Материалдар / "Ана-өмір шуағы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ана-өмір шуағы"

Материал туралы қысқаша түсінік
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне сыныптан тыс іс-шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Наурыз 2023
331
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кештің көрнекілігі: Елбасы жолдауы, ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б.


Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.


Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады.

Шәкәрім. Ана

Сен бақыттысың,

Жыламағын!

Жай түсіп жатқанда да құламадың

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның

Сондықтан жыламағын, жыламағын!


Бармын ғой

Тірімін ғой,

Қасыңдамын.

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.

Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,

Байырғы берекеңді қашырмағын.


Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа

Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.

Екі жыр жазсам саған бірін арнап

«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.


Тәңірім кеше көрсін кесірімді

Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!

Ана,

Сен бақыттысың, тербете бер

Құба талдан иілген бесігімді…


(Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып оқушылар сахнаға шығып, ай секілді дөңгеленіп тұрады да орталарына екі жүргізуші келіп тұрады).

1-жүргізуші(Шәкәрім): Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.


Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті, жан аналар!


2-жүргізуші(Айару): Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаз, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.

Ана десем шешек ашып жанары,

Өмірімнің бастау алар ажары.

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жатакбаева Айнур Каримовнаға береміз.


Шалқып, тасып әніміз

Жадырасын жанымыз,

Ана, сені құттықтап,

Әндетеміз бәріміз.

Алдарыңызға әнші шәкірттеріңіз Асылайдың орындауындағы «_____________________» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.


2-жүргізуші(Айару): 3 «Ғ» сынып оқушысы ___________________________ Мұқағали Мақатаевтің «Қыздарға» өлеңін қыздар қауымына арнамақ.


1-жүргізуші(Шәкәрім):

Эпостағы Қыз Жібек пен Баян, аңыз аналар Айша бибі мен Абақ, Абайды туған Ұлжан, ел билеген Айғаным аналардың сіңілелері, ардақты арулар! Қазақ арулары сұлулығымен, ибасымен, ісмерлігімен ғана емес, ержүректігімен, батырлығымен де аты шықан. Сақ патшайымы Томирис пен бертіндегі Әлия мен Мәншүк, одан да бері Ләззат пен Сәбираға дейін де талай батыр арулар болған. 3 «Г» сынып оқушысы ------------------------ орындауында «Мәншүк образы».


2-жүргізуші(Айару):

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашан ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады.


1-оқушы: Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.


2-оқушы: Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар -

Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.

Маздататын, жүректе от лаулататын,

Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.


3-оқушы: Өр десек те сіздерді — лайықсыздар.

Төр десек те сіздерді — лайықсыздар.

Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.

Зор десек те сіздерді — лайықсыздар.


4-оқушы: Анасыздар, кең байтақ даласыздар.

Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.

Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,

Үлбіреген жауқазын баласыздар.


5-оқушы: Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,

Сіздер —  жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.


6-оқушы: Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.

Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.

Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,

Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз. 


1-жүргізуші(Шәкәрім): «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.

2-жүргізуші(Айару): Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.

1-жүргізуші(Шәкәрім): Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.

2-жүргізуші(Айару): Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең. Сабақтарды әрдайым қызықты өткізіп, ойын ойнататындарыңыз әлі де есімізде.

1-жүргізуші(Шәкәрім):

Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерін аяулы жандарға бағыштайды,-дей отырып,  3 «А» сынып оқушыларының орындауында көріністі ұсынамыз.

2-жүргізуші(Айару):

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, - деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне 3 «Б» сынып оқушысы __________-ны "----------------------------" әнімен сахна төріне шақырамыз.

1-жүргізуші(Шәкәрім): (3 «Г» монолог)
Ана деген – бастауы ұлылықтың.
Ана деген - рәмізі сұлулықтың.
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақ атын.

Олай болса _________ қарсы алайық.
Дауысына сүйсініп тамсанайық.
Ерке ұлдың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!

2-жүргізуші (Айару):

Шабытым шалқып келгенде, шарықтап самғап қалайын,
Жырымнан тізіп ақ моншақ, мойныңа алқа тағайын.
Өлеңнен соғып ән мүсін, тойыңа шашу шашайын,
Асылым, анам, сен үшін сырымды бүгін ашайын!-деп ардақты аналарымыздың құрметіне 3 «Ғ» сынып аруларының «Ана» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші(Шәкәрім):

Бізге қажымас қайрат беретін, таусылмас нәр, күш – қуат беретін аналар! Аристотель, Фирдауси, Жәнібек пен Абылай, Абай, Шоқан, Махамбет пен Исатай, Мағжан, Қайрат, Нұрсұлтан да сол ананың ұрпағы. Бәрі ананың ақ сүтін емген.

2 – жүргізуші(Айару): Бүкіл әлем аналардың ақ сүтінен нәр алған,
Бүкіл әлем аналардың үмітінен таралған.
Әлемде егер ана болмаса осылайша,
Туар ма еді жүрегімде биік мақсат, игі арман?! – деп ақын ағамыз жырлағандай, мақтасақ бүгін барлығын және білетін, тіршіліктің бұлағы әйел – ананы мақтайық!

1 – жүргізуші(Шәкәрім): Сіздердің назарларыңызға 3 «М» сынып оқушылардың орындалуында «Ана жүрегі» көрінісін ұсынамыз. Қабыл алыңыздар!

1 – жүргізуші(Шәкәрім): Қыз сұлу көрінеді өрнегімен,
Тізілтіп сөз маржанын тергенімен.
Майысып бұратылып, майда басып.
Жаныңа наз қылықпен келгенімен
Дарытқан бар асылды өз елінен,
Қыз сұлу көрінеді өнерімен.
Құлпырады мектебімнің арулары,
Өткендей сұлулықтың елегінен.

2 – жүргізуші(Айару): Арулар – асыл жандар!
Шуақ боп шашылғандар,
Қуат боп тасығандар,
Құшақ боп ашылғандар!
Арулар – асыл жандар!-дей отырып 3 «А» сынып оқушысы Мухамади Ерсұлтанның аяулы ұстаз аналарымызға «_________________» өлеңін қабыл алыңыздар.


2 – жүргізуші(Айару):

Япырай! Неткен көктем! Көктем! Көктем!
Дүние – ау, сен осындай көкпеңбек пе ең?
Мәңгі бақи түлеген қаз – қалпында,
Табиғат керемет ең неткен, неткен!
1 – жүргізуші(Шәкәрім):

Иә, осындай тамаша уақытта, жер – ана бусанып, бір тіршілікке жан біткен мезгілде біздің аналарымыз, табиғатпен бірге жасарып кеткендей!
2 – жүргізуші(Айару):

Сіздерге әрқашан, әр күні, әр сағатта жақсы лебіздерімізді білдіреміз. Сіздерге арқа сүйеміз, еркелейміз. Сіздер тұрғанда біз әрқашан бала болып қала береміз! 3 «Б» сынып оқушылараның сахналық көрінісін тамашалаңыздар!

1 – жүргізуші(Шәкәрім):

Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,

Жасқанбай әр қадамын нық — нық басып,

Биімен көрерменді тәнті ететін

Жігіттер келді міне нық қадам басып- дей келе сахнаға бир топ биші жігіттерімізді шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

2 – жүргізуші(Айару): Құрметті ару жандар, аяулы аналар!
Сіздер бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын адамзат баласының рухы, жігерісіздер!

1 – жүргізуші(Шәкәрім):

Сіздер Тәуелсіз еліміздегі бейбіт, тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысыздар.

2 – жүргізуші(Айару): Отанымыздың игілігі жолында аянбай тер төгіп, елдің саяси, әлеуметтік, рухани өмірінде табысты еңбек етіп жүрсіздер.

1 – жүргізуші(Шәкәрім):

Құрметті арулар! Осымен өздеріңізге арналған салтанатты жиын да аяқталуға жақындады. Сіздерді мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, отбасыларыңызға береке - бірлік, еңбектеріңізге толағай табыс, дендеріңізге саулық тілейміз!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!