400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ана тілім- қанатым"

Материал туралы қысқаша түсінік
ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ана тілім-қанатым».

Мақсаты: Ана тілдің маңызы туралы түсінік беру. Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Білім салалары бойынша балалардың тілін жетілдіру. туған тілге деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу. Интеллектуалдық сайыс арқылы баланың қызығушылын арттыру.

Жүргізуші: Құрметті балалар, қонақтар бүгін сіздер тіл мерекесіне арналған «Ана тілім -қанатым» атты шарамызға қош келдіңіздер! ортаға «кемпірқосақ» тобының бүлдіршіндерін шақырамыз.

Жүргізуші: Алаулаған алабынан нұр тамып.
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып,
Көк байрағың желбірейді төрінде
Әнұраның тұр көгінде шырқалып. ( Әнұран орындалады)
Слайд «Ана» туралы видео көрсетіледі.

Жүргізуші: Балалар біз алғаш тіліміз шыққанда кім деп айтамыз. Олай болса біздің тіліміз, ананың сүтімен дариды екен. Тіл қай ұлтта да, қай елде де қастерлі ұғым, ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
Хор: «Ана тілін сүйемін»

Жүргізуші: Балалардың мерекелік құттықтау тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Айжарық: Тіліңді үйрен күнде сен,
Ол іс емес жай ғана.
Өз тіліңді білмесең,
Білгішпін деп ойлама.

Даниал: Жанымнан да қымбат,
Ана тілім маған.
Ана сөзін тыңдап,
Үлгі, өнеге алам.
Рахман: Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың елдігің.

Айшат: Ана тілім-ардағым,
Білмегенің арға мін.
Құстардағы салады,
Өз тілінде таңғы әнін.

Айзере: Тілің-қымбат қайда да,
Сүйсін тілін әр бала.
Ана тілі жеткізер,
Көк аспанға,ойға да.

Аянбек: Ана тілді құрметте,
Жұртын сүйген ұланым.

Мәулен: Ана тілім – қазақ тілім туған тіл,
Қасиетті тіліміздің бәрін біл.
Ана тілді құрметтеңдер адамдар,
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.

Айару: Ана тілім бал тілім,

Өзің барда шалқыдым.

Өз тілімде ән шырқап,

Термелетіп балқыдым.

Нұрсәт: Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

Айша: Тілім барда мақтанам,

Тілім менің әппақ ән.

Бірлігімді бүгінгі,

Ана тілімсақтаған.

Мұхаммед: Қазақ тілі- қазақтың ана тілі,

Қазақ тілі қазақтың дара тілі.

Жүргізуші: Ана тілім - ерлігім
Ана тілім - елдігім
Ана тілім - болмаса,
Бүтінделмес кемдігім- деп тіл мерекесіне арналған интеллектуалдық сайысымызды бастаймыз.

Интеллектуалдық сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасын сайлап алайық.

Балабақшамыздың директоры Алма Сағындыққызы

Балабақшамыздың әдіскері Ғалия Рахметоллақызы

Адина Сапарқызы

Балабақшамыздың психологы Айгүл Нығметоллақызы

Әділқазылар алдарыңыздағы жұлдызшалар арқылы командаларды бағалап отырасыздар.

Үлкен жұлдызша –өте жақсы

Орташа жұлдызша- жақсы

Кішкентай жұлдызша- төмен.

Командалардың ұпай санын алдарыңыздағы параққа белгілеп отырасыздар.

Интеллектуалдық сайысымыз бес білім саласы бойынша өтеді. Олай болса интеллектуалдық сайысымызды бастаймыз.

Сайысымызды қай топ бірінші бастайды соны анықтайық.

  1. Таныстыру (екі топ өздерін таныстырады)

  2. Кім зерек? (коммуникация саласы бойынша)

  1. «Танимыз, білеміз, айтамыз» (таным саласы бойынша)



  1. Ертегі ғажайып сыр шертеді. (ертегіні рөлдерде ойнау әлеумет саласы)

  2. «Өнерлі өрге жүзеді» (шығармашылық саласы)

  1. Таныстыру

  1. Топтың аты «Білгірлер»

Өсірген ой білімді,

Сүйем туған тілімді.


Топтың аты «Мықтылар»

2.Тілім бойда тұмарым,

Жарық берер шырағым.


  1. Кім зерек? (коммуникация саласы бойынша)

Ән: «Анамның тілі –аяулы үні» орындайтын: Ерболқызы Фариза.

3. «Танимыз, білеміз, айтамыз» (таным саласы бойынша)

Ән: «Ана тілін сүйеміз» орындайтын: Серікболқызы Гүлім.

  1. Ертегі ғажайып сыр шертеді. (ертегіні рөлдерде ойнау әлеумет саласы)

5.«Өнерлі өрге жүзеді» (шығармашылық саласы)


Жүргізуші: Интеллектуалдық сайысымызды қортындылап Қ.Мырзалиев атамыздың «Ана тілің- арың бұл» өлеңін айтып жіберейік.

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

Интеллектуалдық сайысымызды қортындылау үшін сөз кезегін балабақшамыздың директоры Алма Сағындыққызына берейік.

Балаларды марапаттау.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
756
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі