Материалдар / Ана-тілім алтын қазынам
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ана-тілім алтын қазынам

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға ана тілін құрметтеуге,қадір тұтуға баулу
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы: Ана тілім-алтын қазынам

Сабақтың мақсаты : Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.Ана тілімізді көздің қарашығындай сақтап қалу.

1 -жүргізуші:

Сәлеметсіздерме ұстаздар,оқушылар,тіл жанашырлары.Бүгінгі біздің

« Ана тілім-алтын қазынам» атты тілдер күніне арналған мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!

2 жүргізуші :

Адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Олар елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап, жауапкершілікті сезінеді. Өйткені мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды да, ең өзекті мәселе.

1-жүргізуші : Мемлекеттік Ән ұран орындалсын.

2- жүргізуші : Қазіргі таңда ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы орасан зор жұмыстар жүргізілуде.

1989 жылы, 22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КСР - нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді.. 1998 жылы 11 шілде де Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заңы қабылданды. Заңда қазақ тілі - мемлекеттік тіл деп нақты атап көрсетілген.

1- жүргізуші:Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген - түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасірет емес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз - тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік!

2- жүргізуші:

Тілім менің - тірлігім,

Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?

Тіл жайында үгіттейді кімді - кім?

Тілім менің, тілім менің - тірлігім!

Өз тіліңсіз көрсеңде өз күніңді,

Өз тіліңсіз болсаң да асқан білімді,

Өз халқыңа бола алмайсың азамат,

Білмей тұрып туған ана тіліңді.

Әрине, тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам - қаперсіз болған емес. Бүгін де ана тілінің тағдырына алаңдайтын азаматтар баршылық.. Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ түрейік.

1- жүргізуші: Ендеше 6-сынып оқушыларының тіл туралы тақпақтарына кезек берейік.

1 - оқушы: «Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді».

Ғ. Мұстафин.

2 - оқушы: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.» Ғ. Мүсірепов.

3 - оқушы: «Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу - мәдениетсіздік». М. Әуезов.

4 - оқушы: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту». Б. Момышұлы.

5 - оқушы: Жарық көрмей, жатсаң да ұзақ, сен тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырына

Ақ көңілмен тарта аларсың, сен тілім.

2-жүргізуші:

Ана тілін жырлап өткен талайлар

Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар

Қасиетті менің ана тілімде

Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.

Нағыз қазақ, қазақ емес,нағыз қазақ -домбыра демекші кезекті 6-сынып оқушысы-----Амангелдінің---орындауында-----«Ерке сылқым»күйін қабыл алыңыздар!

1 -жүргізуші:

Тілім менің тірегім, дінім менің,

Тілсіз қандай болады күнім менің.

Өз халқыма жетеді өз мәнінде

Өз тілімде оқылса жырым менің

9-сынып оқушыларының тіл туралы өлеңдеріне кезек берейік!

1 - оқушы: Мұхтар Шаханов. «Төрт ана».

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала.

Әр адамда өз анасынан басқа

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері - түп қазығы, айбыны,

Туған тілі - сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт - санасы - тірегі

Және туған тарихы, еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасиетті болса да.

Төрт анаға әнін жолдай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған?

Төрт анасын қорғамаған халықтың

Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.

2-жүргізуші:

Қазағым тіліңменен жана берші.

Әуендетіп, әніме сала берші.

Мәңгі даңқың түспесін - қазақ тілі.

Көкейімде жатталып қала берші.

Би: «Қазағым». 6- сынып оқушысы----Ерке қыздардың----------------орындауында қабыл алыңыз!

1-жүргізуші: «Тіл – ата - баба аманаты. Ғасырдан- ғасырға, ұрпақтан -ұрпаққа ұласқан, бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың ана тілі . Ендеше ата - баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру - мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз.

О, адамдар, қадіріне жетіңдер!

Ана тілің - анаң. Сыйлап өтіңдер!

Туған тілін танымаған көрсоқыр,

Болып өтер ертең мәңгі өкінер.

2-жүргізуші: Қорытындылай келе,. «Олай болса халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін-білім»,-деп жазушы М..Әуезов айтқандай, өркениетке бастар жолдың бастауы-тілімізді жоғалтпайық! Тіл тағдыры -ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық!Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды ұмыту деген екен Бауыржан Момышұлы.Сондықтан да ананың ақ сүтімен бойымызға тараған ана тілімізді ақсатпай мәртебесін көтере білейік!

1-2 жүргізуші:Осымен бүгінгі «Ана тілім-алтын қазынам» атты мерекелік шарамыз өз мәресіне жетті.Қош сау болыңыздар!





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!