Ана тілім-ардағым!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ана тілім-ардағым!

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертеңгілік: Ана тілім- ардағым Балаларды тілін, елін сүюге, туған тілінің құдіретін сезінуге, ұлтын қастерлеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ана тілім – ардағым»

Мақсаты: Балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға, туған тілінің құдіретін сезінуге, ана тілін, ұлтын қастерлеуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметтті ұстаздар бүгінгі «Құлыншақ» мектепке даярлық тобының «Ана тілім - ардағым» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Бүгін біз Қазақстанның тіл мерекесін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын! Балалар, қонақтармен сәлемдесіп алайықшы.

Балалар: Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Қонақтарды көргенде,

Сәлеметсіздер ме, - деп

Сәлемдесіп аламыз.

ҚР гимні орындалсын.

Балалар Тіл – қарым-қатынастың ең жетік құралы. Ол адамдардың өмір сүруіне, жұмыс істеуіне көмектеседі. Тілдің көмегімен ғылым, техника, өнер дамиды. Қазақ тілінде жақсы сөйлесеңдер, өскенде үлкен ғалым боласыңдар! Қазақ халқының бойына сіңген жақсы қасиеті – қонақжайлылығы. Қонаққа Тіл ханшайымы келді.

Т.Х.: Сүйемін туған тілді Анам тілін,

Бесікте жатқаныңда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін, - деп С.Торайғыров айтып кеткендей

өз тілін білген адамның бойында ұлттық, халықтық, елдік қан ойнайды. Т Х Балалар бізде бүгін қандай мереке Б Тіл мерекесі

Т Х біз қай тілде сөйлесеміз? Иә қазақ тілінде сөйлесеміз.

Біздің Ұлтымыздың тілі ол қазақ тілі.

Жүргізуші: онда біздің балаларымыз Ана тілге деген құрметтерін өлең тақпақтарымен жеткізеді.

Асылай: Ана тілің біліп қой

Еркіндігің теңдігің

Ана тілің біліп қой

Мақтанышың ерлігің

Нұрым: Тілің қымбат қайда да

Сүйсін тілін әр бала

Ана тілі жеткізер

Көк аспанға айға да

Алихан: Ана тілім тірегім

Ана тілім жүрегім

Қасиетті елімнің

Тек өзің деп білемін

Амалия: Қымбат маған ана тілім бал тілім

Ақ сүтіңмен бірге бойыма сіңірген

Бағдәулет: Тілім барда мақтанам

Тілім менің аппақ ән

Бірлігімді бүгінгі

Ана тілі сақтаған

Тимур: Жанымнан да қымбат

Ана тілім менің

Ана сөзін тыңдап

Үлгі өнеге аламын

Дидактикалық ойын: «Ұйқасын тап» Мақал-мәтелдер

  1. Ана сүті бой өсіреді – (Ана тілі ой өсіреді)

  2. Тіл адам ойының – ( айнасы )

  3. Тіл тас жарады – ( Тас жармаса бас жарады)

  4. Тіл қылыштан да – (өткір)

  5. Көп сөз – ( бос сөз)

  6. Ойнап сөйлесең де – (ойлап сөйле)

Бой жазу.

Жүргізуші: Тіл Ханшайымынан қонақ кәде сұраймыз. Ертегіні сюжетті суреттер арқылы ұсыну.

Жүргізуші: Ана тілім бал тілім

Өзің барда шалқыдым

Өз тілімде ән шырқап

Термелетіп балқыдым

Балалардың орындауында АНА ТІЛІ әні.

Жүргізуші: Осымен мерекемізді аяқтайық





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.00.2021
474
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі