Ана
− өмір
шуағы
Жүргізуші: Қош келдіңіздер аяулы әжелер,
қызғалдақ қыздар, қадірлі тәрбиешілер! Көңілдеріңізге көктем
шуағындай сезім мен нұр құйып 8
наурыз халықаралық әйелдер
мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай
кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен
құрмет ешқашан сөнген емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің
жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Ертеңгілігімізді бастамас
бұрын келесі құттықтау сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі
Тажиданова Алмажай Тажиданқызына береміз.
Бүгінгі
“Ана
− өмір
шуағы” атты ертеңгілігіміз сіздерге
арналады.
Балдай тәтті бөбектеріңіздің жүрекжарды
тілектерін қабыл алыңыздар:
1-бала. Ізтлеу
Нұрислам:
Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді,
Көп
ертегі біледі
Маған айтып береді.
-
бала.
Ахметкерей
Жалғас:
Шаттандырған мені
Жұбанышым сен!
Құттықтаймын сені,
Мерекеңізбен!
-
бала.
Хакимжан
Жансен:
Айналайын ақ мамам
Өзіңменен мақтанам
Дәл
өзіңдей анаға
Бала болу бақ маған.
-
бала. Мерген
Ерхан:
Жанымызды жайнатқан
Сіздер ғой ол аналар
Зор
денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз балалар.
-
бала. Жарылқасын Алижан:
Көңілі кең,
Жүрегі мейірімді
Кеудесі қазына,
Сөзі қасиетті ақ әжем менің.
-
бала.
Өміртай
Нұрислам:
Мен
гүлдерді жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзді тыңдаймын
Анашымды сыйлаймын.
-
бала.
Карабалиев
Еркебұлан:
Аялаған мені
Ән
қанатымен
Құттықтаймын сені
Салтанатыңмен!
Жүргізуші: Балалар қар еріп, құстар ән
салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы
көктем.Олай болса мерекеге көктемді шақырайық. Музыка әуенімен
залға көктем кіреді.
Көктем:
Дала гүлге бөленеді
Қуанышқа кенеледі
Орман, тоғай, бақтарда
Құстар сайрай жөнеледі
Өйткені мен көктеммін
Шұғыламды төккенмін.
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын,
денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін.
Жүргізуші: Сиқыршы көктем біздің
шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге
рахмет.
Көктем:
Мен қалай келмеймін?! Бүгін
сондай керемет күн −
әжелер мен аналар мерекесі.
Балалар мен сендердің әже-аналарыңның есімдерін білгім
келеді. Балалар жауап береді.
Көктем: Қандай керемет есімдер!
Көп-көп рахмет балалар
сендерге.
Осы
кезде көктемнің телефоны шырылдайды.
Көктем: Иә, не сұрақ? Жапырақтар
шықпай жатыр ма? Оларға көмектесу керек. Қазір ұшып келемін.
Мінекей балалар менің басқа да жұмыстарым бар. Маған кету керек.
Бірақ мен сендерге босқа келмедім. Мен сендерге сиқырлы кітап тарту
етемін. Міне −
ол. Аналарыңмен бірге
оқыңдар. Сау
болыңдар.
Жүргізуші: Қандай қызық кітап! Ой аша
алмай жатырмын. Мұны кілтпен ашу керек екен.
Ә, міне
кілті! Осы кезде кілтті бұзақы бала
тартып алып кетеді. Кім бүгін бізбен қалжыңдасуға
келген?
Бұзақы: Ол мен бұзақы
бала. Сендерде не болып
жатыр? Мен бұзақылық жасағаннан кейін
анам мені далаға қуып жіберді.
Жүргізуші: Ананың мазасын алатын күн емес
қой бүгін. Бүгін олардың
мерекесі. Сондықтан сен бұзақы бала
бізбен бірге ертеңгілікке өлең айтып, би үйреніп анаңды
құттықта. Олай болса бізбен ойын
ойнайсың ба?
Ойын
Бұзақы: Ой, қандай жақсы
балаларсыңдар! Міне
сендердің
кілттерің.
Жүргізуші: Ал енді кітапты
ашайық. (Сиқырлы әуенмен кітап
ашылады. Кәмпитті ағашты
көреміз.)
Қандай қызық
ағаш. Әр бұтасында кәмпит өсіп
тұр. Бұл жай кәмпит емес, онда не
жасырынған екен.(Кәмпиттерді
ашу)
-
кәмпит: Тақпақтар
-
бала.
Батыр:
Ана
біздің күніміз
Ана
біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
-
бала.
Санжар:
Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.
-
бала.
Гүлсезім
Нұрлы жүзіңе жарасқан ақ
жаулығыңнан
Немересін барлағынан артық жақсы
көрген
ыстық ықыласыңыздан айналдым әжем
менің.
-
бала.
Еркеназ:
Нұрын төккен маған
Шуағымсың сен!
Айналайын мама
Қуанышыңмен!
-
бала.
Нұрсезім:
Бақытты ғой заман,
Қандай көңілді.
Мен
тілеймін саған,
Ұзақ өмірді.
-
бала.
Сұлтанбай
Бейбарыс:
Тілеуімді тілеген
Еркелігімді көтерген
Мен
ауырсам жаны ауырған
Көрмей қалса сағынған асыл
әжетайым.
-
бала.
Айхан:
Әжетай, нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Тіршіліктің қызығына бөленіп,
Аман-есен ортамызда
жүріңіз!
Мерекең ұзағынан бола берсін,
Үй-ішің немере, шөбере тола
берсін.
-
Кәмпит: Ән “Айналайын ақ
мамам”
-
Кәмпит: Би
“Қуыршақтар”
Жүргізуші:
Сүйкімді ғой балалар
Өнерлі ғой баршасы
Міне осындай қойылым
Көрсетті “Еркетай” бақшасы
Құрметті аналар мен
әжелер! Сіздерді “Еркетай” тобының
бүлдіршіндері атынан шын жүректен
құттықтаймыз. Аяулы аналарымыз, ардақты
әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз әрқашан аман
болсын. Келесі кездескенше
сау-саламат
болыңыздар!