400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ана тілім – шұғыла , шуақ күнім !

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға сыныптан тыс жұмысты үйренуіне көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жарылқасын Отарбаев атындағы орта мектебі


Сыныптан тыс жұмыс


Тақырыбы:

Ана тілім – шұғыла , шуақ күнім !

(Сыныпаралық сайыс)





Күні: 2.11.2012 ж.

Сыныбы: 10-11

Пән мұғалімі: Б.Мырзахмет










2012 – 2013 оқу жылы








1.Мақсаты:

а) білімділік мәні: Оқушылардың Қазақстан Республикасының

мемлекеттік тілі –қазақ тілі туралы түсінігін ,оның

қоғамдық өмірдегі алатын орны, мәртебесі жайлы

ойларын тереңдету,ой-өрісін қалыптастыру.

ә) тәрбиелік мәні: Тіл туралы тағылымдар арқылы оқушылар-

ды адамгершілік қасиеттерге баулу, азаматтық

бейнелерін қалыптастырып, қазақ тілін құрметтеу-

ге баулу, еліміздің елдігін танытатын тілдің қадір-

қасиетін ұғындыра отырып тәрбиелеу.

б) дамытушылық мәні: Оқушылардың қазақ тілінде таза, сауатты

сөйлеуіне, ойын ашық айта білуіне, қиялына,

дүниетанымына ерік бере отырып,таным белсенді-

лігін, шығармашылық қабілетін дамыту.

2.Әдісі: Ой қозғау, баяндау, пікір алмасу, сұрақ-жауап,дәлелдеу.

3.Түрі: Сайыс

4.Көрнекілігі: мультимедиялық көрсетілім

1.Қандай да болсын халықтың әдет-ғұрпын білгің келсе, алдымен оның тілін үйрен.

Пифагор

2.Қазақтардың тілі әуезді де әсем, шебер де шешен, әсіресе сөз сайысына келгенде олардың алғырлығы мен өткірлігі, тауып сөйлейтін тапқырлығы таңғалдырады.

В.В.Радлов

3.Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін – Ұлы.

Ш.Айтмат

4.Біздің көркем тіл қорымыз бай. Мәселе соны дұрыс пайдалана білуде.

Б.Момышұлы

5.Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барамын десе де, ең алдымен,өзінің ана тілін, әдебиетін сүюі шарт. Сол сүюді орта мектеп табалдырығынан аттаған соң да, мамандық беретін жоғары мектепке ауысқанда да асыл қасиетіндей сақтау керек.

М. Әуезов

Б а р ы с ы :

Ана тілі - әке тілі ,баба тілі ,

Бесікте уілдеген бала тілі .

Туған ел үйін тігіп ,ірге тұтқан

Мынау жатқан тау тілі , дала тілі .

Көкшіл теңіз , көл тілі , өзен тілі ,

Қазақтың елдігінің дара тілі .

Махамбет , Мұхтарлардың шешен тілі ,

Пейілі кеңдігінің дана тілі.

Тіл - ұлттың тірегі. Ол жан дүниеңді ашып көрсететін мөлдір айнаң. Тіл қашан да болмасын , мемлекеттің асыл қасиеті , табан тірейтін тұғыр- лы темірқазығы.

Жанымды жадыратқан бала тілім ,

Жыр , ертек жаттаттырған сана тілім.

Жаралып жермен бірге , күн көзімен ,

Жасасқан қазақ тілі – ана тілім.

Жарысқан жыл құсымен үнді тілім ,

Жарасқан дала , малмен сырлы тілім.

Қазақ тілім -өз тілім , ана тілім ,

Абай ,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Шақыратын шыңына мұрат – білім , Ана тілім – шұғыла , шуақ күнім !» тақырыбында өткізілгелі отырған сыныпаралық сайысқа 7-8- сынып оқушылары келіп отыр.Сайысымыздың бағдарламасы алдын-ала екі сыныпқа да берілген.

  • 1.Алғашқы асу.(Таныстыру:атауы, ұраны, мақсаты...)

  • 2.Сырлы сөз (Қазақ әдебиеті классиктерінің поэзиялық, прозалық туындыларынан үзінді жатқа оқу).

  • 3.Терминдер әлемі.

  • 4.Қазақ сөзі....(көрініс).

  • 5.Тіл – тірек.(Ұмытыла бастаған немесе сирек қолданылатын сөздердің мағыналарын табу).

  • 6.Шабыт жұлдызы. (Ұлттық өнер, халық аспаптарында ойнау, ұлттық ән, би орындау.)

Сайысқа түскен сынып оқушыларының таным белсенділіктерін бағалап , қай сыныптың басым болғандығын анықтайтын әділқазылармен таныс болыңыздар:

1_________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2_________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3_________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Cайысымыздың шарты бойынша оқушылардың әр бөлім бойынша бірнеше тапсырманы орындауы ескеріледі. Жауаптың мәнділігі, мазмұндылығы бағалануы тиіс.

Таспа тілер жонынан бар қайғының ,

Ана тілім - алдаспаным , айбыным!

Тіліңменен өрнектеліп өрілер

Салтанатың ,шаттығың мен жай –күйің.

Сөз кезегін 7-сынып оқушыларына береміз. I бөлім «Алғашқы асу». Сайысымыздың

I бөлімі бойынша әр сынып өздерін таныстырады (атауы, ұраны, мақсаты).

Қазақстан тәуелсіздік аңсап келді ,

Телегей теңіз аңсаған мансап келді.

Қазақтың бойтұмары - ана тілін ,

Ту етіп , айғақ етіп жар сап келді.

Иә, ақ найзаның ұшымен , ақ білектің күшімен ұшы-қиырсыз даламызды батыр бабалардың, асыл ерлердің арқасында азаттыққа, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Тәуелсіздіктің арқасында қазағымның асыл арманы асқақ әнге айналды, өзге дербес елдермен тереземіз теңесіп, керегеміз кеңейді, өзіміздің ең қымбат қазынамыз –ана тіліміздің де маңдайындағы жұлдызы жарқырады.

Құт-береке халқыма қайта келдің,

Орындалып армны байтақ елдің.

Тілінен елімнің бір үзік сыр

Айта бергім келеді,айта бергім! II бөлім «Сырлы сөз» (Қазақ әдебиеті классиктерінің поэзиялық, прозалық туындыларынан үзінді жатқа оқу)

Үкілі үміт таймасын,халқым, басыңнан,

Мол бақыт күтем, жас ұрпақ , сенен жасырман.

Басқаны қайдам?!Ұлылық күтем өз басым,

Басталған мынау бәйтерек жаңа ғасырдан!-

аға буын өкілдері ел ертеңі - жастардан ұлы игі істер, тосын жаңалықтарды күтетінін жасырмайды. Ұлы игі істер жасау үшін тіл мәселесін бір жақты етіп алу керек секілді. Біз осы бастан тіліміздің мәртебасі үшін күрессек, келешегіміз кемел болмақ. Сонымен аға ұрпақ сыйлаған бақытты жоғалтпай, тәуелсіз Қазақстанның көркеюіне бар күш-жігерімізді, біліміміз бен санамызды салайық.

Адам баласы өзін қоршаған шындық өмірдің құпияларын ашу барысындағы жетістіктеріне, ашқан жаңалықтарына атау беріп отырады.Ғылым мен техниканың, мәдениеттің үздіксіз дамуы ондай жаңа атаулардың көбеюіне жол ашып отыр.Өркениет негізінде қол жеткізген ғылым дамуының белгілі бір нәтижесінің тіліміздегі көрінісі болып табылатын терминдер қазақ әдебиеттану ғылымы бойынша қазіргі оқулықтарға анықтамаларымен енгізілген. Сайысымыздың III бөлімі «Терминдер әлемі» деп аталады. Терминдер белгілі бір ғылым саласына тән сөздер болғандықтан, біз бұл бөлімде әдебиеттану ғылымы бойынша бірнеше сөздерді алдық.Сол сөздердің анықтамаларын айту.

Ана тілім – аруақ қойған ар тілім,

Тілімменен өркен жаяр қарқыным.

Тілім барда атағы да өшпейді,

Қазақ деген қасиетті халқымның,-

дегендей келесі бөлім I V «Қазақ сөзі» . ( көрініс).

« ... ана тілі қайнаған қанның , қиналған жанның, толғантқан көңілдің,лүпілдеген жүректің сығындысы,онда дәмде, мән де болу керек »

деп Сұлтанмахмұт атамыз айтқандай,күнделікті өзіміз пайдаланып жүрген , кейде әредік қана естілетін сөздердің де түп-тегін, яғни мән-мазмұнын біле бермейміз. Ендеше сайысымыздың

V бөлімі « Тіл – тірек» деп аталады.(Ұмытыла бастаған немесе сирек қолданылатын сөздердің мағыналарын табу).

Өнеріне халқымның бас иемін,

Тыңдап өскен бабалар өсиетін.

Мен қазақтың баласы өнер сүйген

Қадірлеген елімнің қасиетін,-

дей келе, V I бөлім «Шабыт жұлдызы». (Ұлттық өнер, халық аспаптарында ойнау, ұлттық ән, би орындау.)

Әділқазылар ұпайларды есептеп, қай сыныптың жеңіске жеткенін анықтағанша, сайысымызды көріп отырған ұстаздарымызға сөз кезегін береміз...

Бүгінгі сайыста өздерінің ұтқыр ойларымен ерекшеленген ____сынып оқушыларынан құралған _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ тобын жеңістерімен құттықтап, қатысып бақтарын сынаған екі топ мүшелеріне алғысымызды білдіріп, ___________________ топ мүшелеріне жігерлеріңіз жасымасын, алар асуларыңыз көп болсын дегім келеді.

Елім, жерім деп еміренген өршіл ақын Мағжан:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін!-

деп болашаққа, жастарға сенім артқан сөздерімен бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.Назар қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Көрер қызықтарыңыз көп болсын!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 қараша
502
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі