400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ана тілім-жүрегім!

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз тіліне деген құрметті қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ана тілім-жүрегім!

Мақсаты: Ана тіліміздің қадір- қасиетін ұғындыру, туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқандарын оқып үйрену, тіліміздің мәртебесін көтеру,оқушыларды тез ойланып, жауаптарын жүйелі айта білуге,еркін сөйлеуге баулу.

Көрнекілігі: тірек сигналдары, слайд, портреттер, суреттер, жалаушалар, шарлар т.б.

Ұйымдастыру кезеңі:

I.Мұғалім: Ана тілін ардақ тұтар жанашырлар!

«Ана тілім-жүрегім!» атты әдеби- сазды ертеңгілігімізді бастаймыз.

Қайта туды қазағымның ай-күні,

Күннен күнге асар ма екен айбыны?

Жетпіс жылда өтті талай кешуден,

Қатар көріп шаттық, табыс, қайғыны.

Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,

Қажеті не басқаның өлшемінің.

Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,

Енді, міне, жетеді көпке үнім.

Ана тілі-әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен, ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезінуі қажет.

Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге,сендерге жеткізді.

-Балалар, ақындарымыздың тіл туралы өлеңдерін айтайық.


II.Әдеби-монтаж: «Тіл-байлығымыз, тіл-тарихымыз, тіл-мәдениетіміз, тіл-әдебиетіміз» атты әдеби монтаж.

1.Таңдамалы тәтті тіл-Абай тілі,

Ақынға дос,жаныңа тиеді жылы.

Шымырлатып денеңді, сүйсіндіріп,

Шертіледі жүректің нәзік қылы.

2.Қазақ тілім өз тілім,ана тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашаққа бастаған дана тілім.

3.Қазақ тілі,ол менің ана тілім.

Ләззат-қуат, сөйлесем табатыным.

Тізілтіп сөз маржанын жазғанымда,

Білем анық бағымның жанатынын.


III.Ән: Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте,-деп Қ.Мырзалиев аталарың айтқандай, бірнеше тіл білсек те өз ана тілімізді ұмытпауымыз керек. Енді әнге кезек берейік.

Ән :«Ананың тілі-аяулы үні» орындайтын 2 «А» сынып оқушылары М.Калиева, З.Амангелді.


IV. Көрініс: «Сөз қадірі» 4 «А» сынып оқушылары орындайды.

V. Слайдпен жұмыс: (мұғалім әңгімелейді).

VI. Қанатты сөздер:Ұлы ақын-жазушыларымыздың болашақ ұрпақ, яғни сендерге аманаттап кеткен қанатты сөздерін тыңдайық.

3 сынып оқушылары тіл жайында қанатты сөздерді айтады.

VII. Ән: «Көк тудың желбірегені» орындайтын 2 «А»сынып оқушысы Н.Мақсұтбеков.

VIII. Мақал-мәтел: Тамыры суда тұрса да, уақыты жеткенде қурамайтын құрақ жоқ, ал жақсыдан тек сөз қалады,-деп Әйтеке би айтқандай, сөз мәйегі мақал деп, мақал-мәтелге кезек берейік.

Тіл туралы мақалдарды 2-сынып оқушылары айтып береді.


IX. Қорытынды :

Өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байлығы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тіліміз!-деп Елбасымыз айтқандай, отты да ойнақы Ана тілімізді қастерлей білейік.

X. Би :«Қазақ биі» орындайтын 4-сынып оқушылары.

XI. Аяқтау.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
706
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі