Бекітемн:
Директордың
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Н.Б.Кажгереев .
Күні:
07.03.19
Тақырыбы:
«Ана- өмір шырағы»
Барысы:
Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме құрметті аналар,
аяулы әжелер! Баршаңызды көктемнің
алғашқы мейрамы 8 наурызбен шын
жүректен құттықтаймыз. Сіздерге
шаттық, бақыт, байлық тілей отырып,
мектепалды даярлық тобының дайындаған
«Ана-
өмір шырағы»
атты ертеңгілігімізді тамашалауға
шақырамыз.
Жүргізуші:Шуақты
көктем күні, күн нұрын төккен күні,
Аналарды
мейраммен балалар құттықтайды!
Әжелермен
аналар , қыздарменен апайлар,
Сұлуланған,
нұрланған , әдемі боп құлпырған,
Би
билейміз, жырлаймыз, мерекені тойлаймыз!
Балалар,
әлемдегі ең жақсы, ең мейірімді , ең
жүрегі жұмсақ кім екен?
Балалар:Аяулы
анамыз!
Ән:«Айналайын
ақ мамам »
Інжу:
Асыл анам нұр шашқандай келбетің
Сенсіз
басып журе аламба жер бетін
Бір
қолыңмен бала жатқан бесікті
Бір
қолыңмен ұлы әлемді тербеттің
Әсет:
Ана
дейміз бәрімізде аңқылдап
Ана
дейді жас сәбиде жарқылдап
Ана
–деген бәйтерегі өмірдің
Ана
–деген алтын қазық ,алтын бақ
Амина:
Жарқын
жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан
С.Санжар:
Ақ жүректе сақтаған
Жарқын
күлкің бақ маған
Ақ
бетіңнен суйемін
Келші,
келші ақ мамам
Әдемі:Әжем
менің асыл жан
Жақсылыққа
уйретіп
Жамандықтан
шектейді
Әжеме
ешкім жетпейді
Әли:Әжемді
жақсы көремін
Өлең
айтып беремін
Улкен
болып өскенде
Бәрін
алып беремін
Жанель:Ана
деген - дара мүсін
Шаршамайды
бала үшін
Ауырмашы
жан анам,
Сенсің
менің бар панам.
Қарақат:Ақ
анашым аппағым
Өзің
жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнімде
Арнадым саған бәрінде
Ислам:
Менің анам ақылшым
Күн
секілді білгенге
Шашырайды
шуағы
Үйімізге
кіргенде
Ақбота:Мәпелеп
мені өсірген
Ризамын
мен өзіңе
Ана
деген керемет
Сыйлап
өтем өмірде
Нұртілеу:
Аялаған анашым,
Мәпелеген
анашым
Менің
саған тілегім
Қартаймашы
анашым
Ж.Санжар:
Менің әжем, бұл әже
Айтқан
сөзі бал әжем
Аман
болса көреді
Қызығымды
әлі әже
Ғабдел:
Мен анамды сүйемін
Сөзің
ойға түйемін
Анашымды
ардақтап,
Басымды
оған иемін
Нұрай:Менің
әжем,гүл әжем
Алтын
әжем,күн әжем
Анам
үшін мен үшін
Нағыз
алтын нұр әжем
Қайсар:
Құтты болсын ақ анам
Сегізінші
наурызың!
Қасымда
бол әрқашан
Жансын
жарық жұлдызың!
Хор:
Ана біздің күніміз,
Ананың
біз гүліміз.
Бар
баланы қуантып
Ұзақ
өмір сүріңіз
Аналарды
суйеміз
Сөзін
ойға түйеміз
Әжені
де ардақтап
Әдеппен
бас иеміз
Жүргізуші:
Балалар,
айтыңдаршы.
Бізді
жақсы көретін,
Бар
жақсыны беретін.
Баласы
үшін әрдайым,
Мейірімін
төгетін
Ол
кім?
Балалар:Анашым!
Ән:
«Анажаным»
Жүргізуші:
Ақ кимешек киген,
Ақ
бетімнен сүйген.
Менің
әжем қандай,
Менің
әжем айдай.
Ән:
«Әжем мені өте жақсы көреді»
Жүргізуші:
Ал біздің ұл балалар қыз балалар ,
биден шашу шашады.
Би
:«ұлдар »
Ән:
«Ақ дидарлы анашым»
Көктем ханшайымы: Ақ арманды гүл желектен сұрайық
Ол үшін біз тағы бірін жұлайық
Ананың — біз гүліміз,
Ана – біздің күніміз!
Тек сіздерге арналады,
Міне, біздің әніміз!
Ән:
«Мамочка мама»
Жүргізуші:Аналардың мейірімі ерекше,
Талпындырған асулар мен белеске.
Аямаған шуағы мен жан нұрын,
Берші анама бар жақсылық, тәңірім!!
– деп тілей отырып, сіздерге арналған сыйлығымызды табыс етейік…
Жүргізуші:
Бала үшін түн ұйқысын төрт бөлген,
О, аналар!! Дендеріңіз сау болсын!!
Мерекелеріңіз мәңгілік болсын!
Сау
болңыздар!