Ана өмірдің гүлі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ана өмірдің гүлі

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешіге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сиынар ем ана деген тәңірге!

Ер балалар ортаға шығып флешмот билейді, осы кезде «Көктем»ханшасы келіп қыздарды іздеп аралайды :

Көктем ханшайымы:

Сәлеметсіңдерме балалар,

Мен көңілді көктеммін,

Жылда келіп кетемін,

Суын ашып бұлақтың.

Түбіне тал егемін.

Құрметті ақ жаулықты әжелер,аналар сұлу кішкентай аруларымыз көктемнің шуақты гүлдей мерекелеріңіз құтты болсын.Сіздер бүгін сегізінші наурыз мерекесін тойлап жатырсындарма?

Тәрбиеші:Ия біз бүгін 8ші наурыз мерекесін тойлап жатырмыз,

Көктем ханшасы: Бұл жерде бүр түрлі көңілсіз сияқтығой , біздің кішкентай аруларымыз жетіспейтін сияқты ,олар қайда?

Балалар:Бізде қыздарымызды көрмедік,мүмкін сен бізге тауып берерсін.

Көктем ханшасы:Мен айналаны мұқият қарап шығайын ,біздің сұлу қыздарымыз осында болар,балалар мен тапқан сияқтымын деп пердені ашып қыздарды ұйқыларынан оятады.(Бастарынан сиқырлы таяқты тигізіп біртіндеп оятады.)

Қыздар екіге бөлініп ұлдардың қасына тұрады.Бірге билейді.

Тәрбиеші: Қымбатты аналар,әжелер,ұстаздар және қыздар сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүрегімізбен құттықтаймыз,сіздерге қажымас қайрат ,денсаулық,от басыларыңызға бақыт тілейміз.Бүгінгі ертеңгілігіміздіашып беру үшін балабақшамыздың меңгерушіс Қарлығаш Қапашқызына сөз береміз.

Тәрбиеші:Көктем ханшасы сізге көп көп рахмет сен келгесін айналамыз жарқырып қыздарымызда ортамызға қосылды,біздің балаларымыздың өнерлерін бірге тамашала. Келесі кезекте балаларымыздың орындауында хор«Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар.

Тәрбиеші:

Ең аяулы есімғой ана деген

Бар тіршілік бақытты анаменен,

Анана жеткізгенше мұратына ,

Білім іздеп лапылдап жана берем,

Ананың оттай ыстық алақаны

Болғансоң ойлайтыны бала қамы.

Баладан анасына мың сан алғыс.

Өйткені ол анасының балапаны. Аналарына деген ыстық лебіздерін тақпақпен жеткізгісі келіп отырған балаларымызды ортаға шақырайын.

Әлижан:Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз,

Ұлыңды ана қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз.

Марғұлан:Жамандықтан сақтандырып

Жақсы ісімді мақтан қылып

Ақ анамды мен әрқашан

Жүрсем деймін шаттандырып.

Нұрәли: О,анашым

Таянышым,тірегім

Бар бақытты бір басыңа тіледім.

Мені жақсы болса екен деп қашан да

Лүпілдейді сенің қомқор жүрегің.

Берекет: Ана дейміз бәрімізде аңқылдап

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген алтын қазық,алтын бақ.

Надира : Өзіңсің өмірдегі бар ардағым

Жыр жаздым,тұңғыш саған ән арнадым

Анашым айтарым көп,тіл жетпейді.

Бір сендей асыл жанды таба алмадым.

Бекнұр:Еркелесем күлімдейтін

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан иіскеп мені

Құлыншағым күнім дейтін.

Надир мен Амина :Надира маған қарашы ұлдар сақина сыйлады.Амина Сақина сыйлағанша гүл сыйламайма.Екеуі бірге:Ендеше ортаға ұлдарымыздың орындауындағы « » биін қабыл алыңыздар.

Тәрбиеші:Көңілің алатаудың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай,

Қалайша аяулы ана тына алармын

Ән болып сағыныштан ақтарылмай.

Келесі кезекте өзінің анасына деген ыстық сезімін өлең жолдарымен жеткізгісі келіп отырған Жолдасбек Нәбидің орындауында «Анашым»әнін қабыл алыңыздар.

Ән Анашым,Жолдасбек Нәби.

Тәрбиеші:Ару ана өмірдің асылдары,

Жайнаған көңілімнің асыл бағы.

Сіздер үшін ән мен би өлең мен би.

Сіздер үшін мереке шашулары.

Келесі кезекте балаларымыздың аналарына әжелеріне деген ыстық ықыластарын қабыл алыңыздар.

Шахназ: Сыйлаған маған өмірді

Анашым менің аялы

Жүрегі жұмсақ көңілі

Күншуақты саялы.

Нәби: Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

Әлпештеген баласын

Ана –бақыт,ана-күн

Әркім сүйіп өзінің

Матан етер анасын.

Малика: Мәпелейсің мені,анам

Қолыңдағы құсындай

Құлпыра өсіп,демалам

Құшағыңда қысылмай.

Әмина: Ана десем,сезім билер тым ыстық

Жарасымды адамдарға туыстық

Бар адамға берсе анаңың мейірін

Орнар еді бар әлемге тыныштық.

Ботакөз: Жан ана,жарық күн жанарың

Бір сенде кендігі даланың

Балаңды құшақтап сүйгенде

Сеземін көктемнің самалын.

Тәрбиеші:ортада Балапан тобының сұлу қыздарының орындауында «Тауыс» биін қабыл алыңыздар.

Тәрбиеші( Мен бүгінгі ертеңгілігімізге өзгеріс енгізгім келіп отыр, қыздарымызда киініп келем дегенше ұлдарымыз өздерінің аналарын ортаға биге шақырып бірге билесе екен димін. )Келесі кезекте сұлу қыздарымызға арнап ұлдарымыздың орындауындағы «Қыздар ай »әнін қабыл алыңыздар.

Тәрбиеші:Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана дейміз бәрімізде жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық алтын бақ.Аналар келесі өлең шумақтары сіздеге арналады.Ортада:

Жансерік: Ана

Сен бақыттысың,

Жыламағың!

Жай түсіп жатқанда да құламадың

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның

Сондықтан жыламағың,жыламағың

Димаш:Ананы мен жақсы көрем,

Ана шаттық,бақыт береді.

Анаменен барлық адам,

Бақытты болып жүреді.

Асанхан Али:Бар мейірімділік анада

Ана деген бір жанды

Мейірімділік ананың

Болмас еш бір адамда.

Камила: Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған,

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ анам!

Інжу:Мен сені жақсы көрем жан анашым,

Асыл адам бұл өмірде сен ғанасың.

Жан анам сенен алам бар жақсыны,

Үйреткен ,шуақ шашқан сен данасың.

Сен данасың,дарасың, сен анасың,

Баласына болған тек сен панасың.

Сен қуансаң бүкіл әлем қуанғандай,

Отқа түсіп бала үшін сен жанасың.



Жайна:

Анашым асыл адам сен едің,

Біздерді бесігіңмен тербедің.

Аялаған біздерді,

Ардақты анашым сен едің.

Жеңіс:Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан.

Тәрбиеші:Балаларымыздың орындауында хор Анашым әнін қабыл алыңыздар.

Келесі кезекте балаларымыздың орындауында Тростик биін қабыл алыңыздар.

Би :Тростик.

Тәрбиеші:

Тайр:Аналарды теңейміз ғой құндызға,

Күнге де,айға да,жұлдызға,

Өмір бақи анаменен

Бақытты ғой ұл-қыздар!

Айана:Анам менің күн астында жарқыраған,

Анам менің өзен тау су сарқыраған.

Анам менің күлімдейтін жанашырым,

Анам менің өмірдегі

Ернұр:

Анашым аяулы адам сен едің,

Серігі болған біздердің.

Түн ұйқысын төрт бөлген,

Қамқоршым менің анашы

Рамазан:Анам болса қасымда

Басқа бақыт не керек.

Анашымның жүрегі,

Мейірімді ғой керемет.

Балаларымыздың орындауындағы хор

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.10.2018
556
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі