МКҚК
№39 «Меруерт» балабақшасы
Келісілді:
Әдіскер
Бергазденова А.Е
«Ана
– өмір шуағы»
Дайындаған:
Омарова Гулсим Торебаевна
Мақсаты:
Ана-өмір
шуағы, ана-өмір гүлі, анаға тек ұлылық
тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала
махаббатын ояту; Анасын сүю арқылы
еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін
арттыру. Балаларды аналардың еңбегін
бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасады
адамдарға туыстық.
Бар
адамға берсе ананың мейірімін,
Орнар
еді бар әлемде тыныштық.
Құрметті!
Ардақты аналар ақ жаулықты әжелер және
қонақтар көктемнің алғашқы мерекесі 8
наурыз халықаралық аналар мерекесі
құтты болсын!!!
Ерхан:
Құрметтейік балалар аналарды,
Бізді
өмірге әкелген даналарды.
Себебі
ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен
істелік әр қадамды.
Аналар,әжелер
мерекелеріңіз құтты болсын.
Мирас:
Баурап алар бірақ ауыз сәлемі,
Қазақ
қызы әдепті де әдемі.
Қазақ
қызы ақылына көркі сай,
Тұнып
тұрған сұлулықтың әлемі-дей отыра
Балдырған тобының аруларын ортаға
шақырайық. (ортаға қыздар шығады)
Жүргізуші:
Балдырған тобының «Ана-өмір шуағы» атты
ертеңгілігімізді бастауға рұқсат
етіңіздер.Біздің балалардың аналарына
арналған тақпатарын қабыл алыңыздар.
Нұртілеу:
Көзімді ашып өмірге,
Алып
келген-анашым.
Ақ
періште көңілге,
Жарық
берген-анашым.
Иса:
Ананың біз гүліміз,
Ана-біздің
күніміз.
Ұландарды
қуантып,
Ұзақ
өмір сүріңіз.
Жан:
Еркелесем,күлімдейтін,
Ұрысқаны
білінбейтін.
Маңдайымнан
иіскеп менің,
«Құлыншағым,күнім»
дейтін.
Ерзат:
Әлемдегі
ақылды адам,
Бәрінен
де жақын маған.
Ол
жанымда жүргенде мен,
Батырларша
батылданам.
Жүргізуші:
Ортада «Испан» биі
Жүргізуші:
Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана
деген мөлдір жандар бұлақтай,
О,адамдар
қадірлей біл анаңды
Жат
қылыққа ақыл ойды танытпай.
Көрініс
«Құрметтейік ананы»
Ағылшынша
ән «I love momi» (есік қағылып әуенмен ару
көктем келеді)
Ару
көктем:
Мен көңілді көктеммін,
Былтыр
келіп кеткенмін.
Көзін
ашып бұлақтын,
Түбіне
тал еккенмін
Гүл
боп қырда егілем
Дән
боп жерге себілем.
Жаңбыр
болып жауам да,
Нұр
боп көктем төгілем
Шуағын
төгіп әлемге
Жылуын
күннің әкелгем.
Жүргізуші:
Амансың ба,Ару көктем? Ұлан байтақ
жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды
шаттандырып,нұрыңды мол төге бер.
Ару
көктем: Балалар
мен сендерге өзіммен бірге көктем
гүлдерін ала келдім сендерге арналған
сыйы бар.
Жүргізуші:
Ән «Тыңдашы,тыңдашы»
Ару
көктем:
Ойын «Ең әдемі мерекелік көйлек»(ортаға
бір бала жүгіріп шығады)
Жүргізуші:
Қариясы бар үйдің қазынасы бар деп бекер
айтпаған.Қазыналы әжелерімізді құттықтай
отырып,әнімізді қабыл алыңыздар.«Әжем»
әні орындалады.
Жүргізуші:
Балдырған
тобының сері жігіттері аналарына
арналған жыр шумақтарын қабыл алыңыздар.
Нұркелді:
Мені жақсы көреді,
Күндей
күліп жүреді.
Көп
ертегі біледі
Маған
айтып береді.
Бақкелді:
Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды
қумаймын.
Айтқан
сөзді тыңдайды,
Анашымды
сыйлаймын.
Руслан:
Мейірімнен жаралған,
Күн
нұрынан нәр алған.
Шуақ
болып таралған,
Кім
бар жақын анамнан.
Мансұр:
Анам үшін күнде мен
Отынға
ағаш жарамын
Су
құямын гүлге де,
Дүкенге
де барамын.
Нұрислам:
Баланың да тірегі
Дананыңда
тілегі,
Ауырмасын
ешқашан
Анамыздың
жүрегі.
Жүргізуші:
«Саңырауқұлақтар»
биі. «Анашым» әні орындалады.
Жүргізуші:
Сіздер-Күнсіз,аспанда
жарқыраған,
Сіздер-өзен,тау
суы сарқыраған,
Сіздер-ана,сіздер-жар,сіздер-қыздар
Сіздер-жаңбыр,ақ
нөсер сарқыраған дей отыра осымен
«АНА-өмір шуағы» атты ертеңгілігіміз
аяқталды.Рахмет!