15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ана өмірдің гүлі
Тақырыбы: Ана – өмірдің гүлі.
Өтетін
күні: 26.02.2019
Мақсаты:
Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған
аналар мерекесі туралы түсінік беру.
Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу,
ұлтқа тән жақсы қасиеттерді
қалыптастыру.
Көрнекілік:
Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру,
даналық сөздер жазылған плакаттар.
Интерактивтік
тақта. Презентация.
Мұғалімнің сөзі:
- Қош, келдіңіздер! Ана, Ана, Ана! Не деген
мейірлі, не деген шапағатты сөз еді.
Осынау үш әріптен құралған қасиетті
сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші!
Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен
шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана
сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен
өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да
ананың сүтімен жаралған. Жақсылықтың
нышанындай, жаның сүйген адамның жып-жылы
құшағындай, саф алтындай тазалығы мен
сұлулығын беретін, жайма шуақ сәулелерін
төгетін, көңілдерге қуаныштар егетін,
имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей
ибалылық себетін көгілдір көктемнің
алғашқы мерекесі, той атаулының қызығы
мен берекесі –8 НАУРЫЗ ортамызға
келді! Осы
мерекенің иелері, бар адамзаттың табынары
мен киелері, қуанғанда қасыңнан табылып,
қиналғанда сүйенері, мейірімділік пен
тыныштықтың жаршылары, адамдық пен
адамшылықтың мөп-мөлдір тамшылары,
сүйкімді қылығымен сағындырған, қажет
десе аһ ұрғызып сабылдырған, әсем
көркімен, жүрегінің өртімен небір дана
мен данышпандарды табындырған, сүйкімді
қыздар, аяулы аналар, асыл әжелер
мерекелеріңіз құтты болсын!
Әрқашан отбасыларыңыздың ажары, жүрген орталарыңыздың базары болыңыздар!
Пәле-жала, жамандық атаулы келмеске кетсін, асыл да таза махаббат жүректеріңізден мәңгілік орын тепсін! Сүйікті жар, ардақты ана болыңыздар,сіздерге дүниедегі барлық бақытты тілейміз!
— Бүгінгі «Ана – өмірдің гүлі» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын.
Енді сіздерге арналған ән бағдарламасын қабыл алыңыздар.
1
жүрг: Көктем келер гүлін алып, жазда
келер жырын алып – деп ән мәтінінде
айтылатындай, нұрлы шуағы мол наурыз
айы туып, ардақты аналар мен ару
қыздарымыздың төл мейрамы 8 – наурыз
мерекесі келіп жетті.
2жүрг: Сіздер
ер – азаматтардың қолқанаты, тірегі
мен жүрегі болып табыласыздар.
Әжелеріміздің, аналарымыздың, қыздарымыздың
көңілдері көктемнің шуақты күніндей
мейірім – шапағатқа бөлене берсін.
Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың
мерекелері құтты болсын!
1 жүрг:
Айналдым
«ана» деген асыл аттан
Шуағын бар
әлемге шашыратқан
2жүрг:
Ойнап
жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып
даусынан ажыратқан
Хормен барлығы:
Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой
аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз
біз балалар!
1-жүрг. Олай болса, Зулейха
қызымыздың сіздерге арнап бір тамаша
ән айтады, қабыл алыңыздар.
2жүрг: «Бала тілі – бал дегендей» балалардың шын көңілінен шыққан, жүрек жарды аналарына деген тілектері бар. Олай болса балалардың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Аналарды ардақтаған бабалар Саят
Аруларды құрмет тұтқан даналар
Құтты болсын мерекесі көктемнің
Сіздер барда жүректерде жылу бар
Көктемдегі күндей болып жайнаңдар
Құтты болсын мерекеңіз арулар
Құтты болсын тойларыңыз аналар!
Дүниедегі
ең ардақты асыл жан, Ақниет
Анам менің
мәпелеген жасымнан
Мен қуансам
қуанады ол бірге
Мен қиналсам табылады
қасымнан.
Маған қымбат жан жоқ сірә
анадан,
Бар жақсылық аналардан
тараған
Жер бетіне өмір нәрін
себуші
Ана алдында борышты ғой бар
адам.
Сүйіктім деп жүретін, қадіріңді білетін. Ердаулет
Өссем ұл боп жан ана, орындалар тілегің.
Сөзің шырақ секілді, сүйем соған жетуді.
Қанат қағып самғауға, балаң бекем бекінді.
Ана
десем – шешек атып жанары Асемай
Өмірімнің
бастау алар жаңа әні
Ана
деген тіршілікте пана боп
Әрбір үйде
жұлдыз болып жанады.
Шуақты
көктем келді гүлін алып Райымбек
Көктемнің
мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі
де, гүлі де өзі
Ана деп бас иеді күллі
халық.
Ақ қабақты анашым, күн сәулелі анашым. Олжас
Әлпештеген баласын, айналайын анашым
Бәрімізге анасың, біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың, құттықтаймын анашым.
Ана деген-өмірдің мөлдір кәусәр бұлағы, Санжар
Ана деген-тіршіліктің шұғылалы шуағы.
Ана деген- теңдесі жоқ ұлылық,
Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым Аяулым
Тәтті ұйқыңды бөліп талай тіл қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің
Кең құшағың –аясындай гүл бақтың.
Ана – дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана – дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана – деген бәйтерегі өмірдің,
Ана – деген алтын қазық, алтын бақ.
Ана десем, ұшқын атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана деген тіршілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Аналарды ардақтаған халқымыз Зулейха
Ертендерге жалғанады салтымыз
Аналардың , арулардың қызығы
Құтты болсын 8- ші наурызыңыз
Сіздер барда жүректерде жылу бар
Көктемдегі гүлдей жайнап тұрыңдар
Құтты болсын мерекесі көктемнің
Құтты болсын тойларыңыз аналар!
1
жүрг. Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе –
жердің көркі демекші - 8 наурыз мерекесі,
қыздарымыздың да мерекесі.
Қыз емес
қыздың аты қызыл алтын
Көрінер толған
айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын
орап, сөз сөйлемес
Халқының сақтай
білген, ізгі салтын – демекші, қыздарымыз
бен ұлдарымыздың орындауында «Су тасушы
қыз» әнін қабыл алыңыздар.
Ән
шашу
2-жүрг: Дүниедегі құдіреттің
бәрі, ананың тілегі, ананың жүрегінің
мықтылығы арқасында жүзеге аспақ.
1-жүрг. Ендеше бір ойын ойнап жіберейік.
Ойын:
«Кімнің даусы табайық» (аналармен)
5
бала шығады да, теріс қарап тұрады. Мен
қолыммен кімді көрсетем, сол адам бір
сөз айтады. Мыс: ботақаным – дейді.
5
баланың біреуі, менің мамамның даусы
деп айту керек. Дұрыс тапқан бала орнына
отырады.
Мұғалім.
Біздің қыздарымыздың биін қабыл
алыңыздар.
2-жүрг: Барлық ана
баласымен бақытты, барлық бала ата –
анасымен бақытты – деп, ортаға балаларды
шақырайық.
Ана деген сөзді де
Апа
деген сөзді де
Әке деген сөзді де
Аға
деген сөзді
хормен: Ойлап тапқан
балалар!
1-жүрг.Күнім, жаным
дегенді
Құлыншағым дегенді
Ботақаным
дегенді
Айналайын дегенді
Толған
айым дегенді
хормен: Ойлап тапқан
аналар!
2-жүрг: Ендеше аналарымызға
арналған шағын ғана сыйлықты қабыл
алыңыздар. (Слайд көрсету). 1 жүрг: Құтты
болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты
да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңіз
бен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана
жүріңіз
2 жүрг: Жарқыраған қызыл
гүлдей
Болсын әсем өміріңіз
Сәуле
шашқан әсем күндей
Көтерілсін
көңілдеріңіз – деп сіздерге отбасылық
бақыт, дендеріңізге саулық, осы мерейлі
мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.
Ән
шашу. Оқушылар хормен ән айтады. Мұғалім.
Енді балалар өздерінің қолдарынан
дайындаған мамаларына деген сыйлықтарын
тапсырады.
Ұлдарымыздың қыздарымызға
арнаған шағын сыйлықтарын тарту
етсін.
Ұлдар сыйлықтарын бір – бірлеп
таратады.
Өтетін күні: 19,02 2019
Тақырыбы:
«Мейірімділік сенен басталады»
Мақсаты:
Тәрбиеленушілердің мейірімділік,
қайырымдылық құндылықтары туралы,
«қайырымды адам» туралы түсініктерін
кеңейту және жақсылық пен жамандықтың
қатар жүріп адам өмірінде сан қилы белең
көрсететінін ұғындыру.
Міндеттері:
- Мейірімділіктің адам өміріндегі мәні
және жақсылық жасаудың қуаныш әкелетіндігін
сезіндіру, жақсылықты түсіну, жақсылық
жасауға тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты
сын тұрғысынан ойлау технологиясы
бойынша құрылған
Жүру барысы
1.
Ұйымдастыру бөлімі
Алдымен
тәрбиеленушілерге өздеріне ұнаған
түстерін таңдауын сұраймын (мен үш топқа
бес баладан бөлдім: сары, жасыл, қызыл
пішіндер) Сол түстер бойынша топқа
бөлінеді.
Ой шақыру
Тәрбиеші сөзі:
Балалар, бүгінгі тақырыпты айтпас бұрын,
мен сіздерге мына слайд шоуды мән беріп
қарауды сұраймын. Содан кейін өздерің
тақырыпты табатын боласыздар. (жай
музыка жүріп тұрады, слайд көрсетіледі)
Ал,
бүгінгі тәрбие сағатымыздың негізгі
тақырыбы не болмақ, қалай ойлайсыздар?
(балалардың жауаптары тыңдалады)
Дұрыс
айттыңдар, бүгін біздер мейірімділік
туралы сөз қозғаймыз. Жақсылық пен
жамандық адамның іс - әрекеті арқылы
өлшенеді. Халқымыз «жақсылық» деген
ұғымды адамгершілікке балаған.
Адамгершілігі мол мейірімді, қайырымды
адамды «жақсы адам» деген. Ендеше
жақсылық пен жамандық туралы ойланып
көрейік. Тәрбиеленушілерге сұрақ
қойылады:
- Жақсылық, жамандық деген
ұғымдарды қалай түсінесіздер?
- Жақсы
болу, жақсылық жасауды қалай үйренуге
болады?
- Жақсы сөз айту, жақсылыққа
жата ма?
- Жақсылық жасау адам жасына
байланысты ма?
- жақсы адамның бойында
қандай қасиеттер болады?
Тәрбиеші:
Адамның ішкі сұлулығы — адамның жүрегі,
жүрек жылуы, махаббат, ар - ұят, қайрат,
мейірімділік, жақсылық, адамшылық осы
жүректен туындайды. Ойымызды әрі қарай
өрбіту үшін видеоролик бойынша жұмыс
жүргіземіз.
Әр топқа үш түрлі
видео мысал көрсетіледі.
І топ:
«Жақсылық сынықтары» мәтіні
Сұрақтар:
Бұл мысалдан нені ұқтыңдар?
Сендер
қалай ойлайсыңдар, әже неліктен көп
жылдар бойы әйнек сынықтарын жинап
жүрді?
Егер де адамдар әженің не істеп
жүргенін білгенде не істер еді?
ІІ
топ: «Мейірімділік әлемді
құтқарады»
Сұрақтар:
Бұл мысалдан
кейін қандай сезімде болдыңдар?
Адамдар
жасаған жақсылығының қайырын сұрайма,
қалай ойлайсыңдар?
Мен жаңа айтып
кеттім, Адамның ішкі сұлулығы — адамның
жүрегі, жүрек жылуы, махаббат, ар - ұят,
қайрат, мейірімділік, жақсылық, адамшылық
осы жүректен туындайды деп, жүрегімізді
жамандық жауып тастаса біз қалайша
жақсы адам боламыз. Сондықтан да бұл
әңгімеден не түюге болады?
ІІІ
топ: «Екі қасқыр» әңгімесі
- Ата Екі
қасқыр деп нені меңзеп отыр?
Жамандық
пен жақсылық өмірде бірге жүреді екен.
Ал қайсысы жеңеді? Жақсылық жеңу үшін
адам не істеу керек?
- Осы үш мәтінді
бір бірімен байланыстыруға бола ма?
Үшеуі бір бірін толықтырып тұр ма?
Енді
біраз бой сергіту мақсатында мынандай
ойын ойнайық. Алдымен мен сендерге бір
сұрақ қоямын, сол сұрақтың жауабын іздеп
көресіздер. («Аралас, қатып қозғалма,
топтас» әдісі бойынша өткізіледі.
Тәрбиеленушілер қолдарына қалам мен
қағаздарын алып шығады да бір минут
ішінде мәлімет жазып алу керек)
Сұрақ:
Мейірімді адам деген қандай адам?
Тәрбиеші
«Аралас» дегенде тәрбиеленушілер бөлме
ішінде арлы берлі жүріп, араласып
«Мейірімді адам деген кім, және біздің
балалар үйінде кімді ең мейірімді, ең
қайырымды адам деп ойлайсыңдар?» деген
сұрақтарға жауап алып, қағаздарына
жауаптарын жазады.
«Қатып, қозғалма»
дегенде орнында тұрып қалады. Тәрбиеші
тәрбиеленушілердің жауабын жинап алады.
Жазылған жауаптар сабаққа қатысып
отырған үлкендерге тапсырылады. Жауаптағы
ең мейірімді, ең қайырымды деп табылған
адамның есімі сабақтың соңына дейін
жасырын болады.
«Топтас» дегенде өз
топтарына отырады.
Тәрбиеші: Рахмет,
мен де өз жауабымды айтайын:
Мейірімді
кісі деп сөзінен ісі көрінетін, айтқан
сөзін кейіннен өзі ұстанатын кісіні
айтады. Мейірімді кісі түсінуге тырысады,
бірақ одан пайда іздемейді. Жай адам
пайда іздейді, бірақ түсінуге тырыспайды.
Адам дүниеге ештеме қалап келмейді.
Жақсы мен жаманды өскен соң өзің қалап
аласың.
Алдарыңызда бірнеше жағдаяттар
көрсетілген сол бойынша тығырықтан
шығудың амалдарын келтіріп, ойларыңызды
ортаға салсаңыздар. Тәрбиеленушілердің
жауаптарын тыңдау.
Келесі тапсырма
шығармашылық жұмыс: слайдта көрсетілген
сурет бойынша тәрбиеленушілердің
жауаптарын талқылау.
Тәрбиеші:
Сабақтың қорытындылай келе «Жүректен
жүрекке» деген ниетпен мынандай кішкентай
жүрекшелерге өз тілектеріңді қалаған
адамдарыңа жазып тапсыруларыңды
сұраймын. Сонымен балалар бүгінгі
сабақтан не білдік? Не туралы, қандай
адами құндылықтар, қасиеттер туралы
білім алдық?
Сабағымыздың басында
сендерге «Ең мейірімді, ең қайырымды
адамды табу тапсырылған болатын. Сол
тапсырманың қорытындысы бойынша «Алтын
жүрек» иесін анықтасақ деймін. Ол үшін
сендердің жауаптарыңды қорытындылаған
адамдарға сөз берейік.(«Алтын жүрек»
иесін алтын жүрекшемен марапаттау).

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген