыйлықтарын табыс етеді.
Анықтама
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне байланысты ұйымдастырылған іс-шараның өткізілуі жайында
Наурыз айының 5 жұлдызында дайындық «А» сынып оқушыларының аналарына арналған «Өмір гүлі – аналар!» атты ертеңгілігі өткізілді. Ертеңгілік өтетін орын мерекеге сай безендірілді. Слайд тақтада ана туралы ойлар мен тақпақтар, суреттер кезектесіп ашылып отырды. Ертеңгілікті аналар толық келіп, тамашалап көріп қайтты.
Ертеңгілік ана туралы ұғымдар мен ойлардан басталды. Мерекенің ән-шашуын Серікбаева Альмира «Әрия-айдай» әнімен бастады. Әрі қарай балалардың жаттаған монтаждары айтылып өтті. Балалардың жаттаған тақпақтарының арасында әндері де шырқалып отырды. Ана туралы ойларын үш-төрт оқушы ортаға шығып айтып өтті. Балалар мен аналардың көңілдерін бір сергітіп алу мақсатында «Көңілді күн» әнімен, әуенмен жаттығулар ұйымдастырылды. Бұл мереке тек аналардың ғана емес, әжелердің де мерекесі дей келе , әже туралы әндер мен тақпақтар айтылды. Сонымен қатар балалар «Қара жорға» биін билеп , аналардың көңіл-күйлерін көтеріп отырды. Балалар ертеңгілікке толығымен қатысты. Мерекенің соңында оқушылар өздерінің қолдарынан жасаған сыйлықтарын табыс етті. Аналарға арналған мерекілік іс-шара аналардың көңілдерінен шығып, өздерінің ризашылықтарын білдірді. Мерекенің соңында аналар балаларымен естелікке суретке түсті.
Дайындаған: Қасымова Г. М.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген