|
Сабақтың
ортасы
|
Мұғалім
сөзі.
1 - жүргізуші: Ананың тілегі,
ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан қасиетті
ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананың шапағат мейіріміне
жетпейді.
2 - жүргізуші: Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын
өтей алмайсың.
1 - жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың. Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі
ең жақын, ең әзиз жан ол – анамыз.
2 - жүргізуші: Бүгінгі 8 - наурыз – аналар мерекесіне арналған «Ана
- өмірдің шуағы»
атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
Барлық өнеріміз аналар сіздер үшін.
1 - жүргізуші: Бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын
оқушыларымыздың аналарға арнап жазған өлең шумақтарын қабыл
алыңыздар.
1 - оқушы:
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!
2 - оқушы:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап.
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
3 - оқушы:
Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.
4 - оқушы:
Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар жанары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
5 - оқушы:
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың.
6 - оқушы:
Ақыл құйған санама,
Күннен артық, расында.
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.
7 - оқушы:
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
2 - жүргізуші:
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, меніңше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай оқушымыздың
орындауындағы «Аяулы анашым» әнін, қабыл алыңыздар.
Ән «Аяулы анашым»
2 - жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге – демекші, ендігі кезекте қазақтың
«Қазақ биі», қабыл алыңыздар.
Би «Қазақ биі»
1 - жүргізуші:
Дүние ойдан шығалы,
Өзімді өзім ұмытып.
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып, – дей отырып, ендігі кезекті әнге
берейік.
«Асыл әже» әні
2 - жүргізуші:
Ойын «Ананың алақанын сипап сезу» Үш баланың көздерін жауып
байлаймыз. Аналардың орны ауысқаннан кейін, балалар көздері
байлаулы күйде барлық аналардың алақанының арасынан, өз анасының
алақанын сипап сезу арқылы табу керек.
2 - жүргізуші:
Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл күйлер.
Алдарыңызда қазіргі үнді биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте «Үнді
биі», қабыл алыңыздар!
«Үнді биі»
2 - жүргізуші:
Ана ол біздің елде ардақты адам,
Кішісі де, үлкені де ардақтаған.
Өзінің аяулысы да Отанын да,
«Ана» деп біздің халық текке айтпаған, – деп кезекті көрініске
береміз.
Көрініс «Әжесі мен немересі» «Дүниеде не қымбат?»
Немересі: - Әже деймін, әже,
Сұрақ қойғым келеді сізге.
Мен түсінбейтін бір жәйт бар.
Түсіндірші соны бізге.
Бірінші сұрағым сізге:
Дүниеде не қымбат?
Әжесі: - Адам қымбат, қалқам.
Немересі: - Адамға не қымбат?
Әжесі: - Бала қымбат, қалқам.
Немересі:- Балаға не қымбат?
Әжесі: - Ана қымбат, қалқам.
Немересі: - Иә, десеңші әже!
Түсінбеппін осы жайды.
Тағы бір сұрағым бар сізге,
Қатты мен жұмсақ жайлы.
Әжесі: - Сұрай ғой, қалқам. Не сұрасаң да жауап берейін.
Немересі: - Әже дүниеде не тәтті?
Әжесі: Ананың сүті тәтті.
Немересі: - Дүниеде не қатты?
Әжесі: - Атаның жүрегі қатты.
Қарағым, сауал қойдың көп маған.
Бір ақыл айтайын саған
Тату болса – ағайын жақын,
Ақылшы болса - апайың жақын.
Бауырмал болса - інің жақын,
Алдыңа тартқан адал асың,
Қимас жақын қарындасың.
Немересі:- Түсіндім, әже. «Дүниеде не қымбат екенін?» енді мен
айтайын:
Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт берекең - атаң қымбат.
Аймалайтын - анаң қымбат.
Мейірімді - әжең қымбат.
Асқар тауың - әкең қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат!
2 - жүргізуші:
Ойын «Жылы сөздер». Аналар өз балаларына берілген әріптерден
басталатын жылы сөздер айтады.
1 - жүргізуші:
Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер!
Сахнада «Вальс биі» қабыл алыңыздар.
1 - жүргізуші:
Жан анам, құттықтаймын мереке күніңмен,
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен, – деп, ендігі кезекте «Апатайым –
анашым» әні, қабыл алыңыздар!
Хор «Апатайым –
анашым»
|
Өз ойларымен
бөліседі.
Тіл туралы өлең
жырлар оқиды.
Әңгімені мұқият
тыңдайды, топта талдап, өз ойларымен
аяқтайды.
|