Сабақтың
тақырыбы: Ана тілің - арың бұл.
Сабақтың мақсаты: Ана тілдің қадір қасиетін
оқушыларға
ұғындыру. Тілге деген сүйіспеншілігін, құрметін
арттыру. Өз Отанын туған жерін, туған тілін
құрметтеуге, аялауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Қабырға газеті, нақыл сөздер, шарлар,
суреттер .
Сабақтың барысы:
Kipicпe бөлім.
— Балалар, біздің Отанымыз Отан анамыз
Қазақстан Республикасы.
Қазақстан Республикасының Гимні
Heгізгi бөлім.
Балалар, біздің тіліміз — ананың ақ сүтімен бойға
сіңген асыл қазынамыз. Өз атамекенімізде жүргендіктен, өз
тілімізде сөйлеу-басты парызымыз. Қазак тілінің құдіреттілігі
— оның орындылығында, орасан зор
байлығында.
«Қазак, болып туғаннан соң бөбегім, Қазақ
болып өлген жақсы түбінде», — деген ақын сөзінен қуат
ала отырып, бабаларымыздан жол тартқан асыл
мұраны сақтап өркеңдете берейік.
Ана
тілі — асыл нәрі бабамның,
Қуатымсың ақ сүтіндей
анамның.
Сәби шақтан бесігімде жыр
тыңдап,
Туған тілді туып өскен баламын.
Ән. «Ананың тілі — аяулы үні»
хор.
Балалар, біз бүгінгі сабақта өзіміздің оқып
үйренгендерімізді ортаға саламыз. Сендерді орталықтарға бөліп
тапсырмалар берген болатынмын. Әр топ өздерінің дайындаған
тапсырмаларын ортаға салады.
-
Әдебиет орталығы.
1- оқушы:
Қуан далам! Қуанатын күн бүгін!
Cepпiп таста, Мұңды жүрек
түндігін
Tiл
туралы заңым енді күшіне
Паш
еткендей, Кескен жаңа кіндігін.
2 — оқушы: Қуан бабам! Қуанатын жөнің
бар.
Деген едің, Тіл бар жерде өмір
бар.
Халық жауы атандың — ау сол
үшін.
Ғұмырыңда, Құрбан eтіп жолыңда
ар.
3 — оқушы: Қуан анам! Ұзағынан
сүйініп.
Сәтің де көп, Кеткен кейде
түңіліп.
Ак,
сүтіңнен, Бойга біткен тіліңді
Піp
тұтамын, Мен алдыңда иіліп.
Барлығы бастарын иеді.
4 — оқушы: Мейлі шарлап теңіз өттім, тау
бастым,
Мейлі көктің ак бұлтына
жармастым.
Сонда — дағы сені қалмассың
көкейден,
Сонда — дағы ceнi ұмыта
алмаспын.
Бар
қазақтың орман, көлі, өзені,
Тау
қиясы, жалпақ жазық, кезеңі.
Сайрап сөйлеп тұрган жоқ па
қазақша,
Қалай тозар сендік асыл сөз
енді.
5 — оқушы: Туған тілім тірлігімнің
айғағы,
Тілің барда айтылар сыр
ойдағы.
Өссе тілім мен де бipгe өсемін,
Өшсе тілім мен де бipre өшемін.
Тілсіз хайуан бишара,
Бишараға не шара.
6 — оқушы: Сарыарқадай даласы бар, Астанадай
каласы бар.
Жайнап тұрған бip — Гүлстан, Туған жерім —
Қазақстан!
Үйінен қонақ арылмайтын, Жок, нәрсеге
тарылмайтын.
Дарқан мінез кең пейілді, Туған елім — Қазақ
елі.
Бабалардан бұрынғы өткен, Аманат боп бізгe
жеткен,
Ұмытылмас ешқашанда, Туған тілім — Қазақ
тілі.
Бақыттымын бар әлемде, Yш туған бар бip
өзімде.
Мақтанамын, шаттанамын, Жар саламын бар
әлемге.
-
Шығармашылық орталығы.
Қане, балалар үйде жазып келген шығармаларыңды
ортаға салыңдар.
-
Өнер орталығы.
-
«Отаным» өлеңін айтқызу.
-
Ғылым орталығы.
Ана
тілін білу, үйренудің қажеттілігі, маңызы жайлы ұлы адамдардың
нақыл сөздеріне тоқталайық.
-
Өзіңе сенбе, жас ойшыл, Тіл өнepi дертпен тең.
(Абай Құнанбаев)
-
Әр
халықтың ана тілі — білімнің кілті.
-
Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді
мәдениетті болсын.
(Ахмет Жұбанов)
-
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді
ұмыту — бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.
(Бауыржан Момышұлы)
-
Әдебиет орталығы.
Балалар ана тілі туралы қандай мақал –
мәтелдер білесіңдер?
-
Жақсы байқап сөйлер, Жаман шайқап
сөйлер,
-
Біреудің көзі әдемі, Біреудің cөзi
әдемі.
-
Білгеніңді сөйлеп қал, Білгендерден ғибрат
ал.
-
Үлгілі сөз білмеген, Надандықтың
белгісі
-
Жүзден бipey шешен, Мыңнан бipey
көсем.
-
Қызыл тілдің қадірін, Тоқтағанда
білесің.
-
Өтipiк сөз өрге баспас,
-
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле
-
Өнер алды – қызыл тіл.
-
Шебердің қолы ортақ, Шешеннің тілі
ортақ.
-
«Өнер» орталығы.
Kөpiніc. «Ана – тілің арың бұл»
-
Шығармашылық орталығы.
Оқушылар өздерінің шығарған өлеңдерін оқып
береді
7- оқушы: Бесікте жатқанымнан, Ана тілін
үйрендім.
Сол
арқылы бой жазып, Азамат боп өсіппін.
8 — оқушы: Ана тілім менің, Асыл қазынам
менің.
Ана
тілім менің, Шырқар әнім менің.
Құрметтеймін ceнi, Анамдай
сыйлап.
Аялаймын сені, Өcipген
гүлімдей.
9 — оқушы: Ана тілін үйреніп, Оқып білiм
аламын.
Ана
тілім айбыным, Ана тілім ай күнім.
10 — оқушы: Ана
тілім дана тілім, Қазақ тілім бал тілім.
Құрмет тұтып ceнi мен, Аялаймын
әрқашан.
-
Өнер орталығы.
Ән «Түркістан».
Би «Шаттық» биі.
-
Ғылым орталығы.
Ал,
балалар, ғылым орталығына қорытынды сөзді
берейік.
Қазақ тілі — мемлекеттік тіл. Сондықтан
қазақ тілін құрметтейік.
Өзге тілдің — бәрін білсең де, Өз тіліңді
құрметте.
Бiз, оқушылар, өз ана тілімізді байытып, оны өзге
ұлт өкілдеріне үлгі етуіміз керек.
Қазақ тілі – ұлттың жаны, Қаны деп
ойлаймын!
-
Балалар, ана тіліміз үшін күрес — болашақ ұрпақ
үшін, халық үшін күрес дегім келеді
-
Ерлік пен елдікті мұра тұтқандар саған қол
көтермек емес.
-
Жылдар, ғасырлар мен замандардың ұйытқып соққан
желі сенің іргетасыңды ешқашан шайқалтпайды.
-
Жасай бер, бостандық, махаббат пен достық тілі —
қазақ тілі.