400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ана, сен бақыттысың!»

Материал туралы қысқаша түсінік
8-наурыз мерекесін түсіндіру, аналарды құрметтеу, сыйлау, қадірлеуге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Гаухар» балабақшасы















Тақырыбы: Shape1









Дайындаған: «Ботақан» тобының тәрбиешісі Куракова Гинура












2015 жыл




Бекітемін:

Г. Наурызбаева

«Ана, сен бақыттысың!»

Мақсаты: 8-наурыз мерекесін түсіндіру, аналарды құрметтеу, сыйлау, қадірлеуге баулу.

Көрнекілігі: тақырыбы, ана мен бала суреттері, шарлар, гүлдер.


Әлемнің жарығын сыйлаған қымбатты ақ жаулықты әже- аналар , апа сіңілілер!

Сіздерді көктемнің көріктіде көркем мерекесі 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шынайы ықылас ниетімізбен құттықтаймыз! Күн нұрындай жылуы мол жанды жадыратар сіздердің алақандарыңыздан тараған шапағат мейірім толастамай , әрбір жанұяға қуаныш пен береке сыйласын.

Балаларының амандығын тілеп , жанұяның алтын діңгегі болып отырған сіздерді тағы да мереке алдында шын жүректен құттықтай отырып бүгінгі «Ботақан» тобында болғалы тұрған «Ана, сен бақыттысың!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Құттықтау сөз осы мекеменің меңгерушісі Күләш Жолдығалиқызына беріледі.

Жүргізуші:

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар

Аналардан небір туған даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар қасиетті аналар!

Музыка жүреді «Детство» әнінің музыкасына көркем сөз оқылады. М.Мақатаевтің «Ана , сен, бақыттысың!»

Ахат: Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар. Ақ жаулықты әжелер , асыл да аяулы аналар, ару қыздар!

Жайдарлы:Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз аналар мерекесімен құттықтаймыз!

Сен білесің бе Ахат, ана деген керемет асыл жан. Менің анам қалағанымды алып беріп, түн ортасында шөлдесем сусын береді.

Ахат : Ал, менің анам ұйықтар алдында ән, ертегі айтып оянғанда жүрегіме жылу беретін сөздер айтады.

Жайдарлы: Ән демекші бүгінгі аналарға арналған мерекемізді әсем әнмен бастасақ , оған қалай қарайсың?

Ахат :Әрине дұрыс айтасың. Мейірімді аналар үшін «Құттықтаймын мама туған күніңмен» әнін арнаймыз. Қабыл алыңыздар.

Ән: «Құттықтаймын мама туған күніңмен»

Жүргізуші: Аналарға енді жырдан шашу жасайық!

Ахат: Армысыздар , ару қыздар, абзал ана.

Анаға тең келетін бар ма дана

Мерекең бүгінгі күн құтты болсын

Қуанышпен құшақтарға гүлдер толсын.

Нұрай: Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бар адамға берсе ананың мейірін,

Орнар еді бар әлемде тыныштық.

Сағит: Дүниедегі ең кемеңгер дананы

Ана табады, аялайды бағады.

Сол үшін де құдіретіңе бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы.


Жайдарлы:Сезімің неткен ыстық балаңа тым,

Төрт бөліп түн ұйқыңды қарағансың.

Қаншама азап шектің сәби үшін

Мен саған қарыздармын жан анашым.

Азамат:Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай тіл қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтін,

Кең құшағың- аясындай гүл бақтың.

Кәусар:Туғаннан құлыным деп аймалаған

Өзіңдей қамқор адам қайда маған.

Дүние аналармен көрікті ғой,

Анасыз бұлбұл құста сайрамаған.

Гүлсезім:Жан ана жарық күн жанарың,

Бір сенде кеңдігі даланың.

Балаңды құшақтап сүйгенде,

Сеземін көктемнің самалын.

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі дедік? Көктем .

Айару:

Көктем қандай көңілді,

Күміс жаңбыр төгілді.

Мөлдір аспан ашылып,

Күн пердесі сөгілді.

Жыршы құстар көп келді,

Гүлдер жапты бөктерді,

Кел ,балалар әнменен,

Қарсы алайық көктемді.


Музыка әуенімен залға көктем келеді.

Жүргізуші: Сәлеметсізбе Ару көктем, қош келдің?!

Көктем:

Сәлем, сәлем, балақайлар,

Әзиз әже, назды апайлар.

Қуаныңдар алақайлап,

Құстар әнін ала келдім,

Мен көңілді көктеммін,

Былтыр келіп кеткенмін.

Көзін ашып бұлақтың,

Түбіне тал еккенмін.

Құстар әнін ала келдім,

Жерге кілем жаба келдім.

Жан бітірткен табиғатқа,

Гүлдерімді ала келдім.

Көктем: Балалар мен сендерге сиқырлы көктем гүлін ала келдім. Онда тапсырмалар бар. Соны орындайсыңдар ма? Олай болса тапсырманы орындамас бұрын әуезді ән тыңдайық!

Ән: Көктем

Көктем: Ал енді сиқырлы гүлдің тапсырмасын орындайық




1.Аналарға арналған өлең шумақтарын айту.

Анар: Дүниедегі ең ардақты асыл жан,

Анам менің мәпелеген жасымнан.

Мен қуансам қуанады ол бірге,

Мен қиналсам табылады қасымнан.

Жанар: Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған,

Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған.

Тіршіліктің тынысы мен ажары,

Ана деген теңдесі жоқ жақсы адам.

Демир: Ақыл құйған санама,

Күннен артық расында.

Күн алыста, ал анам,

Ылғи менің қасымда.

Дарын: Сегізінші наурыз күнін,

Мейрамдайды аналар.

Аналардың шаттығын,

Құттықтайды балалар.

Бақдәулет:Көзімді ашып өмірге,

Алып келген анашым.

Ақ періште көңілге

Жарық берген анашым.

Жасмин: құтты болсын осы шаттық күніңіз,

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.

Қуанышты жүзіңізден әрдайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

Диляра:мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсыңдай,

Құлпыра ұшып дем алам,

Құшағыңда қысылмай.

Үмітімдей көзіме,

Көп қарайсың үңіліп.

Еркелеген сөзіме,

Ертеңіңіз тұр күліп.

Бексұлтан: Аялаған, саялаған,

Бар бақытым-берекем.

Апатайым, құттықтаймын,

Бүгін сенің мерекең.

«Ақмамам» әні Жайдарлы мен Анардың орындауында


2. Көктем туралы өлең шумақтарын айту.

Інжу:қары еріп даланың,

Арықтардан су ақты.

Ақ жүзіндей ананың,

Күндер келді шуақты.

Жыл құстары келді деп,

Балдырғандар мәз болды.

Қос қанаты желпілдеп,

Көлге үйрек, қаз қонды.



Мирас:Құтты болсын аналардың мейрамы,

Жарқыраңдар жаз күніндей жайдары.

Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,

Бақыт берсін әр көктемнің айлары.

Айнель:шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де, гүлі –аналар,

«Ана» деп бас иеді күллі халық.

Ойын: «Кім жылдам?»

Шарты :үш қыз анасымен шығады. Аналары қыздарының шашын өреді, ал қыздары аналарының ерніне далап жағады.

3.Әжемізге арналған өлең шумақтарын айту.

Радик: Армысың әжелерім, аналарым,

Мейірбан аппақ көңіл даналарым.

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,

Құттықтайды сіздерді балаларың.

Ахат: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,

Айтатын ән , беретін гүлім дайын.

Әжетай сені жақсы көремін деп,

Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.

Лағда: Әжем қандай әже еді,

Айтқандары наз еді.

Біздер үшін қашан да,

Жаны жайсаң жаз еді.

Элиза: Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған.

Үлкен-кіші демейді,

Сыйлайды оны бар адам.

Құрт пен майын жинаған,

Балаларға сыйлаған.

Бұл әжемнің өмірі,

Таусылмайтын жыр маған.

Аманбек:Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге,

Шай қайнатып береді,

Қажет болса бәріне.

Жалғас: Әжем менің ақ әжем,

Ақыл беріп үйреткен.

Аппақ әжем пәк әжем,

Мейіріммен тербеткен.

Әжем менің асыл жан,

Жақсылыққа үйреткен.

Жамандықтан шектейді,

Әжеме ешкім жетпейді.

Радик:Әже деген көп шығар,

Әжемдей менің жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі,

Қандай ғажап күлкісі.



Көрініс: «Екі ананың дауы»

Бірде Қазыбек би ел аралап жүрген кезде бір балаға дауласып, екі ана алдына келіп жүгінеді.

-Мынау баламды есін білмейтін жас күнінде жоғалттым, соны мынау әйел тауып алды ма, әлде ұрлап алды ма, білмеймін, әйтеуір асырап алыпты. Бүгін танып сұрасам, «өз балам » деп бермейді,- дейді. Екінші ана тұрып:

- Балам өзімдікі, өзім таптым. Мынау босқа жармасып тұр,-дейді.

Қазыбек екі әйелдің сөзін тыңдап болып, біраз ойланып отырып қалады. Содан кейін:

-Бірің балаңды жоғалтқаныңды, бірің тапқаныңды растап шығарлық мұнда басқа куә жоқ. Сондықтан мынадай билік еткім келеді,- дейді де, баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып қойып, қара балтаны ұстап көтеріп тұрып : «Екеуіңе қара қылдай қақ бөліп беремін, осыған ризасыңдар ма?»- дейді. Сонда баласын таныған әйел:

-Ойбай, биеке-ай! Қайда жүрсе де, тірі болсын, шаба көрмеңіз!- деп безек қағады.

Балаға ие болып жүрген әйел:

-Біреуге тірі кеткенше, жартысы болса да өзімде қалсын, бөлсең бөле бер!-деп безеріп тұрып алады. Содан барып Қазыбек би:

-Бала мына жоғалтқан әйелдікі, өйткені ол баласының тілегін тілеп тұр, баласын өзіне бер- деп билік айтады.Қазыбек би дауласқан екі ананың дауын әділ шешіп, баланы өз туған анасына беріпті.


«Аналар- алтын» Орындайтындар:Радик, Сағит, Аманбек, Демир, Дарын, Нұрхат, Бексұлтан

4. Ару қыздарға арнап өлең шумақтарын айту.

Сағит: Қыздар, қыздар кімсіңдер

Мына бізбен бірсіңдер

Осынау дархан өмірде

Думандатып жүрсіңдер.

Мирас : Достықты біз ойлаймыз

Ойлап қана қоймаймыз

Қыздарды да құттықтап

Мерекесін тойлаймыз.

Нұрхат:Қыздар, қыздар кімсіңдер,

Күлімдеген гүлсіңдер

Шұғылалы шуақты

Таңғажайып дүрсіңдер

Жалғас: Пайдаланса уақытты,

Біздің қыздар бақытты.

Арманға жетер балалар,

Аман болсын аналар.

«Қуыршақ» биі. Орындайтындар: Айнель,Жасмин, Інжу, Айару, Лағда, Ақмарал.

5. Көктемнің алғашқы гүлі қалай аталады? Гүл туралы өлең шумағы.

Нұрай: Бәйшешектен білеміз

Көктем келіп қалғанын

Мәз боламыз күлеміз

Көрсек гүлін жарғанын

Қараторғай келіпті.

Үйшік жасап берейін

Алғашқы гүл көрікті

Бәйшешекті терейін


Ән : «Қалсын апам қуанып». Қыздардың орындауында.

Ата-анамен ойын. «Өз балаңды тап»

Шарты: анасының көзі байлаулы, топ баланың ішінен өз баласын табу.

Көктем: Сиқырлы гүлдің тапсырмасы бойынша сендердің өнерлеріңді тамашаладым. Рахмет балалар, ал енді мен көктемгі жұмысымды әрі қарай жалғастырайын. Келесі кездескенше сау болыңдар.

Барлығы: сау болыңыз.

Айару: О, анашым, Таянышым, Тірегім

Бар бақытты бір басыңа тіледім

Мені жақсы болса екен деп қашан да

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің

Лағда: Мен өзіңмен қайда болсам біргемін

Махаббатың жүрегімде жүр менің

Күн нұрындай жарқырай бір күлгенің

Қандай жақсы ортамызда жүргенің

Аманбек:ана деген өмірдегі ұлы есім,

Бақ тілесе анадай-ақ тілесін.

Ана деген ардақты ат, сен оны,

Ана жайлы тақпақ айтсаң білесің.

Інжу: Баланың да тілегі

Дананың да тілегі

Шайылмасын ешқашан

Аналардың жүрегі.

Вальс билеу.

Азамат- Нұрай,

Ахат-Гүлсезім,

Мирас-Элиза,

Бақдәулет-Диляра,

Жалғас-Жанар,

Кәусар-Демир.

Ахат: Адамды дүниеге әкеліп, өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе?!

Жайдарлы:Сол құдірет иесі алдында бәріміз бас июге тиіспіз.

Ақ сүтінен нәр алған,

Ақ сүтінен жаралған,

Анаға бас иеміз.

Жылына бір-ақ рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені бізді өмірге әкеліп, әлемнің жарығын сыйлады емес пе?! Олай болса әр бүлдіршіннің дайындаған сыйлықтары бар, соны табыс етейік.

Ән: «Анамызға мың алғыс»

Жүргізуші: О,Анашым неткен жансың мейірімнен жаралған

Мәңгілікке арамызда шалқып тасып жүр аман

Егерде сен еш ауырмай күліп ойнап қуансаң

Бұл тәңірден бұдан басқа ешбір тілек сұраман.

Ал, қадірлі ата- аналар , қонақтар, осымен аналар күніне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Әрдайым көктем гүліндей жайнап жүре беріңіздер!

















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
857
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі