400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ана тілі - ұлт байлығы

Материал туралы қысқаша түсінік
жас ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Ана тілі - ұлт байлығы

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:


СЫНЫП: 5


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны: 0


Бөлімнің атауы

Мәдениет: тіл және қарым - қатынас


Сабақ негізделген оқу мақсаттары

5.1.1.1. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау.



Сабақ мақсаттары:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай алады.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: негізгі және қосымша ақпаратпен жұмыс жүргізе алады.


Бағалау критерийі

  • Мәтіннің мазмұнын меңгерді;

  • Негізгі, қосымша ақпараттарды таба алды;


Тілдік құзіреттілік



Тақырыпқа байланысты термин сөздер


Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұстатығы


Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті


Осыған дейінгі меңгерілген білім

-


Сабақтың жоспары


Уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс- әрекеттер

Дереккөздер

Басталуы

5 минут

  • Оқушылармен амандасу.

  • Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Топтарға бөлу. Суреттер бойынша бөліну.





Қызығушылықты ояту.

Берілген тірек сөздерді оқып, сөйлемдер құрап көріңдер.

  • Сөз, сөйлеу мәдениеті, тіл байлығы, ана тілі, тілдік құзіреттілік, сөз құдіреті.


Суреттер беріледі

Сол арқылы топқа бөлінеді


Жаңа білім

10 минут












Оқылым

Өлеңді мәнерлеп оқып, негізгі ойды анықтаңдар.

Мұзафар Әлімбаев

Ана тілі

Ана! - десем ана тілі ойға оралар.
Баладай қуанарсың тойға барар.
Тыңдасаң көне аңыздан көркем нақыл
Олжам да қанжығама байлап алар.

Тере білсек бір -бір ауыз қара өлең,
Неше миллион інжу-маржан шамамен?!
Қанша гүлден - қазақ тілі бақшасы,
Қандай дана өлшер қандай бағамен?!



Ерке тіл, еркелеткіш тілім кенім:
Еркежан, айналайын, күнім менің,
Ақ ботам, қоңыр қозым, алтын айым,
Қанша рет жүрек толқып, сүйінгенің!

Оқылымнан кейін

Берілген сұрақтарға жауап.

1.Ана тілінің байлығын көрсетуде ақын қандай тіркестер қолданған?

2. 3 – шумақтығы сөздерді оқығанда қандай ойға келдіңдер?

3. Ана тілі туралы тағы қандай өлең білесіңдер?


























Ортасы

10 минут












Оқылымнан кейін

Оқулықтағы жаттығуларды орындау

Нақыл сөздерді түсініп оқып, жатқа жазыңдар. Дауысты дыбыстардың астын бір, дауыссыз дыбыстардың астын екі сызыңдар.

  • Ана тілің алпыс тілге татиды.

  • Ана сүті бой өсіреді,

Ана тілі ой өсіреді.

  • Туған ел - тұғырың,

Туған тіл – қыдырың.

  • Тіл мәртебесі – ел мәртебесі.














парақшалар


Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут



4 – тапсырма. Берілген ақпараттан өздерің үшін ең маңыздысын таңдап алып, жалғастырыңдар.



Маңызды ақпарат

Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды.

Қазақ тілі – Қазақстанда ғана емес, басқа да елдерде (Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай, Түркия) тұратын қазақтардың да ана тілі

Қазақ тілі дүниежүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр.

Соңғы шыққан «Қазақ әдеби тілінің сөздігіне» 150 мыңнан астам сөз бен тіркес енген. Бұл – ана тіліміздің қаншалықты бай екенін көрсетеді.

Дескриптор:

  • Маңызды ақпаратты табады;

  • Өз көзқарасын білдіреді;

  • Қосымша ақпаратпен жалғастырады.



«Шеңбердегі доп» әдісі

Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады. Доп қолына тиген оқушы жаңа білім туралы бір сөйлем айтады.

























Доп
















Кері байланыс

3 минут



«Сабақтағы проблемалар» кестесі

Қиындықтар

Себебі

Шешімі


















Үйге тапсырма: 5 – тапсырма. Оқылым және тыңдалым материалы негізінде «Қазақ тілі – бай тіл» деген тұжырымды «ПОПС» формуласы бойынша дәлелдеп жазыңдар.

1 – сөйлем: «Менің ойымша, ...»

2 – сөйлем: «Мен оны былай түсіндіремін:...»

3 – сөйлем: «Оны мынадай деректермен, мысалдармен дәлелдей аламын:...»

Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім:...»









парақша таратылып беріледі


































Қосымша ақпарат




Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс





Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.





Қорытынды бағамдау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 желтоқсан
550
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі