400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ана-өмір шуағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға көмегі тиер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ана өмір – шуағы

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер , өлеңдер әндер арқылы ұстаз – аналарды аруларды мерекемен құттықтау. Оқушыларды мейрімділікке , ұстамдылыққа тәрбиелеу,ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру,ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Көрнекіліктер: Зал мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар,суреттер.

Тәрбие сағат барысы:

Жүргізіуші: Армысыздар , аналар ұстаздар,қыздар! Міне жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8 – Наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан ,ананың ақ сүтінен жаралған . Сондықтан құрметті асыл аналар,қадірлі әжелер бүгінгі «Ана - өмір шуағы » атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.

Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана. Ана бұл аяулы да мейрімді жан . Баланың тілі шыққаннан - ақ бірінші сөзін «Ана» деп айтады. Осы бір «Ана» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңіші! Олай болса бүгінгі аналарға әжелерімізге арналған

Әбдіманап Ұлжанның орындауында Ана толғауы қабыл алыңыздар

Ана шырақ ұрпағымен жағылған

Өз анасын бар періште сағынған

Құдыретін сезінген дер бас иіп

Ана деген үш әріпке бағынған

Аман болса ана деген ардағым

Күндей болып нұрланады жан-жағым

Қуанышпен бар қайғысын өмірдің

Ана ғана көтереді салмағын

Ана деген көтереді салмағын

Ана мөлдір жаралғандай бұлақтан

Қорған болып аймаласа перзентін

Тәңірінен амандығын сұратқан

Ана деген түн ұйқысын төрт бөлген

Ана ғана өткізеді өткелден

Жадыратса жаздай етіп жаныңды

Шуағы ыстық аумайтұғын көктемдей

Анаң болса жүзіп өтер кемең бар

Анаң болса қартаймайсың деген бар

Тірі кезде қадірлесең анаңды

Шын өкініш жауламайды санаңды

Ұзақ өмір жасай берсін аналар

Аналарын қадірлесін балалар

Шаңыраққа шаттық нұрын сыйлаған

Аман болсын ақ жаулықты аналар

Жүргізуші:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай

Қалайша аяулы ана тыңа алармын

Ән болып сағыныштан ақтарылмай-деп абзал аналарымыздың құрметіне Қазақбай Айарудың Анашым –анажаным әнін қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Десекте уақытпен жарыспайды

Қиялға қиялменнен қарыштайды

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп

Жырларын аналарға бағыштайды.олай болса балаларымыздың аналар жайлы тақпақтарын қабыл алыңыздар

Дина

Мерейлі сәт мерекеге ұласып,

Сегізінші Наурыз келді қыр асып

Қыз- келіншек,нәзік жандар мейрамы,

Көктемімнің шапағатын тұр шашып.

Базарбай

Еркелеткен біз үшін

Еңбек еткен біз үшін

Еркелеткен біздерді

Еркіндеткен біздерді

Анамызға мың алғыс

Адал бол деп балдырған

Әділдікке баулыған

Жүрегінде мархаббат

Анамызға мың алғыс

Алмаз

Аялаған анашым

Мәпелеген анашым

Менің саған тілегім

Қартайымашы анашым

Теңдесі жоқ данасың

Арқа сүйер панасың

Еңбегіңді ақтаймын

Аман болшы анашым

Дидар

Құттықтаймын аналарды,қыздарды,

Мерекеден шуақты бір із қалды.

Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,

Нұрын шашсын мерекеге өнерлер!

Қайсар

Ананы мен жақсы көремін,

Ана шаттық,бақыт береді.

Анаменен барлық адам,

Бақытты болып жүреді.

Айару

Бәрімізге анасың

Біз үшін күн боп жанасың

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым

Аяулым

Мәпелеп мені өсірген

Ризамын мен өзіңе

Ана деген керемет

Сыйлап отем өмірде

Әли

Аялаған анашым

Мәпелеген анашым

Менің саған тілегім

Қартаймашы анашым

Нұрасыл

Аналарды сүйеміз

Ақылын ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

Жұлдызай

Бәрімізге анасың

Біз үшін күн боп жанасың

Құтты болсын мейрамың

Аман сау бол анашым

Ұлдана

Бүгін Наурыздың сегізі

Сұлулықтың егізі

Әдемі сөз анамның

Анама айтар лебізі

Мәпелейсің мені анам

Қолыңдағы құсыңдай

Құлпыра өсіп дем алам

Құшағында қысылмай

Інжу

Анам болса қасымда

Басқа маған не керек

Анашымның жұрегі

Мейрімді ғой керемет

Інжу

Жүргізуші:

Мереке құтты болсын, аналарым, Мәпелеп,еркелеттің,аяладың Лебізіңе алғысты айта келе Ән жырымды қабыл ал аналарым! дей келе Жайлау Алмаздың орындауында Анамнын тілі әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде – алдарыңызда біздің бүлдіршіндердің Вальс биін қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:

Алдарыңызда Серік Жұлдызайдың орындауында Асыл әжем әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Аяулысың,ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй,өлең мен би

Сендер үшін мереке шашулары.

Би: Батырлар биі

Ойын :«Кім бірінші қызға гүл сыйлайды»

Шарты: Ортада құмыраға салынған гүлдер тұрады. Ойынға 5-6 ұл бала қыздарды вальске шакырады. Әуен ойнап вальс билейді.Әуен тоқтаған кезде,ұлдар жүгіріп барып құмырадағы гулді алып қызға гүл сыйласа,сол бала жеңіске жетеді.

Жүргізуші:

Әркімнің де өмірде аласы бар,

Аласы бар адамның анасы бар.

Мерекесін құттықтап аналардың,

Ән жолдайтын аналардың баласы бар.- Рақманберді Әлидің орындауында Ана Әке әнін қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:

Не деген құдірет едіңіздер,аналарым!

Сыйынатын болса өмірде құдірет,

Сыйынар ем ана деген тәңірге!

Ананы да мені де әлпештеген,

Қайтпас қайрат,дариядай ақыл берген.

Ниетің қабыл болсын,аналарым,

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам, Сонда біз кісілікке теңесеміз- дей отырып мерекелік кешімізді қорытындылау сөзді Мектеп директорыңың оқу ісі жөніндегі орынбасары Найманбаева Әсем апайға,және де мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дүзенова Гүлзат апайға береміз.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
559
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі