8 Наурыз – Аналар күніне арналған мерекелік
сценарий
Тақырыбы: “Ана – өмір шуағы”
Мақсаты: Оқушыларды аналарды құрметтеуге, сыйлауға
тәрбиелеу.
Анаға деген сүйіспеншілікті ән, би, күй арқылы
көрсету.
Жүргізушілер:
• Исмаил
• Иманали
I бөлім. Кіріспе
Музыка әуенімен жүргізушілер ортаға
шығады.
Иманали:
Қадірлі әжелер,ұстаздар,
аяулы аналар мен
арулар!
Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен
шын жүректен құттықтаймыз!
Исмаил:
Армысыздар, қадірлі әжелер,ұстаздар,
аяулы аналар мен
арулар! Бүгінгі көктемнің шуақты күні
құтты болсын!
Иманали:
Олай болса, бүгінгі мерекелік
бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Исмаил:
Бұл күн – тек көктемнің ғана
емес,әжелердің, аналардың, арулардың,
мерекесі!
Иманали:
Аналарға арнап барлық жақсы
тілектерді айтқымыз келеді.
Исмаил:
Ана – өміріміздің шуағы,
мейірімі, жылуы.
II бөлім. Сөз және күй
өнері.
Иманали:
Али Имран,Жәңгір,Имран,Аңсар
ұлдарыңыз барша Аналарға арнап өлең шумақтарын оқиды.Қабыл
алыңыздар!
1.Али
Имран:
Аналарды сүйеміз!
Сөзін ойға
түйеміз.
Әрқашан біз
ардақтап,
Әжеге бас иеміз!
Сенен өскен
балалар-
Батырлар мен
даналар.
Құттықтаймыз
мейраммен
Кұрметті апа,
аналар!
2.
Жәңгір:
Аяулы ана қымбаттым,
Ұйқыңды бөліп түн қаттың.
Нәрін бердің ақ сүттің,
Құшағында гүл бақтың.
Армандарға жетерміз,
Құстай ұшып кетерміз.
Ыстық құшақ анашым,
Сізді бақытты етерміз!
3.Аңсар:
Анам менің - аялаған ақ
гүлім,
Анам менің - бақытым мен шаттығым.
Анашым - деп балаң жырын арнаған,
Неге ғана естімеген тәтті үнін.
Анам менің - өмірдегі
тірегім,
Анам менің - кеудемдегі жүрегім.
Егер менің қасымда сен болмасаң,
Бұл өмірде қалай ғана жүремін.
4.Имран:
Әлпештеген анашым,
Сен данасың, дарасың,
Мәпелеген баласын,
Сен – ардақты анасың!
Аман бол, мәңгі анашым,
Сыйлайды сені балашың!
Бақытты болсаң егер де,
Бақытты балаң, анашым!!!
Исмаил:
«Келіншек», «Жастар биі»,
«Нәр ағаш», «Тепеңкөк» күйлерінен попурри.Орындайтын
3 «Г» сынып оқушылары,жетекшілері:Махамбетова Салтанат
Нұрланқызы,Қаирова Нұргүл
Сапарғалиқызы
III
бөлім. Би және ән
өнері.
Исмаил :
-Айсұлудың орнындауында
ән: «Ана»
Иманали:
-3 «Г» сынып ұлдарының
орындауында заманауй би: «Ырғақты ұстап
ал!»
Исмаил:
- 3 «Г» сынып қыздарының
орындауында “Гүлдер
биі”
Иманали:
- Аяна,Айсұлу,Жанбота,Қазына
қыздарыңыздың орындауында. «
Отан» әні.
Исмаил:
-Айкүнімнің
орындауында «Аққу» биі.
Иманали:
- Айымның
орындауында «Өзбек» биі.
ІV бөлім. Исмаил:
-“Супер ана” (шеберлік
сайысы)
Ойынның
шарты:
Ойынға 7 қыз баланың анасы
шығу керек.
Сайысымыздың бірінші
шарты:
Сайысымыздың екінші
шарты:
-Аналарымызды
бөліп-жармаймыз.Бұл сайыста барлық Ана жеңіпаз!Аналарымызға бір қол
соғып қояйық!
Vбөлім.
Қорытынды.
Хор: “Аяулы
анашым”
“Жүректен шыққан
тілек”(Ішіндегі тілек жазылған
стикері бар жүрек шарларын Аналарына
табыстайды).
Иманали:
Күндеріңіз толсын гүлге,
желекке,
Отбасында болсын
ырыс-береке.
Құттықтаймыз шын жүректен
сіздерді,
Өмір-думан, бақ әкелсін
мереке!
-Баршаңызға үлкен рақмет!
Аналарымыз әрдайым аман болсын!
Исмаил:
Демеңіз біз өнерді аяп
қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп
қалды.
Аман-сау болып тұрыңыз
көріскенше,
Осымен біздің мерекелік
бағдарламамыз аяқталды.
-Ұлдар мерекесінде кездескенше
сау болыңыздар!Біз сіздерді дәл осы жерде тұп-тура 2 айдан соң
күтеміз! Қоштаспаймыз!Көріскенше сау
болыңыздар!,-дейміз.


