400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Ана тілім - ардағым»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жұлдызды шақ

Сабақтың тақырыбы: «Ана тілім - ардағым»

Сабақтың мақсаты: Білімділік : Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

Дамытушылық : Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

Тәрбиелік : Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

оқушылардың ойлау қабілеттерін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.

Сабақтың түрі: интеллектуалды ойын

Сабақтың әдісі: топтық, көрнекілік, құрастыру, ойландыру, сұрақ – жауап.

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, логикалық есептер, таяқшалар, карточкалар. Әр топқа даярланған үстел , қима қағаздар.

Сабақтың жоспары:

  1. Таныстыру

  2. «Бәйге» сайысы (1 минутта сұрақтарғажауап беру)

  3. «Тез ойла, сөз ойла» (қима әріптерден сөз құрастыру құрастыру)

  4. Суретпен жұмыс

  5. «Мақал -сөздің мәйегі» (Мақалдың жалғасын табу)

  6. Тұрақты сөз тіркестерінің мәнін аш.

  7. «Кім жылдам?» ( ой дамыту тапсырмасы , берілген сөздерден бірнеше мақал құрау)

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Қымбатты ұстаздар, оқушылар, мектебімізде «Тілім менің-тірлігімнің айғағы» деген атпен тілдер апталығы өтіп жатқаны баршамызға белгілі. Бүгін сыныптар арасында өтетін «Жұлдызды шақ» танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!

Тілден асқан асқар жоқ,

Тілден асқан байлық жоқ,

Тілден асқан теңіз жоқ,- дей келе бүгінгі сайысқа қатысатын оқушыларды ортаға шақырайық.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Балалар бұл жол басы даналыққа,

Келіңдер түсіп, байқап қаралық та,

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп.

Соларды кере тұра қалалық па?!

Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық,

Жүріңдер , іздеп тауып алалық та , - деп әліппенің атасы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, балалар , бүгін біз де өз білімімізді ортаға саламыз. Бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтеді. Ойнай отырып, топтар арасындағы жарыстар болады. Сендерге түрлі тапсырмалар мен сұрақтар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін белсенділік танытып , сұрақтарға тез ойланып жауап беру және тапсырмаларды дұрыс орындау керек.

Жарысымызды бастамас бұрын бір серігіп алайық. Барлығымыз бір қатарға тұрамыз, сендерге арналған үш саты тұр. Ол сатылардың әр қайсында өздерінің тапсырмасы бар. Кім тез және жақсы оындаса,сол келесі сатыға өтеді. Бұл басымызды, миымызды шынықтыру үшін тапсырмаларды орындаймыз.

1 саты. Әр оқушының алдыңды бір – бір қол хаттан жатыр, олардың ішінде сендерге арналған жаңылтпаштар. Кім де кім тез жаттап, қатесіз айтса келесі сатыға көтеріледі.

Ән : ана тілім

2 саты. Тіл туралы өзің білетін 5 мақал жатқа айту.

Би : Қара жорға

3 саты. Тіл туралы 2 өлең жатқа айту.

Жақсы олай болса қатарымыз бойынша 1-2 –ге саналамыз. Бірлер «Зерек» тобы, екілер «Теңтек» тобы болады.

І .Таныстыру. әр топ өздерінің аты мен ұрандарын таныстырады.

  1. «Зерек» тобы.

«Алғыр болмай, тапқыр болмассың!»

«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл».

  1. «Теңтек» тобы.

«Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Кім жүйрік ойға – сол алады!»

ІІ. Бәйге сайысы . (1 минутта сұрақтарға жауап беру.)

І топ.

  1. Қазіргі кезде қолданыстан шығып қалған сөздерді қалай атаймыз? Архаизм

  2. Лексикалық мағынасы бойынша қарама-қарсылықты сөз қалай аталады? Антоним

  3. Қазақ тілінің әліпбиі неше әріптен тұрады? 42

  4. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? 12

  5. Жалғаудың неше түрі бар? Төрт: көптік, септік, тәуелдік, жіктік

ІІ топ

  1. Сөздің түрткі мағыналы бөлшегі қалай аталады? Түбір

  2. Зат есім тұлғасына қарай неше түрге бөлінеді? Екіге: негізгі зат есім, туынды зат есім

  3. Сын есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? Дара сын есім және күрделі сын есім

  4. Сан есімнің сұрақтары қандай? Қанша ? неше? Нешеу?

  5. Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?

ІІІ. «Тез ойла , сөз ойла» (қима әріптерден сөз құрастыру)

«Полиглот»

Мұғалім: Бұл ойында мақал –мәтелдің түсіп қалған сөздерін тауып, үш тілдегі баламасын айтады. Бір сұраққа жауап беріп, бір нұсқасын айтса 5 ұпай, қазақша, орысша, ағылшыншасын айтса 15 ұпай жинайды.

  1. Өнер алды- қазал ......тіл – язык- language

  2. Тіл...жарады....жармаса бас жарады. Тас-камень-stone

  3. ....тамған тілден у да тамар бал- мед-honey

  4. ...кілті-тіл. Білім-знание- knowline

  5. ....аласынан сөз аласы жаман көз-глаза-eye

  6. Жалқаудың жаны тәтті, еңбектің.....тәтті нан-хлеб-bread

  7. Атпаз көрген ат таныр, ұстаз көрген....таныр хат-письмо-

letter

  1. Таяқ еттен өтеді, .....сүйектен өтеді сөз-слова-word

ІV. Суретпен жұмыс . (екі топ тіл туралы сурет салады )

Даярлық тобы мен 1 сынып ана тілдері туралы өз білетін тақпақтарын айтады.

V. «Мақал сөздің – мәйегі» (адасып кеткен мақал – мәтелдердің сыңарын тауып айтады.)

І топ

Адам көңілінен азады
Тілінен жазады.

Атағыңды өсіретін де, өшіретін де – тіл.

Қылыш жарасы бітер,
Тіл жарасы бітпес.

Ішімдегінің бәрі тілімде,
Тілімдегінің бәрі түрімде.

ІІ топ

Мал басынан байланады,
Адам тілінен байланады.

Өз тілің – бірлік үшін,
Өзге тіл – тірлік үшін.

Сөз – көмек, тіл – құрал.

Ашынған тілді болар,
Ашыққан ұры болар.

VІ. Тұрақты сөз тіркестерінің мәнін аш:

І топ

  1. Қас пен көздің арасында (лезде)

  2. Қара қылды қақ жару ( әділ)

  3. Төбе шашы тік тұрды (шошыды)

  4. Тайға таңба басқандай (анық)

  5. Аузына құм құйылды (үндемеу)

ІІ топ

  1. Көзге түртсе көргісіз (қараңғы)

  2. Тонның ішкі бауындай (тату)

  3. Бет моншағы үзілу (ұялу)

  4. Жарғақ құлағы жастыққа тимей (мазасыздану)

  5. Күн тигізбей өсірген (мәпелеу)

VІІ. «Кім жылдам ?» ( 1 минутта өлеңді жатқа айту)

І топ

Кіршіксіз қардай сақтаңдар,

Қазақтың тілін ғаламат.

Ана тіл – арым, иманым,

Аманат, саған, аманат.

М. Әлімбаев.

ІІ топ

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

Ә. Тәжібаев.

Жақсы балалар әділ қазылар алқасы өз шешімдерін шығарғаншы біз екі баланың өнерлерін тамашалайық.



АPicture 1 йтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған.

Мадина мен Батырғалидің айтысы. Балалар осы мен біздің сайыс сабағымыз аяқталды,сендерге көптен – көп рахмет.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 мамыр
592
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі