"Ана-өмір шуағы" концерттік бағдарлама

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ана-өмір шуағы" концерттік бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
8 наурыз Аналар күніне арналған концерттік бағдарлама сипаттамасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ана-өмірдің шуағы»

Мақсаты: Ана - өмірдің шуағы, ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту: Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Видео қосылады


1 - жүргізуші:

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!

Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып тағы да 8 наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі мерекелік кешімізді ашық деп жариялаймыз! Қош келіпсіздер!


2 - жүргізуші:

Сұлулық өмір сәні де,

Бар тіршілік мәні де.

Әлемнің шырқар әні де,

Анамен әсем бәрі де!

Қайырлы күн! Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер!


1 - жүргізуші:

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың, – дей келе құттықтау сөз кезегі __________________________________________ беріледі.


2 - жүргізуші:

Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды. Бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын оқушылардың аналары мен ұстаздарына арнаған өнерін қабыл алыңыздар


1 - жүргізуші:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, - деп абзал аналарымыздың құрметіне ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­_____________________________________ орындауында «Анашым» әні


Бекжан:

1.Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,

Күлкімізді сусын қып қанасыздар.


Марғұлан:

2.Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,

Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.


Дархан:

3.Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар —

Жүзе алмайтын өтінде қайықсыздар.

Маздататын, жүректе от лаулататын,

Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.


Үшеуі бірге:

4.Өр десек те сіздерді, — лайықсыздар.

Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар.

Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар.

Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар.


2 - жүргізуші:

Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сіздер үшін мереке шашулары,- «Келіншек» күйі қабыл алыңыздар.


Бақытбек Санжар:

1. Ана, сенің құшағыңда көктедім,

Мәнін білмей қайғыру мен өкпенің.

Саған қандай құрмет еттім, білмеймін...

Сенен көрген жақсылығым көп менің.

2. Ана, сенің мейіріміңмен өстім мен.

Кем қылмай-ақ ержеткіздің ешкімнен.

Өзің және әкем берген тәрбие —

Азамат қып адам етті ес білген.

3. Ана, сенің сөздеріңнен мән ұққам,

Сәттерімде қайғы жұтып зарыққан.

Сен де менен аямайсың барыңды,

Мен де сені құрметтеуден жалықпан.

4. Ана, сенің ақ сүтіңмен нәр алдым!

Ақ сүтіңнің арқасында Адаммын.

Кешірме егер,байқаусызда қадамым,

Шалыс кетсе қадамындай наданның...

5. Ақ сүтіңді ақтаймын деп сөз берем:

Ұлы адамы болам мына Заманның,

Ұлы адамы болам мына Ғаламның!


1 - жүргізуші:
Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып,
Биімен көрерменді тәнті ететін
Арулар келді міне толқып, тасып. Ортада «Қазақ» биі қарсы алыңыздар!


Азат:

Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба,
Тек өзіңнен жасқандым.
Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,
Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,
Отанымның өзі сенен басталып.
Жауларыма жеткен жерден бітеді 


Қобыланды:

Өмірде ана –бұлақ, ана -пана,

Өміріңді өркендетер анаң ғана

Өсірген талай көсем, талай шешен,

Талай ер, талай ақын,талай дана..

Ана! Ол – біздің елде ардақты адам,

Кіші де үлкен де оны ардақтаған.

Өзінің аяулысы – Отанды да

Ана” деп біздің халық текке айтпаған.



2 - жүргізуші:

Әлемнің жарығын, 

Сыйладың сен маған. 

Даланың әр гүлін, 

Жинадың сен маған. 

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше _____________________________________ «Перзент парызы» әсем әнін тыңдаңыздар.


КВН


Санжар:

1. Аналарды жұмақ дейміз , күн дейміз,
Құрғақ сөзге құмармыз-ау ылғи біз.
Ыстық асын ішіп алып ананың,
Айтқан сөзін құлаққа да ілмейміз.
Түнде жортсаң, өзің үшін алаңдап,
Кірпік ілмей жататынын білмейміз.
"Жақсы көрем, жаным апа " дегенді,
Неге осы, жиі айтып жүрмейміз.?!
Дəмін алғаш , келтірген жан ауыздың..
Тұнығына шомылдырып қауыздың.
Сөйткен жанды...
Қуантуың үшін де,
Керегі не..
Сегізінші наурыздың.?!
Орандырып өміріңді желекке,
Өз қажетін...өз керегін елеп пе.?
Сөйткен жанға..
Сыйлау үшін орамал,
Туған күнін күтіп жүру керек пе.?!
Қуанады.
Жүрсең оған еркелеп,
Үлгере алсаң..
Аз өмірін ертегі ет.!
"Жаным апа" деп айтуың үшін де,
Əр мейрамды күтіп жүру , не керек.?!


Ойын: «Анаңды даусынан таны»


1- жүргізуші:

Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Ана табады, аялайды бағады.
Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті – ананы.

Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да,ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.
_____________________________________ «Ана»


Балжан:

Рахмет ана,

«Қызым» деп еркелеткеніңіз үшін.

Жылатпай мына өмірде,

Көңілімді көркем еткеніңіз үшін.


Жасмин:

Рахмет, саған, Ана,
Маған бәрін әпергенің үшін,
Мінезімді көтергенің үшін!
Он екі мүшемді сау қылып,
Дүниеге әкелгенің үшін!

Марғұлан:

Рахмет ана,

Өмірге әкелгеніңіз үшін,

Ешкімнен кем қылмай,

Барлығын әпергеніңіз үшін.


Қобыланды:

Рахмет ана,

Мені адам қылғаныңыз үшін,

Қиналған сәттерімде,

Жанымда тұрғаныңыз үшін.


Сәния:

Рахмет, саған, Ана,
Жаман жолға түспегенің үшін,
Адал еңбек істегенің үшін!
Балаңды ойлап болашақ,
Арақ-сыра ішпегенің үшін!


Мөлдір:

Рахмет ана,

Ақ сүт беріп өсіргеніңіз үшін.

Жаңылсам абайсызда,

Қатемді кешіргеніңіз үшін.


Нұрым:

Рахмет ана,

Ұлым деп еркелеткеніңіз үшін.

Жылатпай мына өмірде,

Көңілімді көркем еткеніңіз үшін.


Б.Санжар:

Рахмет, саған, Ана,
Сенің әрбір жылағаның үшін,
Жоқтан барды құрағаның үшін!
Бақыты үшін балаңның,
Барлығына шыдағаның үшін!

Бахтинур:

Рахмет, саған, Ана,
Кінәм болса, кешіргенің үшін,
Ауыр бейнет кешіргенің үшін!
Ауырмайтын, аман-сау
Адам қылып өсіргенің үшін!

Малика:

Рахмет, саған, Ана,
Мені тастап кетпегенің үшін,
Жетім бала етпегенің үшін!
Тектілігіңді жоғалтпай,
Темекі де шекпегенің үшін!

Дархан:

Рахмет, саған, Ана,
Жамандықты сүймегенің үшін,
Жетектеп мені сүйрегенің үшін!
Ұрпағың үшін үнемдеп,
Қымбат киім кимегенің үшін!

Аружан:

Рахмет, саған, Ана,
Арсыз іске бармағаның үшін,
Қатарымнан қалмағаным үшін!
Біздерді ойлап, шырылдап,
Бар өміріңді арнағаның үшін!

София:

Рахмет ана,

Нұрлы өмір сыйлағаныңыз үшін.

Жақсымды жасыра алмай,

Жаманға қимағаныңыз үшін.


Азат:

Рахмет, саған, Ана,
Маған бәрін әпергенің үшін,
Мінезімді көтергенің үшін!
Он екі мүшемді сау қылып,
Дүниеге әкелгенің үшін!

Бекжан:

Рахмет, саған, Ана,
Сенің әрбір жылағаның үшін,
Жоқтан барды құрағаның үшін!
Бақыты үшін балаңның,
Барлығына шыдағаның үшін!


Эльнара:

Рахмет ана,

Қызым деп еркелеткеніңіз үшін.

Жылатпай мына өмірде,

Көңілімді көркем еткеніңіз үшін.


Назерке:

Рахмет ана,

Өмірге әкелгеніңіз үшін,

Ешкімнен кем қылмай,

Барлығын әпергеніңіз үшін.


К.Санжар:

Рахмет, саған, Ана,
Болашақ менің баламның атынан,
Бұрынғы ата-бабамның атынан,
Жеті миллиард адамның атынан,
Он сегіз мың ғаламның атынан,

Рахмет Ана... Сынып жетекшісі «Алғыс» әні


2 - жүргізуші: Ардақты, аналар, әжелер мен апалар, қыздар, ұстаз апайлар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Құттықтау сөз кезегін тілек білдіруші ата-аналарымызға береміз!


1 - жүргізуші: Қайран ана... өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір не қырсық демей шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады.


2 - жүргізуші: Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылуын тарататын ана. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейік! Осымен бүгінгі «Ана-өмірдің шуағы» атты мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет!


1 - жүргізуші: Жүздеріңізден күлкі, қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт – береке дарысын! Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын! Келесі кездескенше аман – сау болыңыздар!


Бірге: 8 наурыз құтты болсын! Тағы да мерекелеріңізбен!






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2024
359
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі