Сабақтың тақырыбы:
«Ана
тілім - арым
бұл»
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың ұлттық тіліміз туралы білім
дағдыларын жетілдіру.
Оқушылардың ұлтжандылық сезімін,тіл туралы
танымдық қабілетін дамыту.
Оқушыларды ана тілін құрметтеуге,сүйе
білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнектілігі: нақыл
сөздер
Сабақтың әдісі:әңгімелеу,мәнерлеп
оқу.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа әзірлеу
Ән ұранмен сабақты бастау.
Тіл адамның саналы өмірінің құралы өнерлі
мәдинетті білімді қоғамның белсенді азаматы болуды ол тіл арқылы
үйренеді.Егер белгілі бір ойды өз ана тілімізде дәл жеткізе алмаса
мұны тіліміздің орамсыздығынан көрмей өзіміздің дәрменсіздігімізден
көруіміз қажет.Қазіргі өсіп келе жатқан бүлдіршін жастардың бірі
үлкен қателігі бар.Ол мынау Сөйлесе кетсең көпшілігі-ақ мүдіріп
аузына сөз түспей білген сөздің өзін бұзып айтып қиналады да
қалады.
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте деп ақын Қадір
Мырзалиев жырлағандай өз тілімізді қадірлеп,қастерлеп,құрметтеп
жүрейік.
Оқушыларға сұрақтар беру:
1.Тіл не үшін керек?
2.Күн сәулесі не үшін керек?
3.Тіл мерекесі қашан?
4.Орыс тілі қажетпе немесе өзге тілдерді
білу мүмкін бе?
5.Қазақ тілінде қандай журналдар
бар?
Балалар сендер бір-біріңмен сөйлескенде
қай тілде сөйлесесіңдер?
-Қазақ тілінде,ана тілінде,
сөйлесеміз.
-Неге біз өз тілімізді ана тілі дейміз?
Себебі,бұл тілді анамыздың аузынан естиміз.Дұрыс айтасыңдар
!
Ана тілі дегеніміз,ананың ақ сүтімен бойға
дарыған өз анамыздың тілі ғой .Ал ана деген -бәрінен де
,қастерлі,аяулы да асыл жан.Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды.
Әр ұлттың тілі,оның бақыты ,тірегі.
Қазақ тілім-анам тілім,
Қастерлейді ұл -қызың мәңгі сені
.
Болашағым бақытым,дара тілім.
Ана тілі-ана сүтім,арым менің.
Сәулетім,сая бағым ,сәнім
менің.
Аспаным өзіңменен арайланып,
Нұрланып атар ылғи таңым менің.
Балалар ,міне осы өлең -тақпақтарда
айтылғандай ,өз тілімізді,қадірлеп,оны сүйе білуіміз керек.Тіл бар
жерде,ұлт та, жер де,болмақ.Сондықтан әрқайсысымыз өз ұлтымыздың
тілін қадірлейік.
Тіл -адамның барлық саналы өмірінің құралы
өнерлі ,білімді,мәдинетті,қоғамның белсенді азаматы,болуды ол тіл
арқылы үйренеді.Тіл оның ішінде қазақ тілі де халықтың барлық
іс-әпекетінің, қарым-қатынасыныңқұралы болғандықтан оның мәдинетін
жоғары сатыға көтеру әрқайсымыздың борышымыз.
Ана тілін ардақтайық
Сүйемін туған тілді,анам тілін,
Бесікте жатқанымда -ақ берген
білім.
Ең алғаш сол тілменен сыртқа
шықты,
Сүйгенім,ұнатқаным ,жек көргенім.
(С.Торайғыров.)
-
Ана тілі -дана тілі
-
Ана тілін алмаған-аман болып көп
жүрмес
-
Сөздің атасы-ақыл,
Анасы -тіл.
-
Тіл бас жарады,
-
Бас жармаса тас жарады.
-
Тіл қылыштан өткір.
-
Өнер алды қызыл тіл.
-
Тілге шешен,күшке мешел.
-
Кісі көркі-күз,
-
Жүздің көркі-көз.
-
Ойдың көркі-тіл,
-
Тілдің көркі-сөз
-
Тіл -тиексіз
-
Ақынның тілі қылыштан өткір,қылдан
нәзік.
-
Адам тілінен Ат аяғынан жазады.
-
Ең тәтті де-тіл,
-
Ең ащы да-тіл,
-
Ең жұмсақ та -тілі,
-
Ең қатты да -тіл
-
Жеті жұрттың тілін біл,Жеті түрлі білім
біл.
Балалар бүгін біз не білдік,не үйрендік?
Тіл тарихын,
Тілді топтастыру:
ащыда тіл,тұщы тіл, қызыл тіл
, қылыштан
өткір, тас
жарады,өткір тіл, 22-қыркүйек тіл мерекесі
Ал, балалар, қортындылвй кетсек
Қазақ тілі — мемлекеттік тіл.
Сондықтан қазақ тілін құрметтейік.
Өзге тілдің — бәрін білсең де, Өз тіліңді
құрметте деп халқымыз бекер айтпаған
«Өжек Жаңабаев атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Ана
тілім –
арым бұл
3 «Ә» сынып
Сынып жетекшcі Д.
Ахметова
2018 – 2019 оқу
жылы