Ана
тілін құрметтеу - ұранымыз, тарихы мықты
елдің – ұланымыз!
(дөңгелек
үстел)
Мақсаты:
Оқушыларға ана тілінің және мемлекеттік
тілдің маңызы туралы түсінік беру
Қазақ
халқының тарихы мен қазіргі аренада
алатын орнын ашып көрету
Қазақ
елінің болашақтағы даму басымдықтарын
айқындау
1-жүргізуші.
Салеметсіздер ме, құрметті ұстаздар
мен оқушылар
2-жүргізуші.
Қайырлы күн қадірлі қонақтар , бүгінгі
«Ана тілін құрметтеу - ұранымыз, тарихы
мықты елдің – ұланымыз!» дөңгелек
үстеліне қош келіпсіздер.
1-жүргізуші.
Келе
жатқан мәңгіден дара салтым
Мақтанышым,
елдігім, парасатым
Сенсіз
тілім, теңі жоқ тіршілігім
Өміріме
өң беріп жарасатын
2-жүргізуші.
Тарихы
бар дастанымдай ерліктің
Дәстүрі
бар үлгісіндей елдіктің
Қазақстан
– алтын бесік Отаным
Ұлы
ордасы татулық пен теңдіктің
Ән:
«Жаса
Қазағым»
1-жүргізуші.
Тілден
өткен інжуді іздемеген
Көрмеген
ел қаймығып түзде неден
Бас
кеспек болғанымен, тіл кеспек жоқ
Тірлігімнен
тілімді үзбе деген
1
сауал.
«Үш тұғырлы саясаты - тіл қазақ тілінің
мәртебесін түсіре ме?
2-жүргізуші.
Ата
бабам жанын күйіп қорғаған
Тәңір
қорғап бақ береке орнаған
Қазақстан
– тәуелсіз ел сен бүгін,
Ақ
тілегін болашаққа арнаған
Видео
«Патриот бұл?» 1,50 минут
2
сауал.
«Патриот дегеніміз кім, қазіргі таңда
патриотизм неге төмендеп жатыр?»
1-жүргізуші.
Мен
қазақпын мың өліп мың тірілген
Жөргегімде
таныстым мұң тіліммен
Жылағанда
жүрегім күн тұтылып
Қуанғанда
күлкімнен түн түрілген
Оқушылардың
өз шығармашылық өлеңдері Туған жер,
Атамекен, Отан, Тіл туралы өлеңдер оқу
2-жүргізуші.
Тілім
менің сарқылмас қазынасың
Бір
сенімен болмыстың назы басым
Көне
тарих сөйлейді өзің болып
Жыр
– ғұмыр боп бүгінде жазыласың
3
сауал.
«Еліміздің әлем тарихындағы алар орны
мен қазақ тілінің болашағы» туралы
пікірімізді ортаға салсақ
1-жүргізуші.
Ұлылардың
ұрпағымыз кешегі
Ой
қалдырған, сөз қалдырған еселі
«Кім
көп біледі?» сайысына қатысып
Жалғасы
мен жауабын кім шешеді?
Көрермендерге
қазақ тарихы мен тіл туралы өзгерістерден
бірнеше сұрақтар қойылады
2-жүргізуші.
Елбасымыз
Н.Ә,Назарбаев «Өз тарихын білмеген
халық, өзін де сыйламайды» деген.
Сондықтан әр қайсымыз өз еліміздің
тарихы мен тілін әрқашанда жадымызда
сақтап, мәңгі етейік.
1-жүргізуші.
Көк
аспан түсіндей желбіреп байрағы
Бір
мақсат, бір мүдде алдына қойғаны
Көк
түрік Отаны бүгінгі қазақтың
Тәуелсіз
мәңгілік ел болу арманы – дей келе
бүгінгі «Ана тілін құрметтеу - ұранымыз,
тарихы мықты елдің – ұланымыз!» дөңгелек
үстелімізді аяқтаймыз.
2-жүргізуші.
Келесі кездескенше сау саламатта
болыңыздар, келгендеріңізге рахмет!