400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ана өмірдің шуағы

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыға, тәрбиелік,қызықты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 07.03.2019ж

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ана – өмірдің шуағы»

Мақсаты: жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы 

Мұғалім:  Құрметті асыл аналар, әжелер мен қыздар!
Сіздерді  көктемнің алғашқы  айында еліміздің барлық жерінде тойланатын  8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер!

Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың  ыстық құшағынан қасиетті  ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананның шапағат мейіріміне жетпейді. Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын  өтей алмайсың. Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең әзиз жан ол – анамыз. Бүгінгі  8-наурыз –аналар мерекесіне арналған «Ана - өмірдің шуағы» атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Барлық өнеріміз аналар сіздер үшін.

Бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын оқушыларымыздың аналарға арнап жазған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.
Асхат: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап.
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің 
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.

Нұржанбек: Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.

Аружан: Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар жанары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

Ақерке:  Ана деген ақылшың,
   Анаң барда батырсың.
   Қасыңда кім болса да ,
  Тек анаңа жақынсың.

Қарақат: Ақыл құйған санама,
Күннен артық, расында.
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз, 
Ана сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.

Мұғалім: Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, меніңше сүй, –деп, Абай атамыз айтқандай
4 «Ә»сынып оқушыларының орындауындағы «Ана туралы жыр» әнін қабыл алыңыздар

Мұғалім:Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге  –демекші, ендігі кезекте қ
ыздардың 
«Қазақ биі
н», қабыл алыңыздар.

Би «Қазақ биі» Кошкинбаева Аружан, Дуйсенбай Қарақат, Үргенчбай Ақерке
Мұғалім:Ойын «Анамның даусы» Барлық балалардың көздерін жауып байлаймыз. Аналардың орны ауысқаннан кейін, балалар көздері байлаулы күйде барлық аналардың даусының арасынан, өз анасының даусын тану арқылы табу керек.
Мұғалім: Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл күйлер.
Сіздердің алдарыңызда
балдарыңыз
Таң қалдырып қанекей би билеңдер !

4 «Ә»сынып оқушылардың «аналарға арнау» биіне кезек берейік

Мұғалім: Ана ол біздің елде ардақты адам,
Кішісі де, үлкені де ардақтаған.
Өзінің аяулысы да Отанын да,
 «Ана» деп біздің халық текке айтпаған, –деп кезекті көрініске береміз.

Көрініс «Әжесі мен немересі»  

Немересі: -Әже деймін, әже,
Сұрақ қойғым келеді сізге.
Мен түсінбейтін бір жәйт бар.
Түсіндірші соны бізге.
Бірінші сұрағым сізге:
Дүниеде не қымбат?
Әжесі: -Адам қымбат, қалқам.
Немересі: -Адамға не қымбат?
Әжесі: -Бала қымбат, қалқам.
Немересі :-Балаға не қымбат?
Әжесі: -Ана қымбат, қалқам.
Немересі: -Иә, десеңші әже!
Түсінбеппін осы жайды.
Тағы бір сұрағым бар сізге,
Қатты мен жұмсақ жайлы.
Әжесі: -Сұрай ғой, қалқам.Не сұрасаң да жауап берейін.
Немересі: -Әже дүниеде не тәтті?
Әжесі: Ананың сүті тәтті.
Немересі: -Дүниеде не қатты?
Әжесі: -Атаның жүрегі қатты.
Қарағым, сауал қойдың көп маған.
Бір ақыл айтайын саған
Тату болса –ағайын жақын,
Ақылшы болса-апайың жақын.
Бауырмал болса-інің жақын,
Алдыңа тартқан адал асың,
Қимас жақын қарыңдасын.
Немересі:-Түсіндім,  әже.

«Дүниеде не қымбат екенін?» енді мен айтайын:
Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт берекең - атаң қымбат.
Аймалайтын - анаң қымбат.
Мейірімді - әжең қымбат.
Асқар тауың - әкең қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат!
Мұғалім: Жан-жақты бізде қыздар, ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей ортаға шық!
Қол соғып, демеу берсе көрермендер! 

Би «Флешмоб /заманауи би»

Мұғалім: Ардақты аналар, ұстаздар мен қыздарым ! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.

1-жүргізуші: Деңдеріңізге саулық, бала–шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт–береке дарысын! Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын!

Сынып оқушылары аналарына жасаған ашық хаттарын береді ұсынады.

Осымен сіздерге арналған концертіміз аяқталды,

Қош сау болыңыздар!













Болашақ ауылдық округінің №10 орта мектебі





Сынып сағаты

Тақырыбы: «Ана – өмірдің шуағы»











Дайындаған: Абдурахманова А.К.











2018/2019 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
417
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі