Материалдар / Ана тілім-айбыным! эссе
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ана тілім-айбыным! эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана тілім-айбыным! эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Сәуір 2024
82
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ана тілім - айбыным!

Тіл - әр адамның жан дүниесі мен сезімін сипаттайтын, бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын құралы. Ана тілі - адамзаттың, отанның тірегі, ел тұғыры. Тіл тірі болса халық та,ұлт та тірі.

Әр адам шыр етіп дүниеге келе салысымен, анасынан еститін мейірімі ана тілінде берілетін болғандықтан, сол тіл ол адамға әрқашан ыстық болады. Әлемдегі небір зұлымдықты тоқтататын да жамандықты жақсылыққа айналдырып отыратын да қызыл тілдің құдіреті. Адамның қанымен берілген, ақ сүтімен сіңген, үнімен әлдиленген тілі - ана тілі болып саналады. Әлем тілдерінің мың алуанын білсең де, өзіңе деген құрметің болса - өз тілінді ұмытпайтының анық. Жазба тілі жоқ болған заманда да адамдар ғасырлар бойы әлем тарихын бір-біріне тіл құдіретімен ауызша таратқан. Тіл-ұлт тірегі, болашақтың діңгегі және көненің көзі. Адам өз тілін ұмыта бастағанда генетикасы да өзгере бастайды екен.

Анам төрт тілде еркін сөйлесе де үйде бізге ана тілімізде сөйлейді, және ана тілімізді құрметтеуді үйретті. Қазағымыздың бай тілімен бізге ұлтымыздың ұлылығын, батыр ата-бабаларымыздың ерліктерін, аңыз әңгімелерді айтып отырады. Қазақ екенімізді және қазақ тілінде сөйлей алатынымызды, ата-бабаларымыздың осыншама бай жер мен қоса осындай бай тілді де мұра етіп кеткенін мақтан етіп айтып отырады. Сондай кездерде осындай дана да батыр халықтың ұрпағы екенімізге інім екеуіміздің іштей мақтанышымыз оянады. Ерліктерімен қоса тіліміздің құдіреттілігінің арқасында халқымыздың көп даналығы қазіргі ұрпаққа баға жетпес мұра болып қалды. Мен орыс мектебінде орыс сыныбында оқысам да ауызекі сойлесу кезінде қазақ тілін қолданамын. Әкем мен інім де қазақ тілінде еркін сөйлейді. Мектеп қабырғасында орысша сөйлегенмен, мектептен тысқары жерде мемлекеттік және ана тіліміз - қазақ тілінде сөйлеуге тырысамын. Негізі менің жеке пікірімше, қазақ қазақпен ана тілімізде сөйлескені дұрыс деп санаймын, сонда ғана ұлт болмысы нығая түседі деп кәміл сенемін. Яғни, біз өз тілімізде сөйлегенде іштей бір үлкен әрі шынайы мақтанышпен, анық және байсалды, марқая сөйлесек, тыңдап немесе естіп тұрған адамдардың тілімізге деген құрметі мен қызығушылығы арта түсетініне сенімдімін. Басқа да шетел азаматтарының, өзіміз құрметтеп тұрған, осындай сыйлы тілді үйренуге деген ниеттері оянып, тілімізде сөйлеушілер көбейер еді. Болашақта ана тілімізде ғылыми және әдеби кітаптар жазуға және аудармалауға ат салыссам деген арманым бар. Ақыл мен тіл бірдей дамыса ғана пенде өз тілін құрметтеп қана қоймай, одан әрі дамытып, оның

жер бетінде кең таралуына септігін тигізе алады. Қара сөздің қасиеті мен қызыл тілдің құдіреті шексіз. Адам өз тілін білуге құрметтеуге тиіс. Тілі әлсіреген немесе жойылған елдің ұлт болмысы да, отанға деген махаббаты мен парызы да әлсірейді. Ондай елді соғыссыз-ақ басып алуға болады. Ана тілдің әлсіреуі-ұлттың болашағына қауіпті. Әр саналы азамат пен азаматша ұрпақ тәрбиесінде рухани тәрбиені ана тілінде жүргізсе нұр үстіне нұр болып, ұрпақтың тамырын тереңдетіп, бақытты болашақтың бастауын бекітер еді. Қазіргі балалар-болашақ бабалар. Біздің де ата-бабаларымыз өз бабаларынан қалған тілді бізге мұра етіп, аманаттап кетті. Өз ана тілімізге қиянат жасамай,аманатты абыроймен алып жүру үшін, болашақ ұрпақтың қамы үшін өз тілімізде сөйлеп, дәріптеуіміз қажет.

"Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте" дегендей, өз тілін құрметтемегенді ешкім де құрметтемейді. Басқа ұлттың тілін білсем де өз тілімнің мен үшін орны бөлек. Болашақта тек өз ана тіліміздің дамуына ғана емес елімнің дамуына да зор үлес қосамын деген үміттемін. Ол үшін ең алдымен өз тілімді, ұлтымды жақсы білуге тиіспін, содан соң әлем ғылымдары мен әлем елдерінің тілдерін де білуге тиіспін. Ана тіліміз - ұлтымыздың айбыны, болашағмыздың шамшырағы! Ана тіліміздің дамуына әр қазақ қасықтай болса да үлесін қосса, ұлтымызды әлем танып қана қоймай, ең сыйлы елдердің бірі боларымыз анық еді.

Болашағымыз жарқын, бүгініміз нақты, ана тіліміз мықты болсын деп тілек етемін!



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!