400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ана өмір шырағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық тобы ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Жүргізуші: Қайырлы күн, ақ жаулықты әжелер, аяулы аналар!

Сәлем берем, сәлем беру салтымыз,

Сәлемменен сөз бастаған халқымыз.

Аман – есен жүрмісіздер жалпыңыз.

Армысыздар, жиылған жұрт халқымыз дей келе баршаңызды көктемнің алғашқы күні, алғашқы мейрамы – 8 наурызбен шын жүректен құттықтаймыз, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін.
Ана, Ана, Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махаббатпен шапағатты тудырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен таралған. Сондықтан да құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі «Ана – өмір шуағы» атты тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз

Ана –өмір шырағы,

Ана – өмір бұлағы.

Бесігімнің жыр әні,

Жүрегімде тұрады.

Ән, хор «Жау жау жаңбыр»!


Ана деген не деген,

Ақ тілеулі жан еді.

Алғысын ап оның мен,

Бақыт тапқым келеді. (Айкүміс)


Айналайын анашым,

Әлпештеген баласын.

Еміп өскен бөбекпіз,

Маматайдың мамасын. (Санжар)


Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым. (Ақерке)

Би, қыздардың орындауында.


Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан сүйіп менің,

«Құлыншағым, күнім» дейтін.


Тентек болсам, ашынып,

Жақсы қылсам, асырып.

Маған сақтап жүреді,

Тәттіні де жасырып (Әділ)


Еркелеймін шаттанам,

Жарқын күлкің бақ маған.

Ақ бетіңнен сүйейін,

Келші,келші ақ мамам (Мәди)


Ән, «Сағындым әже сағындым»!

Бөл бөбегін баптаған,

Мамам үшін мақтанам.

Ақ бетіңнен сүйейін,

Келші, келші, ақ мамам. (Алинұр


Отын жарып берсең де,

«Өмірлі бол!» дейді ана.

Суын алып келсең де:

«Өмірлі бол!»- дейді ана. (Жарқын)


Тосып тәтті дәмдерін,

Ол бар жерде бал жедім.

Мен ұйықтарда айтады,

Ертегісін әндерін. (Нұрали)


Ойын:аналармен


Шай ішетін қоюлап,

Жақсы көрем атамды.

Сырмақ сырған оюлап,

Жақсы көрем апамды. (Нұртас)


Ұл қызыңа ерген,

Немереңбіз, әже.

Немереңнен өрген,

Шөбереңбіз әже. (Назым)


Шуағыңды сеуіп,

Жайна, анамыз –әже.

Жұлдыздарың болып,

Айналамыз әже.(Ердос)



Үйреткен сөз мәнін,

Тілімізсің, әже.

Жарқыраған дәйім,

Күнімізсің әже.(Асылжан)


Менің әжем, гүл әжем,

Алтын әжем, күн әжем.

Апам үшін, мен үшін,

Нағыз ана тілі әжем. (Айбар)


Менің әжем ақ әжем.

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем. ( Мәди)

Би: «Жұлдыздар биі»


Алтын апам ол менің,

Мені жақсы көреді.

Үйретеді өлеңін,

Ертегі айтып береді. (Жазира)


Ана-өмір шырағы,

Ана- өмір бұлағы.

Бесігімнің жыр әні,

Жүрегімде тұрады. (Дамир)


Жақсы көрем апамды,

Жүрем бірге ылғи еріп.

Тауға мені апарды,

Талай қайттық гүл теріп. (Ақжол)

Ән: (Асем,Іңкәр,Жақсылық) «Анашым»


Гүл ектік аулаға,

Көктемде көңілді.

Бақта да, бауда да,

Ақ гүлдер өрілді. (Арнұр)


Гүлді өмірде мәуелі,

Нұрлы өмірде мәуелі.

Анамыздан тыңдаймыз,

Әсем әнді әуелі.

Жүргізуші:

Анамыздан тыңдаймыз.

Әсем әнді әуелі.

Балдырғандар вальсі оқушылардың орындауында


Мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.


Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші наурызбен


Асыға күтіп жүргенмін,

Болар деп қашан мейрамың.

Суретін салдым, гүлдердің,

Келеді соны сыйлағым.

Жүргізуші: Суретін салдым гүлдердің келеді соны сыйлағым дегендей бүлдіршіндеріңіздің сіздерге дайындаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар.

Соңынан: Осымен сіздерге арнаған «Ана –өмір шырағы» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Сөз беру: мектеп әкімшілігінен және ата-аналар атынан.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
884
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі