400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ана тілім-пір тұтқан кием менің» атты мәнерлеп оқу сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тәрбие сағатының сценарийі жас мамандарға көмек құрал болу үшін қажет деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ана тілім-пір тұтқан кием менің» атты мәнерлеп оқу сайысы



Мақсаты:  Оқушылардың екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, дауысты өлеңнің ой - мазмұнына сай баяу, жігерлі оқу немесе тілек, сұрақ, көңіл күйді көтеріңкі үнде оқи білу машықтарын байқау, бағалау.Оқушылардың өлеңді мәнерлеп оқу дағдысын  қалаптастыру. 
Міндеті: Оқушылар өлеңді талапқа сай мәнерлеп жатқа көркем түрде оқулары 
тиіс. 
Көрнекіліктер: музыка,шарлар. 
Барысы: 

I - жүргізуші:
Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

II - жүргізуші:
Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
«Ана тілім-пір тұтқан кием менің»  мәнерлеп оқу сайысын қош келдіңіздер!


І – жүргізуші:
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ - ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың.

ІІ – жүргізуші:
Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің.
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді міне жетеді көпке үнім - дей келе, мәнерлеп оқу сайысына қатысушыларды таныстыра кетейік.


І – жүргізуші:Ең алдымен сайысымызды бастамас бұрын әділ - қазылар алқасымен таныстырайын:_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
ІІ – жүргізуші:

Өзгеге көңілім, тоярсың
Өлеңді қайтып қоясын.
Сені айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың .- деп ұлы ақынымыз Абай атамыз айтқандай өлеңге кезек беріледі. Кез келген бір ақынның өлеңінен үзінді оқып беру.

5-сынып оқушыларын сахна төріне шақырамыз:

  1. «А» сынып

1.Төлеу Инабат

5 «Ә» сынып

  1. Абдилдина Аяулым

  2. Оразалина Арна

  3. Бейсенбай Гүлайым

5 «Б» сынып

  1. Асхатқызы Мадина

Қайта туды қазағымның ай – күні,
Күннен – күнге асар ма екен айбыны?
Жетпіс жылда өтті талай кешуден,
Қатар көріп шаттық, табыс, қайғыны.

6-сынып оқушыларын сахна төріне шақырамыз:

6 «А» сынып

  1. Молдасейіт Венера

  2. Айтбай Зейнеп

  3. Жұматай Әсем

  4. Есқали Нұрай

  5. Ботабай Аружан

  6. Қызбелбай Райымбек (өз өлеңі)

6 «Ә» сынып

  1. Елікбай Айым

  2. Шубай Жанель

6 «Б» сынып

  1. Аубакиров Арсен

ІІ жүргізуші: 

Туған тілім қазынам, алтын кенім,
Жаңа алыпқа өзіңді алып келдім.
Қош келдің туған өлке, бесігіңе,
Қасиетті бабамның тілі менің.



Дұшпандардың талайын қызыл тілмен,
Қылыштай сүйектерден тілімдедің.
Өтсе де талай ғасыр, қилы заман,
Қасиетті тілім менің бүлінбедің.


7-сынып оқушыларын сахна төріне шақырамыз:

7 «А» сынып

  1. Тұрғынова Аида

  2. Ерманова Гүлнұр

  3. Сейтжан Аружан

7 «Ә»

  1. Есқали Гүлімжан

  2. Өмірханова Гүлден

  3. Бекенова Аружан

І жүргізуші: 

Туған тілім - бабам тілі - өз тілім
Туған тілім – анам тілі - өз тілім.
Туған тілім - далам тілі - өз тілім
Туған тілім - адам тілі - өз тілім.


Ана тілім туған тілім, бал тілім,
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім,
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.

ІІ жүргізуші: 

Ана тілі – біздің туған анамыз!
Анамыздай сыйлап, бағып - қағамыз.
Ана тілін бағаласақ, қалай біз
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
“Анасынан безген ұл!” – деп қараңыз- дей отырып,мәнерлеп оқу сайысын аяқтаймыз.Көңіл қойып тыңдағандарығызға көп-көп рақмет!






Мұғалімнің сабағына өзіндік талдауы
«Мәңгілік ел-мәртебелі тіл» онкүндік аясында «Ана тілім-пір тұтқан кием менің» тақырыбында 5-7 сыныптар аралығында мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Сайыстың мақсаты: Оқушылардың екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, дауысты өлеңнің ой - мазмұнына сай баяу, жігерлі оқу немесе тілек, сұрақ, көңіл күйді көтеріңкі үнде оқи білу машықтарын байқау, бағалау.Оқушылардың өлеңді мәнерлеп оқу дағдысын  қалаптастыру. 

Міндеті: Оқушылар өлеңді талапқа сай мәнерлеп жатқа көркем түрде оқулары 
тиіс. 
«Мәңгілік ел-мәртебелі тіл» онкүндік аясында «Ана тілім-пір тұтқан кием менің» тақырыбында 5-7 сыныптар аралығында мәнерлеп оқу сайысында оқушылар кез-келген ақынның өлеңін нақышына келтіріп мәнерлеп оқыды.Негізінен оқушылардың өлеңді оқу мәнері,дауыс ырғағы,талапқа сай мәнерлеп оқу дағдысы,екпінді дұрыс қоя білу,машықтарын байқау көзделген болатын.Сайыс қорытындысын анықтай келе әділқазылар алқасы мынадай шешім қабылдады.

Бас жүлдені 5 «Ә» сынып оқушысы Аблдина Аяулым жеңіп алды.Ал,бірінші орындарды 5 «Ә» сынып оқушысы Есенбай Гүлайым және 6 «Ә» сынып оқушысы Шубай Жанель иеленді.Екінші орындарды 6 «А» сынып оқушысы Қызбелбай Райымбек өз өлеңін нақышына келтіріп,мәнерлеп оқып жеңіп алса,6 «Ә» сынып оқушысы Елікбай Айымда екінші орынды иеленді.Ал, үшінші орынды 6 «А» сынып оқушысы Молдасейіт Венера мен 7 «Ә» сынып оқушысы есқали Гүлімжан иеленді.Жалпы оқушылар сайысқа жақсы дайындалып келгендері байқалады.Алдағы уақытта осындай мәнерлеп оқу сайыстары жейірек болып тұрса,оқушылардың да қызығушылықтары артады деген сенім білдіремін.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
633
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі