жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ана-өмір шуағы
Мақсаты:Балалардың тіл байлығын дамыту; жақсы мен жаманды ажыратуға үйрету.
Балалар бойына үлкенге құрмет, кішіге ізет жасай білу қасиеттерін сіңіру;әсемдікке,ұйымшылдыққа , кішіпейділікке тәрбиелеу.
Қатысатындар:
1.Көктем.
2.Вини Пух пен Пятачок торайы.
3.Тауық балапандарымен.
4.Мысық балаларымен.
5.Балалар мен ата- аналар.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!
Ақ жаулықты әжелер, асыл да
Аяулы аналар, балабақшамыздың тәрбиешілері ,ару қыздар!
Сіздерді 8 Наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтаймыз!
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әр бір күннің әр айың .
Қадірлі аналар көңілді,
Көктемдей жайнап гүл ашсын.
Бақытқа толып өмірі-
Шаттыққа шаттық ұлассын!
Мансур: Білесің бе Злата?, Ана-
Деген керемет асыл жан.
Менің анам кішкентай кезімде
Не айтсам соны алып беріп,
Түн ортасында шөлдесем тұрып
Шырын су беретін.
Злата: Ал менің анам ұйықтар алдында ән, ертегі айтып ұйқыдан оянғанымда жүрегіме жылу беретін сөздер айтады.
Жүргізуші: Бала? Бала,бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Аялы қолды талпынтқан,
Қаймақты сүттей қалқытқан.
Суық болса жөргегі,
Қорғасындай балқытқан.
Айналасына ас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан.
Бұл кім ?
Балалар: Ана! Ана! Ана!
Жүргізуші: Аналарға енді жырдан шашу шашайық.
Ән: «Маму поздравляют малыши»
М.Диас: Жыл басы- Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Аналар тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды.
Құндыз: Жылылықтан жаралған,
Құшағы оның таң мекен.
Менің айдай анамнан,
Асқан сұлу бар ма екен ?
Талап: Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіңе,
Мейірімді күннен де.
Айару:Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші Наурызбен!
Жүргізуші: Ананың әр бір сөзі жылылыққа
Толы 8 Наурыз- аналар мерекесі,
Көктемнің сахнасы.
Жылы нұрын төгіп көктем келді,
Шуығына адамзатты баурап табиғат
Құлпырып бір әдемі әлемге бізді апарады.
Көктем қандай көңілді, күміс жаңбыр төгілді,
Мөлдір аспан ашылып, күн пердесі сөгілді
Жыршы құстар көп келді, гүлдер жапты бөктерді.
Кел балалар ән менен.
Қарсы алайық көктемді.
(Музыкамен көктем кіреді)
Жүргізуші: Балалар, бізге қонаққа көктем келді.
Көктем: Сәлеметсіздер ме, қонақтар, балалар! Табиғат ұйқысынан оянып,жер бетін әдемі әуенге бөлеп түрлі түсті бояуларға толтырады. Мен көктеммін қойным әсем гүлге толы, осы гүлдерді сіздердің мерекелеріңізге ала келдім.
Жүргізуші: Рахмет, Сізге көктем!
Сіз бізге қонаққа келдіңіз, мерекеміздің қонағы болыңыз! Сізге арнап біздің балалар ән орындап береді.
Ән: «Біз өмірдің гүліміз»
Нұрмұханбет: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән,беретін гүлде дайын
«Әжетай, сені жақсы көремін»деп,
Ақырын құлағына сыбырлаймын.
Артурқызы.Н:Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді,
Барған сайын бір жаққа,
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені өйткені,
Өте жақсы көреді.
Жасұлан:Өскенде мен ал,енді,
Аралаймын әлемді.
Сыйлық әкеп әжеме,
Таң қалдырам бар елді.
Жүргізуші: Әжелерге арнап би билейміз!
Нұрайым:Менің әжем –ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағыда.
Жанбек: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әженіде де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Ермұқан:Кигіземін өзім галошіін,
Әкеліп берем таяғын.
-Әже қайда барасың?
Деп Сұрапта қоямын.
Нармин: Ол қаласа әр үйге,
Апарамын жетектен.
Орындаймын бәрін де,
Айтқан ісін екі етпей.
Жүргізуші: Біреу есік қаққандай , балалар біздің мерекемізге тағыда меймандар келе жатқан көрінеді. Кімдер болды екен?
Винни Пух-аю мен пятачок-торайы кіріп келеді.
Винни аюы: Сәлеметсіздер ме,балалар!
Біз азанымен қонаққа барғанды ұнатамыз.
Сіздерге де ояна салысымен келдік.
Бізге қонақтарыңа беретін тәттәлеріңіз жоқпа?
Қонақтар келгенде сыйлау керек емес пе?
Ойын: Ата-аналармен және балалармен:
«Өз балаңды тап» ойынын ойнау.
Жандос:Ана,ана,Анатай,
Сені жақсы көремін.
Өзіңмен бірге далада серуендеп келемін.
Тазалап бірге үй жайын,
Қуаныштап жүремін
Қасыңызда күн сайын.
Ән: « Құттықтаймын мама»
Пятачок мен Винни пух аюы:Біздерге сендердің әндерің, билерің ұнады,бірақ біздің қарнымыз ашып кетті.Осы сіздерде тәттілер бар ма ?
Жүргізуші:Әрине сендерге арнап тәтті де, болса береміз. Тек сендерді аналарың қалай еркелетеді.
Соны айтып беріңіздерші.
Винни аюы: Мені анам қорбаң-байым, маймағым, қонжығым қоңырым –деп еркелетеді.
Пятачок торайы: Ал мені анам томпағым, қорсылдағым, ашқарағым деп еркелетеді.
Жүргізуші: Ал балалар сендерді аналарың қалай еркелетеді?
(Балалардың жауабы )
Жүргізуші: міне сендерге тәтті кәмпит.
Винни Пух аюы мен Пятачок кетед.
Би «Қалпақ пен»
Мұхаммед: Сыйлайыншы гүлімді.
Тауып алған даладан.
Мейрамыңыз бүгінгі құтты болсын?
Анажан !
Ералы:Бізді өсірген апатай?
Еңбегіңіз зор екен.
Құтты болсын, апатай!
Құтты болсын мерекең.
Би: « Гүлдер»
Жүргізуші: Жұмбақ шешейік.
1.Өзі жап- жас мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар
Тастамайды жылы үйде
Түкті жүнін-өңібар
2.Тоны бар, шапаны жоқ
Мұрты бар, сақалы жоқ (Мысық)
3. Ақ сауыты жыртылды
Бір жығылып,бір тұрды. (Балапан)
Жүргізуші:Ал қазіргі ертегіміз тауық пен балапандар және көрші тұратын мысықтар жөнінде болмақ.
Бір ауланың ішінде,
Екі көрші тұрады.
Мысықжан ұясымен,
Тауық балапандарымен,
Көрейінші кәнеки
Балапандардың ойын сауық құрғанын,
Жемді шоқып жегенін,
Көңілді өмір сүргенін.
« Тауық пен балапандар» биі.
Тауық: Балапандарым қандайсыңдар?
Айтқан тілді алмайсыңдар?
Азаннан кешке дейін,
Тыным таппай ойнайсыңдар.
Шаршадым мен, кеттім мен
Көршімізге барамын.
Мысықтың балаларын көріп қайтамын.
Жүргізуші: Ал, енді кішкентай мысықтың балаларын көрелік,
Сүйкімді, үлпілдек, кішкентай мысықтар
Өз аналарын жақсы көреді.
Бірақ тәртіпсіз боп жүреді,
Аналарын ренжітіп, өкпелетіп алады.
Жүргізуші: Мысық ана шаршады,
Мұңын айтып көршісіне барады.
Мысық: Мазам кетті шаршадым,
Денсаулықты кім сұрар?
Тауық: Мұңдасым түсінем сені де,
Шаршатты балапандар мені де.
Мысық: Мысықтарымды жақсы көремін
Оларсыз қалай өмір сүремін?
Тауық:Балапандарым өте жақсы көремін
Еркеліктеріне көнемін.
Мысық:Көрші тауық екуміз,
Бір қателік жібердік.
Балаларды дұрыс тәрбиелеп көрелік
Ата-аналарға бір сұрақ қояйық
Ерке,тентек балалар бар ма?
Тәртіптерін жөнделік,
Ертеңмен көңілсіз боп оянатын,
Күніменен долданып,
Қайда менің кейімім днп жүретін ,
Барма сіздерде сондай балалар?
Мысық:Киімдерін теріс киетін,
Күні бойы ойнайтын,
Күн ұзаққа ұйықтайтын,
Ойыншықтарын жинамайтын,
Бар ма сондай балалар?
Мысық: Әй, тауық көршім,
Ешкімде жоқ екен –
Тыңдамайтын балалар.
Тағы кімде бар екен
Ондай болса кетейін.
Тауық:Кетейік көршім ,
Жүргізуші:Балапандар, мысықтар
Өз аналарыңа көмектесуді
Білесіңдер ме?
Жүргізуші: Балапандар, мысықтар жарайсыңдар!
Балапандар: Тәртіпті біз боламыз !
Мысықтар :Айтқан тілді аламыз.
Мысық анасы: Кешіреміз сендерді,
Тек тентектікті қойыңдар.
Аналарды ренжітпей,
Үміттерін ақтаңдар,
Ақылды ұл қыз болыңдар !
Тауық: Көңілді мысықтар,
Кішкентай балапандар,
Құттықтайды бүгін анасы
Барлық бала анасын.
Жүргізуші: Ертегі жалған ,
Тәтті балы тамған.
Зейін балы тамған .
Зейін қойып тыңдаған,
Зерікті бол балдырған.
Жүргізуші: Міне құрметті !
Абзал жанды аналар, мерекелеріңіз құтты болсын!
Дендеріңізге саулық, езулеріңізден күлкі кетпесін!
Қош сау болыңыздар!
МКҚК «Бөбек» бөбекжайы


Әдіскер:Бекбаева Т.М
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген