400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ана тілім-ардағым!

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰСТАЗДАРҒА ҚАЖЕТ МАТЕРИАЛ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ертеңгілік
Тақырыбы: «Ана тілім- ардағым! »
Мақсаты:
1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2.Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Көрнекіліктері: Тақырып жазылған сөз, қанатты сөздер, шарлар, үнтаспа, 20-жылға арналған суреттер.

Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз,
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме! – деп
Сәлемдесіп аламыз.
Қазақстан Республикасының - әнұраны орындалады.
Жүректен жүрекке шеңбері. Тілек айту.

II. Тәрбиеші сөзі:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Бүгінгі даярлық тобының «Ана тілім – ардағым» атты ертеңгілігіне хош келдіңіздер!
«Қазіргі кезгі Қазақстанның шежіресі 1991 жылғы 16 желтоқсаннан басталады. Бұл күні Қазақстан өзін Тәуелсіз егемен мемлекет деп жариялады. Жаңа дәуір 1991 жылдың желтоқсанынан басталды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздіктің сын сағаттарында нар жүгін мойымай көтеретін қажырлы қайраткер, дана саясаткер ретінде елімізді сеніммен алға бастады.

III. Осы 25-жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан қандай жетістіктерге жеткеніне тоқталайық.
1- бала Ардақ
Қазақстан Республикасының президенті
Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы.
2-бала Сабира
Қазақстан Республикасының Туы.
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.
Әнұран
3-бала Налсұр
Қазақстан теңгесі – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы.
Қазақстан Республикасының Президенттің 1993 жылы қараша 15 жарлығы бойынша айналысқа енгізілді.
4-бала Ару
Қазақстан - 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы.
Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы
5-бала Берікжан
Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр.
6-бала Нұрасыл
Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша ұйымның бірінші төрағасы ретінде тарихқа кірді.
7-бала Алишер
Елордамыз – Астана қаласы.
Бүгінгі Астана – Қазақстан тарихи жеңістерінің белгісі.
8-бала Еркежан
Елбасы Жарлығымен 1997 жылдың 11 шілдесінде бекітілген
Тіл туралы Заңның 4-бабында
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі болды.
Тәрбиеші сөзі:
Туған елім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! – деп , ақын Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті.

"Тіл – біздің тұтастығымыз”, "Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс. Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы.
Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отан сүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор.
Тіл – таусылмайтын байлық.

V. Тақпақтар
1-бала
Сүйесің өз тіліңді
Боласың білімді
Өз тілің үйретер
Өнерді ғылымды
Ардақта тіліңді

2-бала
Ана тілім қазақ тілім, туған тілім
Қасиетті тілімнің мәнін біл
Ана тілді құрметтеңдер адамдар
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл!

3-бала
Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған.
Ақыл-ойын дананың
Ана тілден аламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.

4-бала
Қазақ тілім туын биік ұстаған
Қазақ тілім кең далама ұқсаған
Қазақ тілім мәртебелі еңселі
Құрметтеп отыр , бүгін ел сені.

5-бала
Туған тілім – тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сөз ойдағы
Өссе тілім мен де бірге өсемін
Өшсе тіліммен де бірге өшемін.

6-бала
Жанымнан қымбат
Ана тілім маған
Ана сөзден тыңдап
Үлгі өнеге алам

7-бала
Ана тілім – анам,
Аппақ қардай арым
Мұра еткен бабам
Жарқыраған жаным.

8-бала
Тіл сенің
Тірліктегі жан ләззатың!
Тіл сенің -
Ар арманың,
Махаббатың.

9-бала
Ана тілім –елдігім
Ана тілім - ерлігім.
Тілді биік құрметтеп
Тойлап жатыр ел бүгін

10-бала
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім, егер сені білмесем.

11-бала
Ана тілім - тірегім
Ана тілім – жүрегім.
Қасиетті елімнің
Тек өзің деп білемін.

12-бала
Ана тілім, дана тілі, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім
Сенсің менің қасіретім, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.

13-бала
Тілсіз келген білімнің,
Түбі нағыз қиғылық.
Көсегесін тілімнің
Көтеремін ту қылып.

IV. Кәне балалар, сендермен бой жазып қара жорға биін билеп жіберейік.
Би. «Қара жорға»

VI. Ойын «Ұйқасын тап» Мақал-мәтелдер

1. Бас кеспек болса да, ..... (тіл кеспек жоқ)
2. Ана сүті бой өсіреді, (ана тілі ой өсіреді).
3. Тілмен байланған ...( тіспен шешілмес).
4. Тіл тас жарады,... ( тас жармаса бас жарады)
5. Жақсы сөз... (жарым ырыс)
6.Тіл - адам ойының ... (айнасы)
7. Тіл қылыштан... (өткір)
8.Ойнап сөйлесең де... (ойлап сөйле)
10. Тисе терекке, тимесе ... (бұтаққа)
11. Айтылған сөз, ... оқпен тең (атылған)
12. Бал тамған тілден ... тамар (у)
13. Көп сөз - ... (бос сөз)
14. Көп сөз - күміс, аз сөз - ... (алтын)
15. Жеті жұрттың тілін біл,...(жеті түрлі ілім біл)
16.Таза сөйлеу – биік ... (мәдениеттілік)
17. Жақсы байқап сөйлер...(жаман шайқап сөйлер)
18.Көре-көре көсем боларсың...(сөйлей-сөйлей шешен боларсың)

VII. Ән «Ана тілім» Жанерке мен Ару

Жүректен жүрекке шеңбері.
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс!
Бізді жақтап отырған
Сіздерге де мың алғыс!

Осымен «Ана тілім –ардағым» атты ертеңгілігіміз аяқталды
Көп рахмет!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
982
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі