400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Ана тілінді құрметте

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушцылар мен педагог керекті көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы: Ана тіліңді құрметте.

Сабақтың мақсаты: Білім алушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Білім алушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
Жаңа ақпарат

Қазақ тілдің көрсеткішін көтеру үшін әр қайсымыз ана тілімізде сөйлеп, ана тілінде қарым-қатынас жасауымыз керек. БАҚ құралдары мен қоғамдық орындағы іс-шаралар қазақ тілінде өтер болса, тілімізге сұраныс арта береді. Қазір өзге ұлт өкілі түгіл, қазақтардың өзі ана тілін керексіз етіп отырғаны жасырын емес. Тіл түзелмей, қоғам түзелмейді; мемлекеттің де, ұлттың да болашағы күңгірттене береді. Сондықтан да еліміздің қоғамдық-рухани өмірінде ұлттық тіл саясатын барынша батыл қолға алып, қарқынды жүргізу үшін мемлекеттік қызметкерлердің де ролі орасан зор. Мемлекеттік тілдегі істердің санын көбейтіп, сапасын арттыру, мемлекеттік тілде сот ісін жүргізу, мемлекеттік тілді қолдану аясы жөніндегі мәселелерді қолға алып, жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік тілге байланысты сот тарапынан жүргізіліп жатқан ауқымды іс-шаралар көп, бірақ сотқа келіп түсетін қылмыстық істер саны әлі де аз. Сот қызметкерлеріне Қарағанды облыстық сотының тарапынан мемлекеттік тілді тегін оқуға және дәрістер алуына мүмкіншілік жасады, сонымен қатар кітапхана ашылып, қалаған қазақша кітаптарын алып оқуға рұқсат берілді. Шығыс құжаттар мемлекеттік тілде рәсімделініп, жолданатын болды. Тілге деген құрметті міне өзімізден бастасақ, болашақ өскелең ұрпаққа тілімізді аманат етіп ұялмай қалдырар едік. Болашақ əркімді де толғандыратыны рас.Сол болашақтың тірегі кім?Əрине,жас қанатты жастар.Жас ұрпақ болашақтың тірегі,елінің сенімі отаның өркендетуші,күллі жұрттың ертеңі.Жаңа буындарға сенім артып өлең жазып,қалам сілтемеген ақындар кемде кем шығар. Ш. Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңінде Абайды жастарға үлгі еткісі келіп, осы өлеңі арқылы жастарды жаман мінезден аулық болуға адами сезімді қастерлеуге,сүйіспеншілік пен ішкі рухани тазалықты ана тілін сүюге үйретеді,Абайдың өзінің өсиеттерінің бірінде: «жақсылық пен жамандықты,əділдік пен қиянат туралы білгіңіз келсе,Абайды оқыңыз»- деген екен. Осы ұлы ғұлама ғалымның өсиетін жадына ұстап, бойына қарап бой түзейтін, ісіне қарап ой түзейтін, ана тілін құрметтейтін жастарымыз көп болса екен.

Көрнекіліктер: Слайдтар, немесе тақырып бойынша суреттер
Тіл – әрбір ұлттың заңы сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл.

1. Мақал сөздің – мәйегі.
2. Сөз тапқанға қолқа жоқ.
3. Өлең – сөздің патшасы.
5. Ана тілім – асыл қазынам.
Ана тілім, дана тілім бақытым
Қазақ тілін білу менің парызым.
Тілім менің ұмытылмас тірлігім,
Кім біледі тіліміздің тағдырын.

Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде.
Сен болмасаң болар ертең күнім не?
Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен.
Қазақ болып қалу үшін түбінде.

Қазақ тілім бас иемін мен саған
Тілге деген болу керек кең талғам.
Мемлекеттік тілімізді сыйласақ,
Қазақ тілі біздер үшін жаралған.
Тіліміздің тарихы бар қол жетпес,
Айтсаң оның тарихына сөз жетпес,– демекші Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі өте бай әрі көркем. Ана тілін құрметтеген адам Отанын да сүйеді.

Мақал-мәтелдер:
1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).
2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).
3. Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады).
4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).
5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ).
6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
7. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің қолы ортақ).
8. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар).
9. Бас кеспек болса да, ... (тілкеспек жоқ).
10. Айтылған сөз, атылған ... (оқпен тең).
2-топ 
1. Бал тамған тілден ... (у тамған).
2. Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар).
3. Жақсы сөз ... (жарым ырыс).
4. Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер).
5. Тіл қылыштан ... (өткір).
6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді).
7. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінді).
8. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ... (шешен боларсың).
9. Тілден артық ... (қазына жоқ).
10. Сүңгі жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес).
Қорытынды. Білім алушыларды

Қорытынды. Қазақ тілі-біздің ана сүтімен бойымызға дарыған-
ана тіліміз.Қадыр Мырза Әли ағамыз айтқандай;
Ана тілі-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте-дегендей ,өз тілімізде сауатты жазып,сөйлей
білейік,тіл тазалығын сақтап,қадірлей білейік .

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
644
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі