Материалдар / ана өмір шырағы 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ана өмір шырағы 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2018
463
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Есік қаласының облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған

арнайы мектеп – интернаты» КММ













Тақырыбы:

«Ана өмір шуағы»













Педагог - тәрбиеші : Нуржигитова А.





Тақырыбы: «Ана- бақыт, жанашыр»

Мақсаты:

1.Білімділік: Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту.
2.Түзету – дамытушылық: Балаларды ұятқа тән жақсы қасиеттерді білуге, үйренуге және олардың логикалық ой – өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.
3.Тәрбиелілік: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу

Түрі: Сайыс сабақ
Әдісі: Ұжымдық әдіс, сұрақ-жауаптар,ізденушілік, бақылау, тексеру.

Көрнекілігі: Интерактивтік тақта, тақырыптық сөздер, түрлі – түсті суреттер.

 
Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Тренинг: «Менің анам»

Ана әлемде әрбір нәрестеге өмір сыйлап, оны алғашқы қадам басуға үйрететін қасиетіне тең келер нәрсе жоқ адам.Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан ,ендеше тағыда аналарымыздың мерекелеріз құтты болсын.

Монолог: Мұқағали Мақатаев «Сенің жалғыз анаң бар»

Кіріспе

Кім мықты ойға- сол алда, -деп сайыс сабағымызды бастаймыз. 
Ойын төрт сайыстан тұрады.

  1. сайыс: «Сөз ойла,тез ойла» 

  2. сайыс «Сайра сурет» 

  3. сайыс «Қызықты сұрақтар» 

  4. сайыс «Жарнама»

  5. сайыс «Той бастар»

Ең бірінші бүгінгі сайыс сабағымыздың әділқазылар алқасын сайлап алайық. 

Екі топқа бөлінеді: «Шуақ» тобы, «Аялы алақан» тобы. Тобын ұрандарын таныстырып өтеді.

1- сайыс ережесі : Ортаға топ басшылары шығады. Әр түрлі сөздер көрсетіледі сол сөздерден «Менің анам» тақырыбында әңгіме құрау. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай 3 мин беріледі

1-топ: ана, кітап, айна, тасбақа, су, дастархан, автобус, пияз, көйлек, көктем.

2- топ: анам, бала, орамал, үй, табиғат, базар,кірпі, телевизор, мектеп, телефон.

2 - сайыс ережесі: Интерактивті тақтада суреттері көрсетіледі екі топқа сол суреттерден шағын ертегі құрастыру керек.Сол кейіпкерлерді рөлге бөліп алып сахналауға да болады. Әр дұрыс жауапқа 15 ұпай 5 мин беріледі.

1 - топ: ата, қоян, алтын балық, әже, құмырсқа, немересі.

2 - топ: әке, түлкі, сұлу қыз, ана, ханзада, қарлығаш.


3 - сайыс ережесі: Логикалық сұрақтар беріледі әр топқа.Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай 1 мин беріледі

1.Бір күні әкесі ұлына бір кітап беріп, «Мына кітапты оқысаң, саған 2000 теңге беремін», депті. Баласы 1 аптадан кейін әкесіне келіп, «Әке кітапты оқыдым, 2000 теңгемді бересіз бе?» дейді. Сонда әкесі баласына «Кітапты оқымағансың» деп жауап беріпті. Баласының кітапты оқымағанын әкесі қайдан білген? Жауабы: «Ақша кітап ішінде еді»

2. Атасы немерелеріне сақтап қойған асығын бергісі келді.Оларға жетеуден берсе, асықтың екеуі артық қалады. Ал сегізден берсе, асықтың біреуі жетпей қалады. Атаның неше немересі бар? Асығы нешеу?

Жауабы: «23 асық, 3 немере» 

3. Қай кезде аспан жерден төмен бола алады? Жауабы: «Судағы бейнесінде»

4. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: «4 мысық»

5.Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: « үш стакан»

6. 2 адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды?

Жауабы: « екі сағат»

7. Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды? Жауабы: « тордан құс ұша алмайды»

8. Төрт бұрыштан 1 бұрышын алып (қиып) тастасақ неше бұрыш қалады?

Жауабы: « бес бұрыш»


4 - сайыс ережесі: Интерактивті тақтадан әр түрлі суреттер көрсетіледі әр топтан бір ойыншы шығып жасырылған затты тобының көмгімен табу керек. Әр дұрыс жауапқа 20 ұпай 2 мин беріледі.


5 - сайыс ережесі: Екі топқа ортақ бір сөз беріледі олар кезекпен мәтініде сол сөз кездесетін әндерді көбірек еске түсіру керек, тапсырманы орындау барысында іркіліп қалған топ жеңіліс табады.Осылай жалғаса береді. Әр дұрыс жауапқа 30 ұпай 1 мин беріледі.

Берілетін сөздер – әке, жұлдыз, елім, қыздар, ана.

Ән: «Анашым жаным»

Қорытынды: Сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі.

Видео – ролик: Ардақ Назаров «Жәннат ананың табанының астында»

Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ балалар. Ең ыстық күннің нұры да, ананың шапағат мейіріміне жетпейді екен.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!