Ана өмір шуағы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ана өмір шуағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сценари
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ордағалиева Гүлназ Мұратқызы

Ақтөбе қаласы

26 «Үміт»бөбекжай -балабақшасы

«Жұлдыз» ересек топ

Ана-өмір шуағы

( ертенгілік)

Мақсаты: Ана - өмірдің шуағы, ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту: Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Твис әуені қосылып балалар залға билеп кіреді.Екі бала шығып тәрбиеші апайларды ортаға алып шығып бәрі твис билейді.

Жүргізуші Еркебұлан:

Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын ашайық.

Жүргізуші Аяла:

Ана дейміз біріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап,

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық алтын бақ.

Жүргізуші Еркебұлан: Құрметті асыл аналар, ақ жаулықты әжелер, біздің сұлу қыздар сіздерді 8-наурыз аналар мерекесімен құттықтаймыз.

Жүргізуші Аяла:Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір тілей отырып өзіміздің тақпақ, ән, биімізді сыйға тартамыз. Біздің ақ тілектерімізді қабыл алыңыздар.

Ән: «Анажаным»

Тақпақтар:

Аяна:

Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.

Омар:

Адал бол деп балдырған
Әділдікке баулыған
Жүрегінде мархабат
Анамызға мың алғыс
Ерке: Еркелесем күлімдейті,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан сипап мені
Құлыншағым күнім дейтін
Жан:

Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз

Айлина:

Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз
Би: «Ана мен қыз»

Тәрбиеші: Ой, балалар тыңдаңдаршы әдемі әуеннің дайысын сіздер де естіп тұрсыздар ма?

(Әуенмен залға Көктем аруы келеді)

Көктем аруы:

Сәлем бердім нәзік, сұлу қыздарға,

Сәлем бердім ержүрек бар ұлдарға.

Кездесуге асықтым мен сіздермен,

Биленсін би, айтылсын ән бұл залда.

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!Айнала қандай тамаша!Балалар бүгін бәрің әдемі киініп алыпсыңдар ғой.Мен сендерге асыға жеттім, өзіммен сіздерге жүрек досымды ала келдім.

Тәрбиеші: Сәлеметсіңбе көктем аруы.Сен біздің аналарымыз бен қыздарымызды және әжелерімізді 8-наурыз мерекесімен құттықтауға асығып жетіпсіз.Көп рахмет!Төрлет, ән тыңдап демалыпа алыңыз.

Көктем аруы: Алдымен менің жүрекше досым осы жерде отырған аналармен ойын ойнағысы келіп тұр.

Ойын: «Жүректен шыққан жылы сөз»

Ән: «Көктем»

Тақпақтар:

Азиза:

Бөбегіңнің сыйлығын
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым

Алуа:

Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет

Алдияр:

Әр сөзіңді жаттаған
Жүрегіңде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам
Айым:

Ақ әжемді арқашан
Сыйлап жақсы көремін
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін


Алинұр:

Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Ауырмашы ,ай әжем

Іңкәр:

Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да,ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз

Би: «Танго» аналарымен ұлдар

Тақпақтар:

Әмір:

Ақылшымыз, данашым
Ұзақ өмір сүріңіз
Айналайын анашым
Алдымызда жүріңіз

Ер Қанат:Түн ұйқысын төрт бөліп
Әлпештеген анашым
Жақсы болсам асырып
Жаман болсам жасырып
Қамқор болған анашым

Умай:

Мейірімді сымбатты,
Қадірменді қымбатты,
Ең жақын жан балаға,
Кім десеңдер ол-АНА.

Аль Амина:

Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз,
Анамыздан тарайды,
Біздің ана тіліміз.

Амина:

Ең қымбатты өмірде,
Ана екенін біліңіз,
Ана жанын түсініп,
Ойнаңызда күліңіз.

Ойын : «Көмекшімін анама»

Тақпақтар:

Адель:

Баланың да тірегі

Дананың да тірегі

Шаршамасын ешқашан

Аналардың жүрегі

Нурислам:

Ақ жүректі сақтаған

Жарқын жүзің бақ маған

Ақ бетіңнен сүйемін

Келші, келші ақ мамам

Батыр:

Шалқып тасып әніміз

Жадырасын жанымыз

Ана сені құттықтап

Әндетеміз бәріміз

Әбдірахман:

Жарқын жүзді жан анам

 Сендей болсын бар адам

 Сендей болса бар адам

 Шаттық кетпес баладан

Би: «Көңілді балақайлар»

Санжар:

Шалқып тасып, әніміз

Жадырасын жанымыз

Аналарды құттықтап

Би билейміз бәріміз

Алина:

Таусылмайды өлеңі

Күнде айтып береді

Барған сайын бір жаққа

Кампит алып келеді.

Айбар:

Бізді өсіріп баптаған

Жақсы болсаң шаттанған

Алтыным деп мақтанған

Айналайын ақ мамам

Әміре:

Менің әжем ақ әжем

Ұл мен қызды бақ әжем

Ертегі айтып бер десем

Айтып берер ақ әжем

Ән: «Әжем менің»

Жүргізуші Еркебұлан:Жанымызды жайнатқан
Сіздер ғой ол аналар
Жүргізуші Аяла:Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар

Балалар аналарына арнап дайындаған сыйлықтарын береді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.12.2025
10
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі