«Ана – гүл, ана – өмір
шуағы"
Мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы
түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән
жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған
плакаттар. Интерактивтік тақта.
Презентация.
Мұғалімнің сөзі: - Қош,
келдіңіздер! Ана, Ана, Ана!
Не
деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен
құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім
мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана
сезімін қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының
барлығы да ананың сүтімен жаралған.
Олай болса бүгінгі ертеңгілігіміздің
тақырыбы да осы қасиетті Ана есімі болмақ! «Ана –
гүл, ана – өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз сіздерге
арналады.
1 жүрг: Көктем келер гүлін
алып, жазда келер жырын алып – деп ән мәтінінде айтылатындай, нұрлы
шуағы мол наурыз айы туып, ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл
мейрамы 8 – наурыз мерекесі келіп
жетті.
2жүрг: Құрметті аналар, ұстаздар, қыздар, бүгінгі төл мерекелеріңіз
құтты болсын, әр жанұяға шаттық
тілейміз!
Құттықтау сөз мектеп төрайымы
Айкүміс Жалелқызына беріледі.
Ән:
1 жүрг:
Айналдым «ана» деген асыл аттан
Шуағын бар әлемге шашыратқан
2жүрг:
Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып даусынан ажыратқан
Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар!
Балалардың тақпақтары
-
Ана-деген асылы ғой
даланың
Ана деген- сағынышы
баланың
Бұл өмірге қуанышпен нұр
төккен
Бас иеміз алдында
ананың
-
Ана – біздің
күніміз
Ана – біздің
гүліміз
Ұландарды
қуантып
Ұзақ өмір
сүріңіз
-
Мәпелейсің мені,
анам
Қолыңдағы
құсындай
Құлпыра өсіп дем
алам
Құшағыңда
қысылмай
-
Аялаған,
саялаған
Бар бақытым
берекем
Апатайым,
құттықтаймын
Бүгін сенің
мерекең
-
Сіздерден өсер
балалар
Батырлар мен
даналар
Құттықтаймыз,
мейраммен
Құрметті
аналар!
-
Аналарды
сүйеміз
Сөзін ойға
түйеміз
Әжені де
ардақтап
Әдеппен бас
иеміз
-
Анашым, ортамызга келсең
күліп,
Болады Алатаудай еңсем
биік.
Балалық қарызымды өтеймін
бе
Әлемнің жаксылығын берсем
жиып.
-
Менің анам -
мұғалім,
Күн секілді
білгснге.
Шашырайды
шуағы
Ол сыныпқа
кіргенде.
-
Аялаған
баптаған,
Асыраған
сақтаған.
Сақтандырып күнде
еппен,
Айтып бәрін
үйреткен
Анамызға мың
алғыс!
-
Ерлік еткен біз
үшін,
Еңбек еткен біз
үшін,
Еркелеткен
біздерді,
Еркіндеткен
біздерді
Аналарға мың
алғыс!
Хор:
1жүрг: Дүниедегі құдіреттің бәрі, ананың тілегі, ананың жүрегінің
мықтылығы арқасында жүзеге аспақ. Ал, ақ самайлы, аяулы да, ардақты
әжелеріміз болмаса, аналарымызға да, бұл жарық дүние есігін ашпас
еді. Ендеше, әжелерімізді де мерекемен құттықтаймыз.
Балалардың тақпақтары әжелер
туралы
ӘН:
2 жүрг: Ана деген қандай
адам?
-
Ана махаббаты адамға қанат
бітіреді, күш береді, ерлікке
шағырады.
-
Ана – өмір гүлі. Ана деген сөз
барлық халықтың тілінде жылы
естіледі.
-
Анамыздың көңілі шат, жүзі
жарқын, дені сау болуын әрқашан
тілейміз.
-
Ана – әлемдегі ең сұлу, ең
мейірімді, ең қамқор адам
-
Ана – әр үйдің алтын
қазығы
-
Ана бір қолымен бесік
тербетсе, екінші қолымен әлемді
тербетеді.
-
Ұлы ақынды да, ойшыл
данышпанды да, ел басқарған ел ағасын да, ғалымды да өмірге әкеліп,
әлпештеп өсірген, ақ сүтімен нәр берген –
ана.
ӘН: