Материалдар / Ана-өмірдің шуағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ана-өмірдің шуағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың аналар мерекесіне арналған тартуы
Авторы:
12 Маусым 2023
260
2 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: «Ана- өмірдің шуағы»
Мақсаты: Аналарды, әжелерді, қыздарды халықаралық 8- наурыз мерекесімен құттықтау; жанұядағы ана мен бала арасындағы қатынасты нығайту. Баланың бойындағы өнері мен дарын-дылығын дамыту;анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: әсем безендірілген зал, суреттер, шарлар.
Барысы:
Балалар сыныпқа кіреді. Қонақтар залда отырады. 
Мұғалім сөзі: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар,
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуа-ғындай сезім мен нұр құйып, 8- наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің гүлі, көңілдің ажары, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана-гүл, ана-жыр, ана- өмір шуағы»- атты ертеңгілігіміз сіздерге ар-налады.
Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. Қошеметпен балаларды шақырайық.
Бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын оқушыларымыздың аналарға арнаған өлең шумақ-тарын қабыл алыңыздар.
1-оқушы: Құтты болсын, ардақты ана
Асыл анам меркең,
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты берекең.
2-оқушы: - Мереке құтты болсын, аналарым,
Мәпелеп, еркелеттің аяладың.
Лебіз не алғысты айта келе,
Ән жырымды қабыл ал аналарым.
3-оқушы: Құтты болсын аналардың мейрамы,
Жарқыраңдар жаз күніндей жайдары.
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт берсін әр көктемнің айлары.

4-оқушы: Көктем келіп, гүлге толы дала бар,
Мерекеңіз құтты болсын аналар.
Сіздерсіздер тіршіліктің тұтқасы,
Жас ұрпаққа ақыл берген даналар.
5-оқушы: Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар
6 -оқушы: Мерейлі сәт мерекеге ұласып,
8-наурыз келді қыр асып.
Қыз-келіншек, нәзік жандар мейрамы,
Көктемімен шапағатын тұр шашып.
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, меніңше сүй, –деп, Абай атамыз айтқандай оқушымыздың орындауындағы «Құттықтаймын, мама, мерекеңмен!» әнін, қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Біздің ұлдарымыз қыздарға тосын сый дайындап келді ғой. Бізге қонақтарды шақырды. Балалар, оны шақырайық па? Балалар: Иә! 
Бәрі шапалақтайды. Залға сайқымазақ келеді. 
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, достар! Сәлеметсіздер ме, қымбатты ата-аналар! 

Жүргізуші: Сәлеметсің бе, сайқымазақ! 
Сайқымазақ: Менің атым Тили Вили. Мен сендерді сонау Америкадан кұттықтауға келдім. Хелоу! Хелоу! Хелоу! ( балалардың қолынан ұстап амандасады). 
Сайқымазақ: Мен бүгін мереке бойы сендерді күлдіртіп, көңіл күйлеріңді көтеремін. Ал қазір мен сендерге акробатикалық номерді көрсетеміз. (Сайқымазақ басына тұрайын деп, құлай береді). 
(Бәрі күледі)
Жүргізуші: Қой тили Вили сен мойынынды сындырарсың. Оданда біздің балаларымыздың биін қабыл ал.
Қыздардың орындауында «Қыздар биі»
Сайқымазақ – қандай жақсы би. Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Топтарға бөліп, әр топтан бір ана шығады, өзің айнаға қарап мақтайды.
Жүргізуші- Ана - барлық өмірдің бастауы Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам. Ана – құді-ретті жан.
7-оқушы: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқынды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың- аясындай гүл бақтың .
Мен өзіңмен қайда болсан біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің
Күн нұрындай жадырай бір күлгенің
Қандай жақсы ортамызда жүргенің.
8-оқушы: Ана десем-алғыс алам халқымнан,
Ана десем- теңіз болам шалқыған.
Ана десем- ашылады қабағым,
Ана десем- әділдікті ұғамын.
9-оқушы: Өмірдің иесі сен, ғазиз ана,
Келтірген дүниеге нелер дана,.
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.
10-оқушы: Адамзат қуат алар ақ сүтінен,
Мәпелеп әлдилеген пейілің кең.
Аналық махаббатың- кәусәр жа жоқ, ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.
11-оқушы: Әлпештеген, аялаған,
Біз үшін күн болып жанасын.
Ақ сүт берген апатайым,
Құтты болсын мейрамың.
Тақпақ айтып бүгін саған,
Құттықтаймын анашым!
12-оқушы: Бақытты ғой шынында
Анасымен балалар,
Құтты болсын мерке,
Аман болсын аналар.
13-оқушы: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқырап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген- алтын қазық, алтын бақ.
Жүргізуші- Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- туыстардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы. Ендеше әжеле-рімізге ар-налған баларымыздың өлеңдерін тыңдайық.
14-оқушы: Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Сахнада «Флешмоб биін » қабыл алыңыздар. 
Жүргізуші: Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Өмірде анаға де-ген сағыныш, оның ыстық мейірімге толы жылы құшағын аңсамайтын адам бола қоймас сірә. Күннің шуақты сәулесіндей ыстық ана жүрегі, одан туындайтын ананың махаббаты әр перзент үшін қымбат. Сондықтан баршамыз ана атына кір келтірмей, оларды әр уақытта ардақ тұтып, құр-меттеуміз қажет..
15-оқушы: Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана деген- мөлдір жандар бұлақтай.
О,адамдар, қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл- ойды тонатпай.
16-оқушы: - Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Ана табады ,аялайды бағады.
Сол үшін де құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті- ананы.
Алимхан- Құрметтейік, о адамдар аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.
Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл күйлер.
Алдарыңызда қазіргі үнді биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, –демекші, ендігі кезекте «Өзбек биі», қабыл алыңыздар!
Сайқымазақ: Енді құлақтарыңның естуін тексерейік. Қазір сендер көздеріңді жұмып отырыңдар. Ал бір баланың анасы оны «қошақаным» немесе «ботақаным» деп шақырады. Сендердің мақсаттарың ананың даусын тану. Ойын «Ананы дауысынан тану» 
Жүргізуші: Тили Вили сен көп ойындарды біледі екенсің. 
Сайқымазақ: Иә, білемін. Тағы ойнаймыз ба, балалар? 
Балалар: Иә. 
Сайқымазақ: Көзін байлап өз баласын мұрнынан табады.
Жүргізуші: Рахмет, саған сайқымазақ. Сен бүгін бізді қызықтырып жүрдің. 
Сайқымазақ: Иә, біз сондаймыз. Біз көп ойындар, әндер де, билер де білеміз.
Жүргізуші- Мерекені қарсы алып,
Мәз болғанда барша жұрт, 
Гүл ұсынып қыздарға, 
Сыйлық бердім мен өзім - дей отырып қыздарға арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер. (Ұлдар қыздарға сыйлықтарын табыс етеді) 
Жүргізуші- Бөбегіңнің сыйлығын, 
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап 
Ауырмашы анашым
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып кел-ген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған ана-ларына сыйлықтары бар екен. Соны табыс етсін. 
Жүргізуші: Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де ана-лар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! Не деген құдірет едіңіздер, аналарым! Сыйынатын болса өмірде құдірет, Сыйынар ем ана деген тәңірге! Ана да, мені де әлпештеген, Қайтпас қайрат, дариядай ақыл берген. Ниетің қабыл болсын, аналарым, Өркендеп өсе берсін, ба-лашаға, немерелер. Барша ана құтты болсын мерекеңіз, Әрқашанда ана сізбен берекеміз. Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам, Сонда біз кісі-лікке теңесеміз,- дей отырып мерекелік кешімізді қорытын-дылау сөзді тәрбие ісі меңгерушісі береміз. 
Ата –аналар құттықтау сөз сөйлейді.
Жүргізуші: Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!! Сау болыңыздар!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!