«Ана тілі ертегілер елінде»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ана тілі ертегілер елінде»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балаларға ана тілі туралы түсінік беру.Ертегі тыңдау оны түсінуге үйрету. Өз туған елдеріне,жерлеріне,балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Байланыстырып сөйлеуін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

Күні: 21.09.2021

Білім беру саласы:Қатынас,Шығармашылық

Біріктірілген оқу қызметі : Көркем әдебиет,Сурет салу

Тақырыбы: «Ана тілі ертегілер елінде»

Мақсаты: Балаларға ана тілі туралы түсінік беру.Ертегі тыңдау оны түсінуге үйрету. Өз туған елдеріне,жерлеріне,балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Байланыстырып сөйлеуін дамыту.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ертегі суреттері , слайд

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы


Тәрбиеші: Балалар бүгінгі күндерің жақсы,көңілді өтсін деп тілегім келеді. Шаттық шеңбері:

Бала,бала, балапан

Кәне қайсы алақан

Саусақтарың әйбәт

Былай былай ойнат

Алақанмен соқ соқ соқ

Бір қадам артқа басам

Аяқпенен топ топ топ

-Сәлеметсіздер ме!


Ұйымдастырушылық-ізденушілік:

Сұрақ-жауап алу.

-Балалар қазір бізде қай мезгіл? (Күз мезгілі басталды)

-Күз мезгіліне Қыркүйек,қазан,қараша айлар жатады.

-Тамаша балалар!

-Балалар біздің мемлекетіміз Қазақстан.

-Біз қазақ тілінде сөйлейміз.

-Ендеше біз сол ана тілімізде ертегі тыңдайық



Біз бүгін Бауырсақ ертегісін тыңдаймыз

«Ерте ерте ертеде ата мен апа болыпты». Ата бір күні әжеге бауырсақ пісіріп беруін сұрайды.

- Әжесі, әжесі, маған бауырсақ пісіріп берші-дейді

- Атасы, үйде ұн жоқ қой!- дейді.

- Қамбарға бар, пышақпен қыр, қанатпен сыпыр, майға пісір-атасы айтты. Кемпірі қамбарға барды. Пышақпен қырып, қанатпен сыпырып, майға қуырып, бауырсақ пісіреді. Оны терезенің алдына суытып қойыпты.

Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға,ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді.



Бір кезде оған Қоян жолығып:

- Бауырсақ,Бауырсақ! Мен сені жеймін! - дейді.

- Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін:

Мен бауырсақ,бауырсақ

Атамнанда қаштым

Әжемненде қаштым

Енді қоян сененде қашып кетемін-деп қояннан қашып кетеді.

Содан бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. Алдынан қасқыр шығады. Қарны ашқан қасқыр бауырсақ мен сені жеймін дейді.

Қасқыр ,қасқыр сен мені жемеші мен саған өлең айтып беремін дейді

Мен бауырсақ,бауырсақ

Атамнанда қаштым

Әжемненде қаштым

Қояннан да қаштым ,

Енді қасқыр мен сененде қашып кетемін-деп қасқырдан қашып кетеді.

Бауырсақ жолдан домаланып келе жатырса алдынан аю шығады. Бауырсақ бауырсақ мен сені жеймін дейді.

Аю сен мені жемеші,мен саған өлең айтып беремін дейді.

Мен бауырсақ,бауырсақ

Атамнанда қаштым

Әжемненде қаштым

Қояннан да қаштым ,

Қасқырдан да қаштым

Енді аю сененде қашып кетемін дейді.

- Бауырсақ домалап келе жатса оған Түлкі жолығады:

- Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

- Сен мені жеме, мен саған өлең айтып беремін:

«Мен атадан қаштым,

мен әжеден қаштым,

мен қояннан қаштым,

мен қояннан қаштым,

Қасқырдан қаштым,

Аюдан қаштым,



ал Түлкі сенен қашу оп оңай»

- Бауырсақ,менің құлағым естімейді,мұрным үстіне келіп, өлеңді қайталап айтшы

- Түлкі бауырсаққа айтады



Бауырсақ өлең айта бастағанда, Түлкі оны жеп қояды.

Тәрбиеші сендерге ертегі ұнады ма? Түлкі бауырсақты не істеді?

Түлкіні қандай деп айта аламыз?

Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Қосып едім екеуін

Болып шықты он саусақ

Шығармашылық жүмыс:

Тақырыбы:

«Бауырсақ»

Оқу қызметіне белсенді қатысқан балаларды мадақтау.


Қорыту:

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің,теңдігің,

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың,елдігің.

Балалар бүгін жақсы қатыстыңдар. Жарайсындар балалар!
















Тәрбиеші: Танланова Н.Т. Әдіскер:Атыгаева Б.А.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2021
754
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі