400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Ана-өмір шырағы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекемен құттықтау, мерекелік көңіл күй сыйлау, балаларды мейірімділікке тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету. Көктем мерекесіне орай әдемі безендірілген залға көңілді әуен қосылып, балалар кіреді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ана-өмір шырағы»

Тақырыбы: «Ана-өмір шырағы»

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекемен құттықтау, мерекелік көңіл күй сыйлау, балаларды  мейірімділікке тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Көктем  мерекесіне  орай  әдемі  безендірілген залға көңілді әуен қосылып, балалар кіреді.

Құрал- жабдықтар: Тақырып жазылған плакат, гүлдер, шарлар, ашық хаттар.

Жүргізуші: - Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар және балалар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз -Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен қызғалдақтай құлпырған қыздар қауымының төл мерекесі құтты болсын!

Ана десем шешек ашып жанары,

Өмірімнің бастау алар ажары.

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы құттықтау сөзді мекемеміздің меңгерушісі Жадыра Ерболқызына береміз.

Жүргізуші: -Келесі кезекте балаларымыздың мерекеге арналған өнерлерін қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: - Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге көктемді шақырайық.
Музыка әуенімен залға (Көктем) кіреді.
Көктем: Міне келдім табиғатты оятып,
Күн күркірі нөсерімен тоя түп.
Ағаштардың тамырына қан жүрді,
Жапырағын жасыл түске боятып.
 
-Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын! Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін! Қандай әдемі болып құлпырып кеткенсіңдер! 
Жүргізуші: Сиқыршы көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет!
Көктем: Мен қалай келмеймін. Бүгін сондай керемет күн - әжелер мен аналар, арулар мерекесі!

- Балалар мен сендердің әже, аналарыңның есімдерін білгім келеді.
Жүргізуші: Әрине біздің балалар әже, аналарыңның есімдерін біледі. (Балалар жауап береді)
Көктем: Қандай керемет есімдер.

-Айтыңдаршы балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем мезгілі.

Көктем: Көктем мезгілінде ауа-райы қандай болады?

Балалар: Күн мен түн теңеседі. Талдар бүршік жарып, жапырағын жаяды. Күн ұзарып, түн қысқарады. Адамдар жылы киімін тастап, жеңіл кейіне бастайды.

Көктем: Дұрыс айтасыңдар!

-Қараңдаршы балалар, қазір жылдың көктем мезгілі деп едіңдер, мына тал әлі неге қарға оранып тұр? Олай болса мына талға жапырақтармен, гүлдермен безендірейік. Көмектесесіңдер ме маған? (Көктем ағашын безендіру)

Жүргізуші:

-Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай Меруерт қызымыздың орындауындағы «Ертегі әлемі» әнін қабыл алыңыздар

«Кір жуу» ойын. Аналар мен қыздар демалып ұлдар кір жуады.

Мерекеге арналады бүгін билер.

Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.

Алдарыңызда қазіргі үнді биі,

Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, Таңшолпан қызымыздың «Үнді биі», қабыл алыңыздар!

Аналармен музыкалық ойын.


Әдіскер М.Алибекованың орындауында М.Мақатаевтың «Ана сен бақыттысың» атты өлең жолдары

Ана Сен бақыттысың, Жыламағын!

Жай түсіп жатқанда да құламадың

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның

Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой Тірімін ғой, Қасыңдамын.

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.

Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,

Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа

Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.

Екі жыр жазсам саған бірін арнап

«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді

Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!

Ана, Сен бақыттысың, тербете бер

Құба талдан иілген бесігімді…


Ата-аналарға сөз кезегін беру.

- Құрметті ата-аналар, балалар, ұстаздар, бүгінгі мерекелік іс шарамыз осымен тәмам уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет кездескенше

келесі кездескенше сау болыңыздар!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
356
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі