400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ана тілі 1-сынып Қазым, қазым, қаңқылда. Сөз және оның мағынасы

Материал туралы қысқаша түсінік
1.2.2.1 мұғалімнің қолдауымен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау; 1.2.4.1 мұғалімнің қолдауымен сөздердің мағыналарын (мәндес; мағынасы қарама-қарсы; айтылуы бірдей, мағынасы әртүрлі) ажырату; 1.4.1.1 айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

Сөз және оның мағынасы

Педагогтің аты-жөні:

Кененбаева А.А.

Күні:

29.03.2023ж.

Сынып:

Қатысушылар саны: 25

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазым, қазым, қаңқылда. Сөз және оның мағынасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.2.2.1 мұғалімнің қолдауымен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау;

1.2.4.1 мұғалімнің қолдауымен сөздердің мағыналарын (мәндес; мағынасы қарама-қарсы; айтылуы бірдей, мағынасы әртүрлі) ажырату;

1.4.1.1 айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазу

Сабақтың мақсаты

Мұғалімнің қолдауымен сөздердің мағыналарын, айтылуы бірдей, мағынасы әртүрлі сөздерді ажыратады. Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Психологиялық дайындық

Ал, балалар, сабақты бастамас бұрын өзімізге сәттілік тілейік. Барлығы бірге:

Қуан, шаттан! Қуан, шаттан!

Қуанатын күн бүгін. Баршаңызға Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

«Картошка фри» ойыны Өткен сабақтан алған білімдерін еске түсіру мақсатында сұрақтарға жауап береді:

-Әріп дегеніміз не?

  • Дыбыс дегеніміз не?

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Дауысты дыбыстар дегеніміз не?

  • Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?

  • Сөз неден құралпады?

  • Сөйлем неден құралады?

-Сөйлеу не үшін керек?

-Сөйлем неден құралады?

-Сөз дегеніміз не?

-Сөз қандай мағына береді?

-Батыр сөзіне мағынасы қарсы сөз?

-Ақылды сөзіне мағынасы қарсы сөз?

Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы бірге орындайды.










ҚБ. «Отшашу» арқылы бір-бірін бағалау



Таныстырылым









Қима қағаздар





Қойылған сұрақтарға жауап береді.


Ортасы

«Ойна да , ойлан» әдісі жұмбақ шешу арқылы топқа бөлу.

Қоңыр мамық шапаны,
Жұқа жарғақ табаны.
Өр кеудесі қайқаңдап,
Жүретін кім байпаңдап? (Қаз)

Көк жүзінде жылжып жай,
Керуен құрған түзіліп,
Ілгек - ілгек шынжырдай,
Қалмайды олар үзіліп. (Тырна)
Екі айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты,
Ұшқырлардың жүйрігі. (Қарлығаш)

1-топ қаздар 2-топ тырналар 3-топ қарлығаштар

Оқулықпен жұмыс

Өлеңнің авторы Сапарғали Бегалин жайлы қысқаша мағлұмат береді.

Сапарғали Бегалин – балалар жазушысы. 1895 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Дегелең ауылында дүниеге келген. Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы. Оның балаларға арналған «Ермектің алмасы»,

«Бақыт» тағы басқа жинақтары бар. Алматыда Сапарғали Бегалин атындағы балалар кітапханасы бар.

1-жаттығу Мұғалім оқулықта берілген «Қазым, қазым, қаңқылда» өлеңін дауыстап, мәнерлеп оқып береді.

  • Өлең не туралы?

  • Үй құстары немен қоректенеді?

  • Қаз кәмпитті жақсы көре ме?

  • Балалар құстардың пайдасы туралы білгендерін айтады.

  • Еті

  • Жұмыртқасы

  • Мамығы

  • Тыңайтқыш ретінде де пайдасы барын айтады















Автор жайлы мағлұмат алады.









1-жаттығу. «Қазым, қазым, қаңқылда» өлеңін дауыстап, рөлге бөліп оқиды.

Өлең соңындағы сұрақтарға жауап береді. Өлең мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеп айтады.










ҚБ. «Бас

бармақ» арқылы бағалайды.

https://adebi portal.kz/kz/ authors/viev/ 1433






Надпись 1

Қаз қандай қоректі жақсы көреді? Үй құстарының қандай пайдасы бар? Олардың тіршілігін бақылап көріп пе едіңдер?

«Ең әдемі элемент» бойынша әдемі жазған оқушыларды мадақтап, көңіл бөлу (мүмкіндігінше барлық балаларға назар аударған жөн).

Дәптермен жұмыс


Үй құстарына қаз, үйрек, тауық, әтеш, күркетауық жатады. Қаздың пайдасы мол. Оның еті дәрумендерге толы. Адамдар оның жұмыртқасын жейді, мамығынан жастық жасайды. Оларға жем, су беріп қамқорлық жасайды. Қаз, үйректер суда жақсы жүзеді.



ҚБ. Мадақтау.


«Жарайсың!»,

«Бәрекелді!»






ҚБ. «Бас

бармақ» арқылы бір-бірін бағалау.





















































2-жаттығу. Берілген сөйлемдерді көшіріп жазады. Жүз сөзінің мағынасын түсіндіреді.


3-жаттығу. Жаңылтпашты тыңдатады.

Таптырмай қырдан құр, Қайттық біз құрдан-құр.

Сергіту сәті.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
04.04.2023
599
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі