400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ана тілім – дана тілім!

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алғабас негізгі мектебі







Сынып сағаты



Тақырыбы:

«Ана тілім – дана тілім»



Өткізген: сынып жетекшісі

Салимова К.Т.











2015-2016 оқу жылы

Ана тілім – дана тілім

Мақсаты: оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу .

Корнекілігі: сыныпты тақырыпқа сай безендіру, нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Мұғалім: Ана тіліміз,яғни қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Ол өнеркәсіп пен техниканың, ғылым мен мәдениеттің және қоғамдық саяси өмірдің барлық саласын қамтитын лексикалық байлығымен, қалыптасқан жазу жүйесімен және сараланған стильдік нормаларымен аса тартымды тіл ретінде танылып келеді.

Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты.Тіл – халықтың жаны,сәні,дәлірек айтқанда тұтастай кескін - келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі,өйткені халқымыз дәрежеге емес ,дәстүрге бағынған.

Қазақстан Республикасының«Тілдер туралы Заңында», « Тіл-ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі,ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамда ардың тарихи қалыптасқан тұрақты қаумдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы – тілдің дамуына,оның қоғамдық қызметінің күшеюіне тығыз байланысты» делінген.

Қазіргі қазақ тілі – мемлекетімізді өркендетуге себепші болатын куатты күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтеруші пәрменді құрал,жұртшылықты жаппай ұлттық рухта тәрбиелеудің өткір қаруы.



Қымбат: Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай,бедерлі де бейнелі тілдердің бірі.Халқымыздың көшпелі тұрмысынан туған төрт түлік малға,аңға,құсқа байланысты бейнелі теңеулерді басқа тілдерден табу қиын.



Сұлтан: Бір кезде ұлы Абайдың өзі« Қазақтың өзгерлерден сөзі ұзын» немесе «Өткірдің жүзі,кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас» деп өз ана тіліне таңырқап,тағзым еткені белгілі.



Настя: Жақсы сөзді жанына азық ете білген,қарсы атылған оққа тоқтамаса да қазақ халқы жүйелі сөзге тоқтаған.Орнын тапқан екі ауыз сөзді ер құнымен тең көрген.Орнын тапқан екі ауыз сөзді ер құнымен тең көрген. Тіл өнерін ардақтап,қатты қадірлеген.

Хормен:

Қазақ тілім – ана тілім,

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым,бақытым,дара тілім.

Арлан: Ана тілі – ана сүтім,арым менің,

Сәулетім,сая бағым,сәнім менің.

Аспаным өзіңменен арайланып,

Нұрланып атар ылғи таңым менің.

Артем: Ана тілім -

Дана тілім,бақ тілім

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

Сенсің менің қасіретім,шаттығым,

Сенсің менің тазалығым,пәктігім.

Ән: «Ананың тілі»

Мұғалім: Ана тілі – адам болып жаралғаннан бергі жан дүниесінің айнасы,мәнгі құламауы тиіс бәйтерегі. Ана тілі – жеміс жүректің терең сырларын,халық тарихының барлық кезендерін,барлық толқындарын ұрпақтан ұрпаққа сақтап отыратын қазына.

Қазақ тілі өмір таныту,тәрбие беру,қарым қатынас жасау құралы екендігі белгілі.Санамалап айтсаң, тілдің атқарар қызметі көп- ақ.Тіл мен әдебиетті оқи отырып адамдардың болмысы қалыптасады,ненің жақсы,ненің жаман екенін салмақтай аласың,бүкіл дүниенің әлемдік қақпасы тіл арқылы ашылады.

Тіл – достық дәнекершісі,мәдениет көрсеткіші.

Өткеніміз бен бүгініміз және ертеңгі болашағымыз тіл арқылы сыр шертеді. Сондықтан әрбір азамат ана тілін жетімсіретпей,босағада отырғызбай төрге шығаруға,биікке көтеруге тиіс.

Қазақ тілі – ұрпақтан ұрпаққа,атадан балаға жеткен ұлы құбылыс.Сондықтан да қазақ тілі халқымыздың қайраткерлерінің марапатына,ұлы ақындары мен жыршыларының жыр арқауына айналған. Дамир:Ұлы Абай «Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас.

Білгенге маржан,

Білмеске арзан.

Надандар баһра ала алмас» деп жырлаған.



Настя: Сұлтанмахмұт Торайғыров

«Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан.

Құлағыма сіңірген таныс үнін...» - деп жырлаған.

Артем: Ал Әбділда Тәжібаев

«Туған тілім-тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім,мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім,мен де бірге өшемін!» - деп тебіренген болатын.

Мұғалім: Тіршіліктің тірегі болған қазақ тілі талай ғасырларды басынан кешірді,тарих тезіне де төтеп бере алды.Ата-бабамыз ана тілімізді аттың жалында, атанның қомында жүріп қорғап, шұрайлы да көрікті қалпында кейінгі ұрпағына аманат ете білді.

К.Г.Паустовскийдің «Ана тіліне немқұрайлы қарау- өз халқының өткеніне,бүгініне,болашағына немқұрайлы қарау сөз» деп айтқан пікірінде үлкен мән бар.

Тіл өткірлігіне,сөйлеу шеберлігіне қазақ халқы ерекше мән берген.Ғылым – білім дегеннен алыс жүрген замандардың өзінде де қазақ тіл өнерін өнердің өнері, «Өнер алды – қызыл тіл» деп бағалаған.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30 мамыр
658
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі